Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет41/56
Дата01.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#156032
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56
Байланысты:
Kazak tili stilistika

5-тапсырма:
 

Әрбір функционалдық стильдерге тән стереориптерді 
(қандай да бір құбылыстың адам санасында бірыңғайланып, 
дайын күйінде меңгерілетін үйреншікті, дағдыға айналған 
белгісі) атаңыздар. 
Үлгі:
Стиль түрі 
Стереотиптер 

Ресми
Денсаулығыма 
байланысты, 
отбасы жағдайыма байланысты... 

Ғылыми
Мақсаты мен міндеті... болып 
табылады, ...деп аталады; 

Публицистикалы
қ 
Ақпараттар 
ағымы, 
іске 
қосылды, жүзеге асыру; 

Ауызекі сөйлеу 
Сәлем, қал қалай? 

Көркем әдебиет 
Ертегілерде: 
ерте, 
ерте, 
ертеде...
анекдоттарда: 
қазақ, орыс, 
грузин болыпты...
 
 
3. Ауызекі сөйлеу стилінің тілдік құралдары 
 
Сұрақнама: 
1. Ауызекі сөйлеу стилі дегеніміз не? 
2.Ауызекі 
сөйлеу 
стилінің 
лингвистикалық 
және 
экстралингвистикалық белгілерін атаңыз. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


99 
3. Диалект, варваризм, жаргон, дисфемизмдердің т.б. 
көркем мәтіндегі қолданысына түсініктеме беріңіздер. 
 
1-тапсырма: 
Ауызекі сөйлеу стиліне тән ерекшеліктерді көрсетіп
олардың қандай құбылысқа жататынын айтыңыз. 
1. Дабырласып сөйлескен күйлерімен бізге төніп келді де, 
бір келіншек: 
– Ибәйі, көтек, мал десек адам екен ғой, – деді. 
Одағайлап шеттей бастады. 
– Маржанбикемісің, бері кел, – дедім. 
– Мұнысы кім, мені таниды ғой... 
– Бар, кім екен, – деді Күлзипа. 
Әбдірахман жүре берді. Мен олардың жанына бардым. 
– Анауың кім? – десті. 
– Әбдірахман. 
– Күйеу екен ғой, бізден неге қашты, – деп Маржанбике 
күле сөйледі. Күлзипа тәлімсіп жеңгеснің құлағына сыбырлап, 
сыңқылдап күлісті. Аяңдай басып Әбдірахманның артынан 
жеттік. Бізбен жұмысы жоқ, есідерті алтыбақанда (Б.Майлин 
«Шұғаның белгісі»). 
2. Біз келгенде ойын жаңа басталған екен. Шұғалар 
өлеңдерін тоқтатып, арқаннан түсті. Жай әзілмен көп уақыт 
оздырдық. Домбыра алдыртып Әбдірахман ән салды. Бишара, 
жігіт еді ғой. Ондай ойындарда бір түрлі ұстайтын арқасы 
бар еді. Өлеңді түйдектетіп үзбестен соқты. Жұрттың бәрі 
Әбдірахманның аузына қарады. Жатып қалған бірен-саран 
кемпірлер шапандарын жамылып келіп өлең тындасты. Ойын-
күлкінің қызығымен таң атқаның да білмей қалдық. Жұрт 
біртіндеп 
ыдырай 
бастады. 
Маржанбике 
маған 
жақындаңқырап сыбырлап: 
– Қайытпайсыңдар ма? – деді. 
– Жүр, қалқажан, – деп Күлзипаны ертіп, о да жөнелді. 
Уақ-түйек балалар, Шұғаның жеңгесінен басқаның бәрі кетіп 
бітуге айналды. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


100 
Шұға жәй сөйлескені болмаса, Әбдірахманмен онша ежіл-
қожыл бола алмады. Мен Зәйкүлмен сөйлесіп, Әбдірахманның 
Шұғаға ынтығын айттым. 
– Қайдан білейін, оқыған жігіт қой. Оқығандығына 
қызықбаса, бұрын мұның әкесіндей жігіттерге де барған жоқ 
еді... мен қолымнан келгенін аямаймын, – деп күлді
(Б.Майлин 
«Шұғаның белгісі»). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет