Бақылау сұрақтары:
1. Публицистикалық стильдің жазбаша және ауызша
түрлерін атаңыз.
2. Шешендік сөз мәдениеті. Шешендік сөздің тектері мен
түрлеріне не жатады?
3. Публицистикалық стильдің лингвистикалық және
экстралингвистикалық белгілері дегеніміз не?
4. Публицистикалық стильдің шағын түрлерін атаңыз.
5. Фразеологиялық синонимдер мен варианттар.
6. Публицистикалық стильдің морфологиялық және
синтаксистік ерекшеліктеріне не жатады?
КӨРКЕМ ӘДЕБИЕТ ТІЛІ
1.
Көркем әдебиет тілінің өзіндік ерекшелігі
2.
Көркем әдебиет тілінің әдеби тілдің функционалдық
стильдері жүйесіндегі орны, ол туралы көзқарастар
3.
Көркем әдебиет стилистикасы мен тіл стилистикасы
Белгілі бір ұлт тілінде көркем әдебиеттің алатын орны
ерекше. Көркем әдебиет халық тілінің қалыптасып, дамуында
аса зор қызмет атқарады. Қазақ тілінің бүгінгі дәрежеге жетуіне
көркем сөз шеберлерінің елеулі рөл атқарғанын ешкім теріске
шығара алмайды. Оның эстетикалық қызметі, бір жағынан,
көркем әдебиет тілінің даралығын көрсетсе, екінші жағынан, сол
стильдер жүйесінде жетекші орынға ие екендігін дәлелдейді. Тіл
байлығының өзі-ақ, зерттеушілердің айтуынша, көркем шығарма
стилінің бірден-бір айырмашылығын танытады. Академик
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
79
Л.В.Щерба көркем әдебиетте жарыспалы тілдік құралдардың
барынша мол болатындығын ескере келіп, жарыспалы тілдік
құралдар әдеби тіл басын біріктіретін ауызекі сөйлеу тілінің,
әлеуметтік тілдің, тіпті географиялық диалектілердің өмірдің сан
алуан түрлерін суреттеу үшін қажеттігін ескерткен болатын.
Көркем әдебиет стилі адам мен қоғамның және табиғаттың
тіршілігін көркем сөз негізінде ой мен сезімді көркем кейіпкер,
образдар арқылы бейнелейді. Соған лайықты сөздер, сөз тіркесі
және синтаксистік оралымдар пайдаланылады. Көркем әдебиет
стиліне көркем әдебиеттің поэзиялық, прозалық және драмалық
жанрларының барлығы жатады. Бұл стильге қатысты
жазбалардың қамтитын тақырыптары мен көлемі алуан түрлі
болып келеді де, көркемдегіш құралдардың, әдіс-тәсілдердің
барлығы да қолданылады. Сөз арқылы автор көркем образ
жасайды, баяндайды, суреттейді. Сондықтан көркем шығарма
тілі экспрессивті, эмоционалды және образды болып келеді.
Көркем әдебиет стилі басқа стильдерде кездесетін сөздер мен
формаларды өзгеше құбылтып, өз мақсатына лайықты
қолданады. Көркем шығармада сөздерді түрлі ауыс мағынада
қолдану жиі ұшырасады. Көркем әдебиет стилінің көркемдегіш
құралдарын – градация, перифраз, қайталау, инверсия, антитеза,
т.б. – еркін пайдаланады. Кәсіби сөздер, архаизм, историзмдер
қолданылады, олар кейде кейіпкердің ерекшеліктерін, ортасын,
білімін, мінезін, т.б. жайын аша түседі.
Көркем әдебиет стилі – ұлттық қалыптасу дәуіріндегі қазақ
әдеби тілінің ең қарымды саласы. Ол жазба әдеби тілдің
халықтық негізде /бұрыннан келе жатқан ауызша әдеби тіл мен
халықтық сөйлеу тілі негізінде/ қалыптасып дамуында шешуші
рөл атқарды.
Ұлт тілінде көркем әдебиет тілінің алатын орны ерекше.
Көркем әдебиет тілінде сол ұлт тілінің барлық байлығы еркін
қолданылады. Көркем әдебиет стиліндегі шығармаларды тарихи
шығармалар, эпопея, романдар, фантастикалық шығармалар,
сатиралық туындылар, эсселер деген бөлініске бөлудің өзі
стильдің көркемдік жағын тануда күрделі талдауды қажет
ететіндігін танытады.
Қазақ тіл білімінде көркем әдебиет стилистикасы мен
көркем шығарманың тілі туралы алғашқы ғылыми-теориялық
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
80
тұжырым айтқан ғалымдардың бірі – М.Балақаев екені белгілі.
Ғалым: «Жеке жазушының тіл өрнегінің толып жатқан бояу-
бедері, өзіндік өсу, жетілу жолдары болады. Көркем әдебиет
тілінің нәзіктігі көп жағдайда жазушының белгілі бір сөздері
«мағыналық топқа кіру», яғни сөздерді өзара мағыналық
байланысқа түсіру шеберлігімен байланысты», – деп жазады
[39, 14].
Достарыңызбен бөлісу: |