Сәулет,қала қҧрылысы және қҧрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер


 Ғимараттар мен қҧрылыстарды жою және бҧзу (кейіннен кәдеге жарату)



Pdf көрінісі
бет16/75
Дата02.11.2022
өлшемі1,33 Mb.
#156266
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   75
Байланысты:
СН РК 1.03-00-2022 (1)

 
7.4 Ғимараттар мен қҧрылыстарды жою және бҧзу (кейіннен кәдеге жарату) 
7.4.1 Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (қҧрылыстарды бҧзу) жӛніндегі 
жҧмыстар кешенін жҥргізуге арналған шешім болған кезде тапсырыс берушімен 
(қҧрылыс салушымен) шарт бойынша қҧрылыс алаңын жаңа қҧрылысқа немесе объектіні 
реконструкциялауға дайындау тәртібімен ғимараттар мен қҧрылыстарды жою, бӛлшектеу 
және бҧзу (кейіннен кәдеге жарату) жӛніндегі жҧмыстарды ҧйымдастыруды және 
орындауды осындай жҧмыстарға рҧқсат беру туралы тиісті лицензиясы бар заңды тҧлға 
Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен қҧрылыстарды бҧзу) жӛніндегі 
жҧмыстар кешенін жҥргізуге шешім беру қағидаларына сәйкес жҥзеге асырады. 
7.4.2 Қҧрылыс басталғанға дейін қҧрылыс алаңында ӛртке қарсы ҥзілістердегі 
барлық ғимараттар бҧзылуға тиіс. Қолданыстағы қҧрылыстарды салу кезеңінде сақтау 
қажет болған жағдайда ӛртке қарсы іс-шаралар әзірленеді. 
7.4.3 Ғимараттар мен қҧрылыстарды жою және бҧзу жӛніндегі жҧмыстар бҧзуға 
жататын ғимараттар мен қҧрылыстардың тізбесін, сондай-ақ бҧзу жӛніндегі қажетті 
техникалық шешімдерді қамтитын, белгіленген тәртіппен қҧрылысқа арналған 
ҧйымдастыру-технологиялық қҧжаттаманың қҧрамында әзірленген және келісілген 
объектілерді бҧзу немесе бӛлшектеу жӛніндегі жҧмыстарды (ҚҦЖ) ҧйымдастыру 
жобасына сәйкес орындалады. 
7.4.4 Қҧрылысшылардың, халықтың, қоршаған ортаның және инженерлік 
инфрақҧрылымның, оның ішінде қолданыстағы жерасты коммуникацияларының 
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ғимараттар мен қҧрылыстарды бҧзу жӛніндегі қажетті 
техникалық шешімдер объектіге ҧйымдық-технологиялық қҧжаттама қҧрамында 
әзірленеді. 
7.4.5 Бҧзу жӛніндегі техникалық шешімдер немесе бҧзу жобасы: 
бҧзу әдісінің жалпы сипаттамасы; 
қабылданған әдістерге байланысты қҧлау аймақтары мен қауіпті аймақтардың 
мӛлшерлері (қажет болған жағдайда есептермен); 
инженерлік 
инфрақҧрылымның, 
оның 
ішінде 
қолданыстағы 
жерасты 
коммуникацияларының бҥліну ықтималдығын бағалау және қажет болған жағдайда 
инфрақҧрылым объектілерінің иелерімен келісілген қорғау әдістерінің немесе қорғау 
қҧрылғыларының сипаттамасы, есептері мен сызбалары; 
жҧмыстарды жҥргізудің қауіпсіз әдістері бойынша нҧсқаулар; 
халықтың қауіпсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз ету жӛніндегі іс-шаралар, оның 
ішінде қажет болған жағдайда оны хабардар ету және эвакуациялау; 
қалдықтарды шығару немесе кәдеге жарату бойынша шешімдер. 
7.4.6 Жойылатын ғимараттар мен қҧрылыстар оларды пайдаланудан шығарған 
сәттен бастап оларды жою (бҧзу) сәтіне дейін халыққа және қоршаған ортаға кездейсоқ 
зиян келтірмейтіндей қауіпсіз жағдайға келтіріледі (коммуникациялар ажыратылады, 
қолда бар ыдыстар босатылып, қауіпті немесе улы заттар алынып тасталады, тҧрақсыз 
қҧрылымдар бекітіліп немесе қҧлатылған және тағы басқа). Адамдар мен жануарлардың 
ғимараттарға (қҧрылыстарға) рҧқсатсыз кіруіне кедергі келтіретін шаралар қолдану 
қажет. 


ҚР ҚН 1.03-00-2022 
25 
7.4.7 Жарылыс, жағу немесе ӛзге де ықтимал қауіпті әдістерді пайдалану кезінде 
бҧзу жобасы немесе ҧйымдастыру-технологиялық қҧжаттама мҥдделі мемлекеттік 
бақылау және қадағалау органдарымен келісіледі. 
Бҧзылатын ғимараттың немесе қҧрылыстың жарылыс, жағу немесе қҧлау сәті 
туралы қҧрылыс алаңындағы барлық ҧйымдар, сондай-ақ іргелес аумақты пайдаланатын 
ҧйымдар хабардар етіледі. Қажет болған жағдайда қоршау қойылады. 
Ғимараттар мен қҧрылыстарды бҧзу кезінде жарылыс жҧмыстарын жарылыс 
жҧмыстарын жҥргізуге рҧқсат алғаннан кейін Жарылыс жҧмыстарын жҥргізуге рҧқсат 
беру қағидаларына сәйкес жҥргізуге жол беріледі. 
7.4.8 
Жҧмыс ӛндірісінде қолданылатын машиналар мен механизмдерді 
қҧрылымдардың қҧлау аймағында орналастыруға жол берілмейді. Қҧлату тәсілін 
қолданған жағдайда жҧмыс арқандарының ҧзындығы қҧрылыстың биіктігінен ҥш есе 
артық болуы тиіс. 
7.4.9 Сына-балғаның немесе шар-балғаның кӛмегімен бҧзылуға жататын 
ғимараттардың (қҧрылыстардың) конструкциясын бҧзу жӛніндегі жҧмыстар процесінде 
ғимараттың (қҧрылыстың) жанында оның биіктігінен кем қашықтықта болуға жол 
берілмейді. 
7.4.10 Объектіні бҧзуды жҥзеге асыруға ниеті бар тапсырыс беруші заңнамаға 
сәйкес облыстардың (қалалардың, аудандардың) жергілікті атқарушы органдарынан 
объектілерді кейіннен кәдеге жарату (қҧрылыстарды бҧзу) жӛніндегі жҧмыстар кешенін 
жҥргізуге шешім алуға міндетті. 
7.4.11 Ғимараттар мен қҧрылыстарды бӛлшектеу және бҧзу (кейіннен кәдеге 
жарату) әзірленген жобалау (жобалау-сметалық қҧжаттама) негізінде сәулет, қала 
қҧрылысы және қҧрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес 
жҥзеге асырылады. 
7.4.12 Ғимараттар мен қҧрылыстарды бҧзуға (кейіннен кәдеге жаратуға) арналған 
жобалау қҧжаттамасын әзірлеу кезінде жауапкершілік деңгейі Ғимараттар мен 
қҧрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан кҥрделі объектілерге 
жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларында белгіленеді. 
7.4.13 Объектінің жауапкершілік деңгейіне байланысты жобалау, қҧрылыс-монтаж 
жҧмыстары, сондай-ақ инжинирингтік қызметтер кӛрсету және сараптамалық жҧмыстар 
сәулет, қала қҧрылысы және қҧрылыс қызметі саласындағы заңнамада белгіленген рҧқсат 
беру қҧжаты (лицензия, сарапшының аттестаты, аккредиттеу туралы куәлік) негізінде 
тҧлғалармен орындалады. 
7.4.14 ЖӚЖ дайындау кезінде объектіні бҧзған жағдайда ғимараттар мен 
қҧрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығына жҥргізілген техникалық тексеру 
нәтижелері ескеріледі. 
7.4.15 Жаңа объектіні бір мезгілде тҧрғыза отырып бҧзу кезінде қҧрылыс заңнамада 
белгіленген тәртіппен жобаларды ведомстводан тыс кешенді сараптамадан ӛткен жобалау 
(жобалау-сметалық) қҧжаттамасы бойынша жҥзеге асырылады. 
7.4.16 Егер объектіні бҧзу мемлекеттік инвестициялар қаражатын тарта отырып не 
олардың қатысуымен жҥзеге асырылатын болса, Тапсырыс беруші объектіні бҧзуға 
сметалық қҧжаттаманы дайындауды қамтамасыз етеді. 
7.4.17 Блокталған тҧрғын ҥйдің бір бӛлігін бҧзу кезінде жобаның ведомстводан тыс 
кешенді сараптамадан ӛтуімен қалған бӛлігін кҥшейту жӛніндегі жобалау (жобалау-
сметалық) қҧжаттамасын әзірлеу талап етіледі. 
7.4.18 Жерге тиісті қҧқықсыз объектіні заңсыз салу кезінде сол сияқты ӛз бетінше 
салу кезінде, сондай-ақ соттың шығарған шешімдері және тиісті уәкілетті мемлекеттік 
органдардың нҧсқамалары (ҧсынымдары) кезінде бҧзу туралы шешім алу талап 
етілмейді. 


ҚР ҚН 1.03-00-2022 
26 
7.4.19 Ӛз бетімен салынған қҧрылысты бҧзуды ӛз бетімен салынған қҧрылысты 
қайтарып алған адам, ал мҧндай адам туралы мәліметтер болмаған кезде ӛз бетімен 
салынған қҧрылыс салынған жер учаскесінің қҧқық иесі жҥзеге асырады. 
7.4.20 Авариялық ғимараттар мен қҧрылыстарды бҧзуға байланысты табиғи және 
техногендік 
сипаттағы 
тӛтенше 
жағдайлардың 
салдарын 
жою 
Қазақстан 
Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасымен реттеледі және бҧл ҥшін 
бҧзу туралы шешім алу талап етілмейді. 
7.4.21 Табиғи және техногендік сипаттағы тӛтенше жағдайлардан кейін 
жылжымайтын мҥлік объектісі ретінде мҥліктің жҧмыс істеуін тоқтату азаматтық қорғау 
саласындағы органдар берген тиісті қҧжаттың және ғимараттар мен қҧрылыстардың 
сенімділігі мен тҧрақтылығын техникалық тексеру жӛніндегі сараптамалық 
қорытындының негізінде «Азаматтарға арналған ҥкімет» Мемлекеттік корпорациясында 
(бҧдан әрі – Тіркеуші орган) жҥзеге асырылады. 
7.4.22 Мҥлік иесі мҥліктің жылжымайтын мҥлік объектісі ретінде жҧмыс істеуі 
тоқтатылған кезде ҥш жҧмыс кҥні ішінде сәулет және қала қҧрылысы саласындағы 
жергілікті атқарушы органды жазбаша хабардар етеді.
7.4.23 Иесіз жылжымайтын мҥлікті есептен шығару кезінде Тіркеуші орган ҥш 
жҧмыс кҥні ішінде сәулет және қала қҧрылысы саласындағы жергілікті атқарушы 
органды жазбаша хабардар етеді. 
7.4.24 Объектіні бҧзу инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша 
қызмет кӛрсетушілермен Берілген шарттарға сәйкес сыртқы инженерлік желілерден 
объектіні ажыратқаннан кейін және ЖӚЖ сәйкес жҥзеге асырылады. 
7.4.25 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала қҧрылысы және қҧрылыс 
қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 1-тармағында 
кӛрсетілген объектілер бойынша ЖҚЖ талап етілмейді. 
7.4.26 Объектіні бҧзу барысында адамдардың ӛміріне немесе денсаулығына, жеке 
немесе заңды тҧлғалардың мҥлкіне, қоршаған ортаға зиян келтірудің алдын алуға 
бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданады, сондай-ақ уақытша қоршауларды, 
кірме жолдарды орнату және қҧрылыс қоқыстарын кәдеге жарату жӛніндегі іс-
шараларды қарастыру қажет. 
7.4.27 Қҧрылыс-монтаждау жҧмыстарын жҥргізу басталғанға дейін тапсырыс 
беруші мемлекеттік сәулет-қҧрылыс бақылауын жҥзеге асыратын органдарды хабарлама 
нысанына және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларына 
сәйкес қҧрылыс-монтаждау жҧмыстарын жҥргізу жӛніндегі қызметті жҥзеге асырудың 
басталғаны туралы, сондай-ақ Хабарламаларды қабылдауды жҥзеге асыратын 
мемлекеттік органдарды айқындау туралы хабардар етеді. 
7.4.28 Ғимараттар мен қҧрылыстарды бӛлшектеуден және бҧзғаннан кейін 
(кейіннен кәдеге жарату) осы қҧрылыс нормасының Ж-қосымшасына сәйкес сәйкес 
ғимараттар мен қҧрылыстарды бҧзу актісі жасалады.
Ғимараттар мен қҧрылыстарды бҧзу актісі сәулет және қала қҧрылысы саласындағы 
функцияларды жҥзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарда міндетті есепке алынуға 
жатады. 
Жылжымайтын мҥлік объектісін бҧзуға байланысты қҧқықтың тоқтатылуын 
мемлекеттік тіркеу ҥшін ӛтініш беруші немесе ӛтініш берушінің уәкілетті ӛкілі тіркеуші 
органға жылжымайтын мҥлік объектісінің орналасқан жері бойынша сәулет және қала 
қҧрылысы саласындағы жергілікті атқарушы органда есептік тіркеуден ӛткен ғимараттар 
мен қҧрылыстарды бҧзу актісін қоса бере отырып, қҧқықтың тоқтатылуын тіркеу туралы 
ӛтініш береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет