Сәулет,қала қҧрылысы және қҧрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер


ҚҦРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАУ



Pdf көрінісі
бет28/75
Дата02.11.2022
өлшемі1,33 Mb.
#156266
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75
Байланысты:
СН РК 1.03-00-2022 (1)

16 ҚҦРЫЛЫС ОБЪЕКТІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАУ 
16.1 Салынған объектілерді пайдалануға қабылдау Қазақстан Республикасының 
Азаматтық кодексімен (Ерекше бӛлім) және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала 
қҧрылысы және қҧрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен 
реттеледі. 
16.2 Салынған объектіні қабылдауды және пайдалануға беруді Тапсырыс беруші 
бекітілген жобаға сәйкес ол толық дайын болған және сәйкестік туралы декларация, 
қҧрылыс-монтаж жҧмыстарының сапасы және орындалған жҧмыстардың бекітілген 
жобаға сәйкестігі туралы қорытындылар болған кезде жҥргізеді . 
Аталған қҧжаттар «Объектіні пайдалануға қабылдау актісінің нысанын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 
сәуірдегі № 234 және «Қҧрылыс-монтаждау жҧмыстарының сапасы және орындалған 
жҧмыстардың жобаға сәйкестігі туралы қорытындылардың нысандарын, орындалған 
жҧмыстардың жобаға сәйкестігі туралы декларацияны бекіту туралы» 2017 жылғы 24 
сәуірдегі №235 бҧйрықтарына сәйкес белгіленген нысандар бойынша ресімделеді. 
16.3 Егер меншік иесі (тапсырыс беруші, инвестор, қҧрылыс салушы) салған 
объектіні қабылдауды және пайдалануға беруді дербес жҥзеге асырса, бҧл жағдайда 
объектіні қабылдау және пайдалануға беру «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала 
қҧрылысы және қҧрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабына 
және Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға ӛз бетінше қабылдау қағидаларына 
сәйкес жҥргізіледі. 
16.4 Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актімен ресімделеді. 
Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісіне Тапсырыс беруші, мердігер (бас 
мердігер), техникалық және авторлық қадағалауды жҥзеге асыратын тҧлғалар орындалған 
жҧмыстардың жобаға сәйкестігі және қҧрылыс-монтаж жҧмыстарының сапасы туралы 
декларацияның және қорытындылардың негізінде қол қояды. 
16.5 Бекітілген объектіні пайдалануға қабылдау актісіз салынған объектіні 
пайдалануға жол берілмейді. 
16.6 Салынған объектіні пайдалануға қабылдау актісі тапсырыс берушінің бекітуіне 
жатады. Тапсырыс берушінің объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойған кҥні 
оны бекіткен кҥн және объектіні пайдалануға берген кҥн болып есептеледі. 
16.7 Объект бҧзылған және қҧрылыс кемшіліктері, сондай-ақ қҧрылысы 
аяқталмаған объектілер пайдалануға қабылданған жағдайда объектіні пайдалануға 
қабылдауға қатысушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген 
жауаптылықта болады. 
16.8 Объектіні жылжымайтын мҥлікке қҧқықтарды тіркеуді жҥзеге асыратын 
мемлекеттік органда тіркеу ҥшін Сәулет және қала қҧрылысы саласындағы 
функцияларды жҥзеге асыратын жергілікті атқарушы органның қҧрылымдық 
бӛлімшесінде есептен ӛткен объектіні пайдалануға қабылдаудың бекітілген актісі негіз 
болып табылады. 
16.9 Объектіні жылжымайтын мҥлікке қҧқықтарды тіркеуді жҥзеге асыратын 
мемлекеттік органда тіркегенге дейін сәулет және қала қҧрылысы саласындағы 
функцияларды жҥзеге асыратын жергілікті атқарушы органның қҧрылымдық 
бӛлімшесіне Тапсырыс беруші объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін есепке алу 


ҚР ҚН 1.03-00-2022 
48 
және есепке алу журналына енгізу ҥшін объектіні пайдалануға қабылдау актісінің 
кӛшірмесін ҧсынады. 


ҚР ҚН 1.03-00-2022 
49 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет