Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет42/56
Дата01.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#156032
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56
Байланысты:
Kazak tili stilistika

 
2-тапсырма
Үзіндіден ауызекі сөйлеу стиліне тән тілдік бірліктерді 
табыңыз.
– Бонапарт – француз деген елдің патшасы. Олардың 
күшті әскері болған, бұл соның командирі. Немене, балаң 
Бонапарттай болса тақияңа тар қыла ма? 
– Тарлық қылмайды ғой, - деп күмілжіді.- Бірақ, тым 
шетел екен. Осы өзіміздің совет мәмләкәтінен сол сияқты 
ешкім жоқ па? 
– Бар,- деді осы ауылға алғаш орысша боқтауды үйреткен 
қазақтың тұқымы.-Котовский бар, Шорс бар, Чапай бар. Бірақ 
олардың бәрі қойылып жүр. Біз ешкімде жоқ жаңасын алайық. 
– Тым шетел екен-ау... 
– Несі бар шетел болса! Ұлттық тар шеңберде қалмай 
кеңірек, биігірек ойлау керек. Олар да біздің аттарымызды алып 
жатыр ғой. 
– Қандай аттарды? 
– Бүкіл әмірика мен ағылшын елін алып қараңдаршы, 
Конрад деген фамилиядан аяқ алып жүре алмайсың. 
– Конрад? 
– Иә, Конрад! Ол кәдімгі біздің руымыз! 
– Қоңырат па? 
– Енді қалай? Қоңырат! Қияндағы бір елдер бізді сыйлап, 
руымызды фамилия қылып алып жатқанда біздің томаға 
тұйық жатқанымыз ұят емес пе? Олар да ел, олар да 
мәмләкәт. Бонапарт та бір елдің азаматы. Есіте қалсаұрпағы 
қуанар, естімесе аруағы разы болар 
(Д. Исабеков Екі томдық 
таңдамалы шығармалар. –Алматы: Жазушы, 1993.–496 б.).
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


101 
3-тапсырма:
Төмендегі 
берілген 
сөйлемдерден 
жергілікті 
тіл 
ерекшелігіне тән сөздерді тауып, олардың дұрыс әдеби 
баламаларын көрсетіңіз. 
Жазып алайын, ісімің кім болады. Сен әнді айтқанда, сөзін 
кәте айтады екенсің. Әлен қырық екі қарыпты бітіргенде, 
газет-журналды өздігінен оқитын болады. Басыма тұмағым 
тар келіп жүр. Жаңғыз жүре алмаймын. Ұлымның жақсы 
оқуына шәксіз сенемін. Кәртәйіп келе жатырмыз ғой. Мен 
іштеңке де білмеймін, қандай әңгіме сұрайсыңдар (Х.Кәрімов 
«Қазақ диалектологиясы»). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет