Ж. Д. Рапишева, Е. Е. ТҮйте, Ж. У. Есинбаева қазақ тілінің стилистикасы



Pdf көрінісі
бет46/56
Дата01.11.2022
өлшемі1,31 Mb.
#156032
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56
Байланысты:
Kazak tili stilistika

2-тапсырма
Мәтіннің ғылыми стильде жазылғандығын дәлелдеңіз. 
Жарық жылдамдығын алғаш рет 1676 жылы дат ғалымы 
О.Ремер өлшеді. Ремер астроном болған, оның өлшеген жарық 
жолы – өте ұзақ болды, табысқа жетуіне де себепші болған да 
сл еді. Ол жол – күн жүйесіндегі планеталардың ара 
қашықтығы. 
Ремер күн жүйесіндегі ең үлкен Юпитер планетасы 
серіктерінің тұтылуын бақылады. Юпитердің жерден 
өзгешелігі сол, оның он серігі бар. Ремер олардың ең жақынын – 
Ио серігін бақылады. Ол Ионың Юпитер алдынан қалай 
өткенін, содан кейін оның көлеңкесіне кіріп, көзден қалай ғайып 
болғанын көрді. Содан соң ол лезде жарқ еткен шам тәрізденіп, 
қайта көрінді. Осы екі от алудың уақыт аралығы 42 сағат 28 
минутқа тең болып шықты. Сөйтіп, бұл «ай» әрбір тең уақыт 
аралығында Жерге сигнал жіберіп тұратын, үлкен аспан 
сағаты болып шықты 
(Физика-астрономия оқулығынан).
 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


106 
3-тапсырма:
Термин сөздер мен атау сөздерге 10 мысалдан келтіріңіздер. 
Олардың айырмашылығы неде? Қай стильге тән қолданыстар 
екендігін анықтаңыздар. 
4-тапсырма:
 
Төмендегі мәтін үзіндісінен ғылым тілі лексикасын 
құрайтын сөздерді (жалпы қолданыстағы сөздер, жалпы ғылыми 
сөздер, терминдік қабаттар) анықтаңыздар. 
Нейтрон мен ядроның әсерлесу қимасының 
σ(ε) 
энергетикалық спектріне резонанстық сипат тән. Әр 
резонансқа массалық саны А+1-не тең (А – бастапқы ядроның 
массалық саны) құранды ядроның қозған күйі және қозу 
энергиясы сәйкес келеді. Қозу энергиясы нейтронның ядродағы 
байланыс энергиясы ε
байл
мен ε
0
.А/ (А+1) шамасының 
қосындысына тең, мұдағы ε
0
қиманың резонанстық мәніне 
сәйкес келетін нейтронның кинетикалық энергиясы. Резонанс 
маңында құранды ядроның эффективтік қимасы Брейт-Вигнер 
формуласымен сипатталады: σ
к
=πλ
2
n
g Γ

Γ / [ (ε + ε
0
)
2
+ Γ
2
/4],
мұндағы λ
n
n
 – нейтронның де-Бройль толқынының ұзындығы; g
– бастапқы және құранды ядролардың спиніне және
жұптылығына тәуелді статистикалық фактор, Γ – 
резонанстың толық ені. Соңғы шама қозған күйдің өмір сүру 
уақытына τ = h/ Γ қатынасымен байланысқан. Әр түрлі 
ядролар үшін τ ~10
-14 
-10
-18
c. Құранды ядроның белгілі ранамен 
ыдырау 
ықтималдығы 
сол 
арнаның 
 
парциалдық 
еніменанықталады. Күйдің толық ені арналардың парциалдық 
ендерінің қосындысына тең: Γ= Γ
n
+ Γ
γ 
+ Γ

+..., ал i анасы 
бойынша құранды ядроның ылырау қимасы σ
i

k
· Γ
i
/ Γ 
шамасымен анықталады. Тәжірибе арқылы σ
к
(ε) және σ
i
(ε) 
тәуелділіктерін зерттеу қозған күйдегі ядроның энергиясын, 
толық және үлестік ендерін, спинін, жұптылығын анықтауға 
мүмкіндік береді. Бұл шамаларды өлшеу үшін нейтрондық 
спектрометрлер қолданылады. Нейтрондық спектроскопия 
заттардың элементтік, изотоптық құрамын анықтауда 
маңызды рөл атқарады.
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


107 
(Қадыров Н. Нейтрондық спектроскопия. –Қазақстан. 
Ұлттық Энциклопедия. –Алматы, 2005.-728б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет