Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет33/56
Дата01.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#156032
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56
Байланысты:
Kazak tili stilistika

 
А.А.Ветров, В.В.Литвинов, Н.М.Шанский, Б.Г.Бобылев, 
Л.В.Щерба, Б.В.Томашевский, Р.А.Будагов, А.И.Ефимов, 
М.Н.Кожина т.б. ғалымдар өз еңбектерінде көркем әдебиет 
тілінің әр саласын зерттеген. Аталған ғалымдардың еңбектерінің 
құндылығы – әр қаламгер тіліне тоқтала отырып, сол халықтың 
әдеби тіліне қосқан үлесі, тілдің түрлі мағыналық сипатын 
ашудағы лексика-семантикалық, грамматика-морфологиялық 
мәселелерін қарастырған.
Қазақ әдеби тілі тарихын танытатын еңбектер мен 
зерттеулер өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бастап жазыла 
бастады. Алғаш А.Байтұрсынов, М.Әуезов, С.Аманжолов, 
Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, М.Балақаевтардың еңбектерінен 
басталатын көркем әдебиет тілін зерттеу – бүгінде теориялық 
негізі қаланып, мазмұны жағынан кеңейіп дамып, нысаны мен 
мақсат-міндеттері, ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері айқындалып, 
іргесі кеңейіп толығып келе жатқан жаңа сала. 
Жекелеген ақын-жазушылардың әдеби тілді қаншалықты 
байыта түскенін сөз қолданудағы көркемдік, шеберлік 
қырларын, көркем шығарма тілін зерттеудің мәселелерін 
қарастырған Р.Сыздық, Б.Шалабай, Е.Жанпейісов, С.Исаев, 
М.Серғалиев, Ғ.Қалиев т.б. ғалымдар еңбектері қазақ 
лингвостилистикасының ғылым саласы ретінде қалыптасуына 
үлес қосты. Көркем әдебиет тілін зерттеуге қомақты үлес қосып, 
осы саланың қалыптасуына ықпал еткен ғалымдардың бірі – 
Р.Сыздық. 
Зерттеуші 
Абай 
тілінің 
лексикасы 
мен 
грамматикасын жан-жақты талдай келе, көркем шығарма тілінің 
жеке ғылым саласы бола алатынын толық дәлелдеді.
Соңғы жылдары тіл білімінде көркем шығарма тілін 
зерттеуге көп көңіл бөлініп отыр. Осы мәселені арнайы зерттеу 
нысаны етіп алған Б.Шалабай докторлық диссертациясы арқылы 
көркем әдебиет тілін зерттеудің ғылыми-теориялық негізін 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


81 
анықтады. Ғалым еңбегінің тағы бір жаңалығы – көркем 
шығармадағы «автор бейнесі» ұғымын мазмұн, құрылым түрлері 
жағынан айқындай отырып, қазақ лингвостилистикасындағы 
ғылыми айналымға ендіруі болды.
Ғалым Р.Сыздық әр қаламгердің идиостилін дербес зерттеу 
арқылы лингвистикалық талдаудың дамуына өзіндік үлес қосып, 
оның даму бағыттарын айқындауға болады деген пікір білдірді. 
Осы орайда көркем әдебиеттің ерекшеліктері мен сөз шеберлігін 
қарастырған: 
М.Жақыпбековтің, 
Г.Қосымованың, 
Г.Боранбаеваның, 
Б.Манасбаевтың, 
М.Серғалиевтің, 
Х.Кәрімовтің, 
Д.Әлкебаеваның, 
Р.Досжанованың, 
Г.Кәріпжанованың, 
Қ.Есенованың, 
Ж.Қоңыратбаеваның, 
С.Ғұбайдуллиннің, 
З.Османованың 
т.б. 
ғалымдардың 
зерттеулері жеке ақын-жазушылардың идиостиліне арналған 
зерттеу деп тануға болады. Аталған еңбектерде көркем шығарма 
тілін зерттеуде басты нысан етіп екі мәселе алынған. Олар: 
біріншісі – әдеби тілдің даму барысындағы көркем туындының 
орнын айқындау; екіншісі – жеке ақын-жазушылардың сөз 
қолдану мәнерін, жеке стилін зерттеу. 
Көркем әдебиет тілінің де, әдеби тілдің де негізгі материалы 
– халық тілі, халық тілі байлығының барлық қат-қабаты. Бірақ 
оны пайдалануда айырмашылықтар бар. Себебі функционалдық 
стильдердің кез келгенінің өзіне тән белгілері бар. Бір жағынан 
бұл айырмашылық функционалды стильдің әрқайсысының 
мазмұн-мақсатына байланысты.
Кез келген көркем әдебиет стилі бұрынғы дәуірлердегі 
теңеу, метафора, эпитеттің жаңа түрлерін ұсына отырып, оларды 
қолдану мен жасау техникасын толықтырады. Суреткер адам 
болмысының табиғи әлемінің тылсым дүниесіне терең үңіліп, 
осы екі аралық кеңістіктегі құбылыс, әрекеттің терең болмысын, 
оның бар ақиқат шындығын оқырманға жеткізеді. Көркем 
әдебиет стилі ұлттық әдеби тіл қазынасынан алынады. Көркем 
шығарма суреткер зертханасында пісіп жетіледі, көркем әдебиет 
стилі ұлттық көркем әдебиет нормаларының мәнерлі көркемдік, 
эстетикалық күш-қуатын толық көрсете білуге негізделеді.
Көркем әдебиет стилінде тілдің барлық стилистикалық 
ресурстары пайдаланылады, оған тән басты белгілер болып аса 
бейнелі тілдік бірліктер қазынасы көрінеді: метафора; 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


82 
фразеологиялық тіркестер; синонимдік қатардың көптігі; тура 
мағынадағы сөздің ауыспалы мағынаға ауысу қабілетінің 
күштілігі; сөз, сөз тіркестерінің семантикалық стильдік 
қызметінің шексіздігі. Көркем әдебиет стилінің ерекшелігі 
эстетикалық қызметте жұмсалуында; жазушы образды, ұтымды 
сөздерді, фразалар мен мақал-мәтелдерді халық тілінен, 
фольклордан алып пайдаланумен қатар, өздері де жаңаларын 
жасайды, өзге стильдердің элементтерін жұмсайды, диалектизм, 
архаизм, кәсіби сөз, жаргондарды пайдаланады; көркем 
әдебиетте әдеби нормадан жөнді-жөнсіз ауытқуларға көп 
ұшырайды, сондықтан басқа стильдер тіліне өнеге-үлгі бола 
бермейді деп қорытады зерттеушілер. Көркем әдебиет стилінің 
аясы кең, мұнда барлық стильдердің элементтері қолданылады.
Көркем әдебиет стилінің өзге мақсаттық стильдерге 
қарағанда олардан өзгешеленетін тұстары бар екендігі 
байқалады, олар: 1) мұнда экспрессивті, әсерлі суреттеме бояуы, 
бағалауыш 
сипаты 
күшті 
элементтердің 
жиірек 
қолданылатындығы; 2) сондай-ақ көркем әдебиетте қарапайым 
сөздер мен көне сөздердің, әдеби нормадан тысқары тұратын 
диалектизм, варваризм, дөрекі сөз, макаронизм сияқты сөздердің 
стильдік мақсатта еркін қолданыла беретіндігі; 3) ғылыми 
терминдер мен тілдік трафареттердің қолданылмайтындығы, 
қолданыла қалған күнде олардың белгілі бір стильдік жүкпен, 
мысалы, кейіпкер тілінде кездесетіндігі. 
Проза жанрында көркем әдебиет өз ішінен бірнеше 
жанрлық, тақырыптық түрге, тарихи шығарма, философиялық 
эсселер, тұрмыстық оқиғаларды баяндайтын әңгіме, новелла, 
романдар, фантастикалық шығармалар, сатиралық туындылар 
т.т. болып бөлінетіндігіне қарай, олардың әрқайсысының ерекше 
өз белгілері болатыны белгілі. Тек көркем әдебиет емес, ғылыми 
әдебиетте таза ғылыми, яғни белгілі бір ғылым саласының 
мамандарына арналған және ғылыми-көпшілік, яғни қалың 
оқырман қауымына ұсынылған болып ажыратылады.
Көркем әдебиет стилін зеттеуде орыс тілі ғылымында тіл 
білімінің мәселелері қатарында 1) көркем әдебиет тілінің өзге 
функционалдық стильдермен өзара байланысын таныту; 2) тіл 
құралдарын эстетикалық қызметте жұмсау принциптерін 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


