73
ХХ
ғасырдың
70-жылдарынан
бастап
зерттелген
публицистикалық стиль проблемасында ақпаратты жеткізу
функциясы бірінше орынға қойылады. Бұл сол кезеңге тән заңды
сипат деп есептейміз. Өйткені сол кезеңдерде мерзімді баспасөз
тілі саяси идеологияның пәрменді құралы болды да, барлық
тілдік құралдар ақпаратты стандартты түрде жеткізуге
бағытталды. Әсер ету функциясы да жүріп отырды, бірақ екінші
қатарда болды, тіпті кейбір ғалымдар әсер ету функциясын
есепке
алмады.
Қазіргі
кезеңде
қоғамдық-әлеуметтік
өзгерістерге
байланысты
мерзімді
баспасөз
тілінің
(публицистикалық стиль үлгілерінің) функцияларының дәрежесі
өзгерді: алдыңғы қатарға әсер ету функциясы шықты немесе
ақпарат беру және әсер ету функциялары тең қатарда.
Қазақ мерзімді баспасөзінің тілі мен стилі стандартты
болды. Р.Барлыбаевтың көрсетуінше, ХХ ғасырдың 60-
жылдарындағы қазақ газеттері тілінің негізгі құрамы қоғамдық-
саяси лексика болып табылады [37, 12].
Демек, көрсетілген
дәуірде қоғамдық-саяси лексика газет тілінің негізі болып
саналғанын көреміз.
Қазіргі кезеңдегі қазақ баспасөзінде жағымды бағалауыш,
жағымсыз бағалауыш, модаль бағалауыш лексика қоғамдық-
саяси лексикаға қарағанда басым болып келеді. Ғалым
Б.Момынованың
пікірінше,
қазіргі
баспасөзде
«элита
лексикасы», «көсемсөздер лексикасы» деген қабаттар бар.
Баспасөз тілінде осындай жаңа лексикалық қабаттың болуы біз
жоғарыда атап көрсеткен әсер ету функциясы дәрежесінің
жоғарылай түскендігіне байланысты [36, 19].
Достарыңызбен бөлісу: