8
11-тапсырма.
Бұл бұғаз бір уақытта бірнеше қызмет атқарады: екі мұхитты және екі
теңізді жалғастырады, екі материкті, дүниенің екі бөлігін, екі түбекті, екі
мемлекетті бөледі.
Сұрақ: бұл қай бұғаз?
Бұл бұғаз жалғастыратын (қосатын) және бөлетін нысандарды жұп-
жұбымен жазыңыздар.
Екі мұхит –
Екі теңіз –
Екі материк –
Дүниенің екі бөлігі –
Екі түбек –
Екі мемлекет –
12-тапсырма.
Гималай тауларының бөктеріндегі Черрапунджи елді мекенін құрлықтың
«ең ылғалды жері» деп атайды. Бұл жерде жылына 12000 мм жауын-шашын
түседі.
Сұрақ: бұл құбылыстың себебін қалай түсіндіруге болады?
Астана қаласына осынша жауын-шашын мөлшері қанша уақытта түсетінін
есептеңіздер.
Дүние жүзінде жауын-шашын мөлшері көп түсетін тағы қандай жерлерді
білесіздер, атап шығыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: