К-ҚОСЫМШАСЫ
(міндетті)
Қҧрылысы аяқталған объектіні пайдалануға қабылдау кезінде қҧрылыс
салушы ҧсынатын қҧжаттардың тізбесі
1)
Қҧрылыс салушы дайындайтын қҧжаттама
Жерге меншік, ӛмір бойы мҧраға қалдырылған иелену, жерді мерзімсіз (тҧрақты)
пайдалану қҧқығына арналған акт.
Мемлекеттік органдардың қҧрылысқа жер учаскесін бӛлу туралы қорытындыларын
және осы учаскені радиациялық бақылау хаттамасын қоса бере отырып, бекітілген жоба
(жҧмыс жобасы).
Қҧрылыс-монтаж жҧмыстарын жҥргізудің басталғаны туралы Мемлекеттік сәулет-
қҧрылыс бақылауын жҥзеге асыратын органдарды хабардар ету.
Рҧқсат беру қҧжаттамасы.
Жер учаскесінің шекараларын нақты жерге шығару актісі және ғимараттың
(қҧрылыстың) негізгі осьтерін нақты жерге шығару схемасы.
Аумақтық немесе басқа пайдалану ҧйымдарының суық және ыстық сумен
жабдықтаудың, су бҧрудың, жылумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, Электрмен
жабдықтаудың және байланыстың сыртқы коммуникациялары объектінің қалыпты
пайдаланылуын қамтамасыз етеді және олар объектіні қызмет кӛрсетуге қабылдады деген
анықтамалары.
Орнатылған жабдықтың паспорты.
Жабдықты кешенді сынау туралы актілер.
Мҧндай рҧқсаттар беру осы органдар туралы ережелерде кӛзделген жағдайларда,
тиісті мемлекеттік қадағалау органдарының бақылауындағы объектілер мен
жабдықтарды пайдалануға арнайы рҧқсаттар.
Тіркеуші органның объектіні пайдалану кӛрсеткіштері туралы анықтамасы немесе
оның техникалық паспорты (Қазақстан Республикасының заңнамасында кӛзделген
жағдайда).
2)
Орындаушы (мердігер) қҧрылыс салушыға (тапсырыс берушіге)
ҧсынатын қҧжаттама
Қҧрылыс-монтаж жҧмыстарын жҥргізуге қатысқан ҧйымдардың тізбесі, олар
орындайтын жҧмыстардың тҥрлері, оларды орындауға жауапты инженер-техникалық
қызметкерлердің тегі және тиісті лицензиялардың болуы туралы деректер кӛрсетіледі.
Қҧрылыс-монтаждау жҧмыстарын жҥргізуге жауапты тҧлғалар жасаған,
орындалған жҧмыстардың осы сызбаларға сәйкестігі, сондай-ақ оларға белгіленген
тәртіппен енгізілген ӛзгерістер туралы жазулары бар қабылдауға ҧсынылған объектінің
қҧрылысына арналған жҧмыс сызбаларының жиынтығы. Жҧмыс сызбаларының
кӛрсетілген жиынтығы атқарушы қҧжат болып табылады.
Тиісті ғимараттарға, қҧрылыстарға, конструкцияларға және жҧмыс тҥрлеріне,
сондай-ақ мердігерлік шартының талаптарына нормативтік қҧжаттардың талаптары
негізінде белгіленген қҧрамдағы атқарушылық геодезиялық қҧжаттама.
Сертификаттар (оның ішінде ӛрт және гигиеналық), техникалық паспорттар, сынақ,
оның ішінде радиациялық қауіпсіздік туралы хаттамалар немесе жҧмыстарды жҥргізу
кезінде қолданылған материалдар, конструкциялар мен бҧйымдар сапасының,
қауіпсіздігінің, қасиеттерінің жобалау қҧжаттамасында белгіленген талаптарға
сәйкестігін куәландыратын басқа да қҧжаттар.
СТ - КZ нысанындағы тауардың шығу тегі туралы қолданылатын сертификаттар
және индустриялық сертификаттар.
Жасырын жҧмыстарды куәландыру актілері және жобалау қҧжаттамасында, сондай-
ҚР ҚН 1.03-00-2022
72
ақ мердігерлік шартында (шарттарында) белгіленген тізбеге сәйкес жекелеген жауапты
конструкциялар мен тораптарды (кӛпірлердің, аркалардың, кҥмбездердің, тіреу
қабырғаларының, кӛтергіш металл және қҧрама темірбетон конструкцияларының
тіректері мен аралық қҧрылыстары және т.б.) аралық қабылдау актілері.
Монтаждалған жабдықты жеке сынау актілері.
Технологиялық қҧбырларды, суық және ыстық сумен жабдықтаудың ішкі
жҥйелерін, кәрізді, газбен жабдықтауды, жылытуды және желдетуді, сумен
жабдықтаудың сыртқы желілері мен қҧрылыстарын, кәрізді, жылумен жабдықтауды,
газбен жабдықтауды, сорғыту қҧрылғыларын сынау, сондай-ақ дәнекерленген
қосылыстарды сынау актілері.
Жобаға сәйкес ғимараттардың сыртқы қабырғаларының жер асты бӛлігі арқылы
ӛтетін жерлерде инженерлік коммуникациялардың кірмелері мен шығаруларын
тығыздауды (герметизациялауды) орындау туралы Акт.
Ішкі және сыртқы электр қондырғылары мен электр желілерін сынау актілері.
Телефондандыру, радиофикация, теледидар, сигнализация және автоматтандыру
қҧрылғыларын сынау актілері.
Жарылыс, ӛрт қауіпсіздігін, найзағайдан қорғауды қамтамасыз ететін
қҧрылғыларды және ӛрттен қорғау жҥйелерін қабылдау актілері.
Басқа арнайы жҥйелер мен жабдықтарды қабылдау актілері.
Жҧмыстарды жҥргізу және авторлық қадағалау журналдары.
Қҧрылыс процесінде мемлекеттік және ведомстволық қадағалау органдары
жҥргізген тексеру материалдары.
ҚР ҚН 1.03-00-2022
73
Достарыңызбен бөлісу: |