83 
анықтау; 3) жеке ақын-жазушылардың ұлттық әдеби тіл 
тарихындағы рөлін зерттеу мәселелерін таниды. 
Сонымен, көркем әдебиет стилі табиғатына қатысты 
зерттеу жұмыстарын шолғанда, стильдің төмендегідей стильдік 
белгілерін ажыратуға болады:
Стиль ажыратушы факторларға: Саласы: өнер, мәдени-
эстетикалық сала.
Функциясы: әсер ету функциясы ең басты болып табылады. 
Ол көркем стильде эстетикалық функция болады. Міндеттері: 
өмірді образдар арқылы таныту, шындыққа эстетикалық 
қатынасты қалыптастыру. Адресант: ерекше типтегі дарынды 
тұлға. Адресат: оқырман, мәтін мазмұнын, шығарманың 
идеясын қабылдауға қабілетті келеді. 
Көркем мәтінде стандартты құрылымдар болмайды. Жанр 
мен мәтін түрлерінің көп түрлілігі тән. Әдебиеттің үш тегі бар: 
эпос, лирика, драма. Олар келесі түрлерге бөлінеді: эпос – 
героикалық, тарихи, лирикалық; лирика – саяси, азаматтық, 
махаббат, сатиралық, драма – халықтық, тарихи, тұрмыстық. 
Жанрлары. Эпос: эпопея, баллада, роман, әңгіме, поэма, 
повесть, очерк, мемуарлар т.б. Лирика: ода, элегия, сатира, 
эпиграмма, эпитафия, лирикалық өлеңдер. Драма: трагедия, 
комедия, драма, водевиль, сценка.
Шығарманың құндылығы көлемі мен мәтіннің тереңдігімен 
өлшенеді. 
Эмоциялылық. Сөйлеу құралдарының көп түрлілігі. Басқа 
стиль элементтерінің араласуы.
Стильдік сипаттары: Мәтіні көркем сипатта келеді. 
Мәнерлі, образды, бағалы, метафоралы, көп мағыналылы, мұның 
барлығын автор образы біріктіреді. 
Көркем шығарманың бір ерекшелігі – көп жанрлы болып 
келуі. Проза, драма, поэзия, т.б. жанрдың әрқайсысының өзіне 
тән тіл ерекшелігі бар. Олар әдеби тіл байлығын өз жанрына 
байланысты еркін қолданады. Мәселен, кейде шылаулар, 
қыстырма, одағай, қаратпа сөздер экспрессивті-эмоциональды 
мақсаттар үшін лайықты жұмсалады.
Көркем әдебиет – сөзбен салынған сурет; оқиғаға 
кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөзі, мінезі, келбеті қатысып 
баяндалады; оқиға болған күннің реті, жер жағдайы аталады. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


84 
Көркем әдебиет стиліне тән ерекшеліктер: 
1.
Эмоционалдық, бейнелі, эксрессивті сөздер мол
қатысады. 
2. Сөйлемдердің ырғақ, интонациясы мәтінге әсерлілік беру
үшін айрықша құрылады. 
3. Шығарма тартымды болу үшін синоним сөздер, тұрақты
тіркестер барынша көп жұмсалады. 
4. Осылардың бәрі грамматикалық амал-тәсілдерді ерекше
қиюластырып қолдану арқылы беріледі.
Көркем әдебиет стилінің де проза жанрын қамтып, 
әлдеқайда дами түсуі ХІХ ғасырдың орта тұсынан басталады. 
Бұған Ыбырай мен Абай шығармалары үлкен себеп болды. ХХ 
ғасырдың басында қазақ көркем әдебиет стилі бірсыпыра 
күшейіп, өз жанрларына сай белгілері пайда болып, әрі қарай 
дамыды, басқа стильдер жігі айқындала түсті. 
1880 жылы қазанда Дулаттың "Өсиетнамасы", 1890 жылы 
"Шортанбайдың бала зары" басылып шықса, ХХ ғасырдың 
басында қазақ ақындарының біршама жинақтары жеке-жеке 
кітап болып жарық көрді: Н.Наушабаев /1903/, М. Сералин 
/1900, 1903, 1915/, Абай Құнанбаев /1909/, М. Қалтаев /1910, 
1910, 1912/, С.Көбеев /1910, 1912, 1913/, Б. Өтетілеуов /1912, 
1914/, С. Дөнентаев /1913/, т.б. 
Ауызша әдеби тілдің стильдік тарамдары, негізінен, екі 
үлкен топқа бөлінді. Олар: көркем әдебиет стилі мен ауызша 
сөйлеу стилі. Көркем әдебиет стилі поэзия жанрының сөз үлгісі 
арқылы дамыды. Сондай-ақ шешендік сөздер деп аталатын 
ұйқасты-ырғақты проза және ертегілер болып ауызша тарады. 
Ал ауызша көркем сөйлеу стилін ұрпақтан ұрпаққа ауызша 
таралып келген шежірелер мен қарасөздер танытты. 
ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басындағы қазақ 
әдебиетінде бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт: қазақ қоғамының 
өміріндегі барлық жаңалық пен озық үлгі жолында күрескен 
ағартушылық-демократиялық бағыт пен бұған қарсы феодализм 
мен патриархаттық тұрмысты, әдет-ғұрыптарды, мұсылмандық 
фанатизмді, ескілікке қайта оралуды уағыздаған ағым айқын 
анықталды. Бұлардың арасындағы бітіспейтін идеялық күрес 
шиеленісе түсті. Бұл жағдай кейде тіл қолдану тәжірибесіне де 
әсер етті. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


85 
ХХ ғасырдың басында роман жанры пайда болды. 1910 
жылы М.Дулатовтың "Бақытсыз Жамалы", 1913 жылы 
С.Көбеевтің "Қалың малы" жарыққа шықты. Сонымен ХХ ғ. 
басында көркем әдебиеттің бұрын болмаған роман, повесть, 
драматургия, сын жанрлары пайда болды. 
Көркем әдебиет тілінің стильдер жүйесінде алатын орнына 
байланысты әртүрлі пірікірлер бар. Стилистердің бір тобы 
(Н.М.Шанский, Л.Н.Максимов, Н.А.Мещерский т.б.) көркем 
әдебиет тілін функционалдық стильдерден тыс, бөлек тілдік 
құралдар жүйесі ретінде қарайды.
Стилистердің екінші бір үлкен тобы (Р.А.Будагов, 
А.И.Ефимов, М.И.Кожина, А.Н.Гвоздев т.б.) көркем әдебиет 
тілін функционалдық стильдердің басқа түрлерімен «терезесі 
тең» деп есептейді, себебі көркем әдебиет те тіл қолданудың 
аясы болып табылады, көркем әдебиет те әлеуметтік қызмет 
атқаруға қатынасады. 
Көркем әдебиет стилінде сөздер ғана емес, бейтарап тілдік 
бірліктер де эстетикалық қызмет атқаралады. Академик 
В.В.Виноградов көркем әдебиет стилі мәселесімен айналысып 
жүрген басқа да кейбір авторлар оның коммуникативтік 
функциясының 
сыртында 
эстетикалық 
та 
функциясы 
болатындығы негізгі нысаны етіп алуы шығарманың осы бір 
міндетімен тікелей байланысты болса керек. Көркем әдебиет 
стилі туралы сөз қозғағанда «концепт» туралы айта кету керек, 
концепт өте танымал атау ретінде қазіргі лингвистикада жиі 
қолданылып жүр. Оның пайда болуы тіл ғылымындағы
антропоцентрикалық парадигма және когнитивті прагматиканың 
әдіс-тәсілімен тікелей байланысты. Ол кейде «дискурс», «әлем 
картинасы» атауларымен қатар айтылады. Жеке тұлға өз 
туындысын мәтінде әлемді тану, эмоционалды қарқындылықты 
өз санасында қайта қарап бейнелілікке айналдыруы болып та 
саналады. 
«Концепт» 
термині 
туралы 
ғалымдардың 
зерттеулерінде 
«идеалды 
ақиқат», 
«сөз 
бен 
экстралингвистикалық ақиқаттың делдалы, сарапшысы» деп те 
қорытындылайды. Концепт әлем картинасының адам санасында 
бейнеленетіндігін көрсету мақсатында пайдаланылады. Концепт 
термині тек көркем әдебиет стилінде ғана емес, функционалдық 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


86 
стильдерде тіл ресурстарының стилистикасында оның барлық 
жүйесінде қолданылады.
Көркем әдебиет стилі көп қабатты, көп қырлы дүние, 
«лингвистикалық микроскоппен» тануды қажет етеді. 
Көптеген 
зерттеушілер 
көркем 
әдебиет 
тілінің 
функционалдық стильдер жүйесінде қарастырылғаны дұрыс 
дегенді ұстанады. Өйткені функционалдық стильдердегі тілдік 
құралдардың көркем әдебиет тілінде кездесіп отыруы, яғни 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет