66
ғалымдарға белгілі болса, ертең оқулықтарға кіреді, одан әрі
халық арасына тарап, олардың қарым-қатынасына қызмет ете
бастайды.
Ш.Біләловтің
көрсетуінше,
ғылыми-көпшілік
әдебиеттер тілі жалпы тіл айналымының оқулық тілінен кейінгі
сатысында орналасқан, ғылым тілін жалпы халықтық тілмен
байланыстыратын соңғы буын. Ғылыми-көпшілік шығармалар
тілінің оқулық тілінен айырмашылығы оның бірсатылығында.
Яғни оқулық тілі көпсатылы болып келеді де, ғылыми-көпшілік
тіл өз оқушыларын білім деңгейіне қарап бөлместен, біртұтас
деп қарастырады. Осыдан келіп ерекше, бірнысанды тіл
қалыптасады. Оның басты ерекшелігі ғылым тілін барынша
жеңілдетуінде. Сонымен, таза ғылыми еңбектер белгілі бір
ғылым саласындағы зерттеулер нәтижесінде жазылатын болса,
ғылыми оқулықтар ғылым негіздерін оқытуға арналған.
Ғылыми-көпшілік әдебиет ғылымның әр саласынан түсінік
береді. Кейбір ғылым қайраткерлерінің өмірі, ашқан
жаңалықтары, саяхатшылардың көрген-білгендері де ғылыми-
көпшілік әдебиетке негіз болады. Ғылымның негізін танытатын
кітаптар мен кейбір публицистикалық туындыларды да осы
салаға жатқызуға болады. Бұндай ғылыми-көпшілік шығармалар
мен кітапшалар көпшілік оқырман қауымға арналады. Демек,
ғылыми-көпшілік тіл – ғылымды, ғылым жаңалықтарын
көпшілікке түсіндіретін тіл [35, 97].
Достарыңызбен бөлісу: