44
қорытындысын жасауда, тікелей байланыс қадағаланбайды: көрсетілген факт
жеке талдау қажет болатын әртүрлі себептердің салдары болуы мүмкін.
Мысалы, балаға «
Бұл ағаш неге қурап қалған?
» дегеннен гөрі, «
Егер өсімдікке
су құймаса, не болады?
» дегенді түсіну оңай.
В.В.Давыдовтың зерттеулері бастауыш сыныптарда когнитивті метапәндік
біліктер топтарының құрамдасы болып табылатын
теориялық ойлаудың
элементтерінің қалыптасу мүмкіндігін дәлелдейді. Кіші мектеп жасында
теориялық ойлаудың меңгерілген тәсілдері ретінде біліктерді қалыптастыру
эмпирикалық негізде жүреді. Теориялық ойлауға келесі қасиеттердің
жиынтығы тән болады: рефлексия; тапсырманың мазмұнын оны шешудің
жалпы тәсілін, әрекеттің ішкі жоспарын бөліп көрсете отырып талдау.
Эмпирикалық ойлау қоршаған әлемнің заттары мен құбылыстарының сыртқы
ұқсас, жалпы белгілерін «Сынақтар мен қателер»
әдісімен салыстыру арқылы
жүзеге асырылады [19,б. 22-32].
Бұрын атап өтілгендей, бастауыш сынып оқушылары оқыту үдерісінде
ғылыми ұғымдар жүйесін меңгереді, мұны оқушыларда ұғымдық немесе
теориялық ойлаудың негізгі тәсілдерінің дамуы көрсетеді. Оқушыларға
объектілердің сыртқы, көрнекі белгілері мен байланыстарына емес, ішкі
маңызды қасиеттері мен қатынастарына бағдарлана отырып,
тапсырманы
шешуге мүмкіндік беретін біліктер қалыптасады.
Дж.Варгас кіші мектеп жасында еріктілік және қиялдың дамуы жүретінін
атап көрсетеді, бұл өз кезегінде басқа жаңа құрылымдардың қалыптасуына
немесе құрылуына ықпал етеді. Балалар объектінің мазмұнды талдауын
меңгереді, тапсырманың маңызды қатынастарын анықтауға қабілетті болады,
рефлексиялауға қабілетті – оқушының әрекет тәсіліне қаратылу қабілеті,
жоспарлау операциясын меңгереді,
мақсаттар қояды, әрекеттерді құрады,
нәтижені болжайды, оңтайлы шешімді іздеуді және таңдауды жүзеге асырады.
Барлық аталған жаңа құрылымдар балалардың жағдай контексінің тұтастығын
көру қабілетіне және жоғары ситуативті позицияны сақтау қабілетіне
негізделеді [138].
Бастауыш сынып оқушыларының сыни ойлауы мүмкін қателерді табу
қабілетінде көрінеді; таным объектісіндегі жағымды және жағымсыз жақтарды
көру, содан кейін фактілерге негізделген пайымдаудан субъективті алынған
бағалаушы пайымдауды ажырату және анықталған қателерді дәлелдеу білігінде
көрінеді. Осылайша, В.В.Давыдовтың [19,б. 22-32], Л.С.Выготскийдің [113],
Л.Ф.Обухованың [136] және басқалардың еңбектеріндегі балалар ойлауының,
жас даму психологиясының психологиялық-педагогикалық
зерттеулерін
талдау,
Достарыңызбен бөлісу: