1-ші тақырып. Қазақстанның қазіргі заман тарихына кіріспе


 Қазақстан Республикасы мен БҰҰ



Pdf көрінісі
бет53/61
Дата04.11.2022
өлшемі4,71 Mb.
#156557
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61
Байланысты:
1-ші та ырып. аза станны азіргі заман тарихына кіріспе

1. Қазақстан Республикасы мен БҰҰ 
1992 жылы 2 наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 
болып қабылдануы республика үшін орасан зор маңызы бар оқиға болды. 
Осыдан кейін елімізге басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге 
жол ашылды. Атап айтқанда, Қазақстан негізгі валюта-қаржы ұйымдарына - 
Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкіне, 
Еуропа және Азия даму банкіне мүше болып енді. 1997 ж. басында Қазақстан 
60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды.
БҰҰ-мен ынтымақтастық – біздің еліміздің сыртқы саясатындағы басым 
бағыттардың бірі. БҰҰ-ға мүше болған 168-ші мемлекет ретінде Қазақстан 
Ұйымның жұмысына белсене қатысады. БҰҰ-ға толыққанды мүшелік біздің 
мемлекетімізге осы көпқырлы ұйымның алдыңғы қатарлы қорларымен, 
агенттіктерімен және бағдарламаларымен тығыз байланыста болуға, 
халықаралық өзара әрекеттестіктің бірқатар салаларындағы еліміздің 
жинақтаған оң тәжірибесін енгізе отырып, ядролық қару таратпау, 
экономика, денсаулық сақтау, білім, экология, әлеуметтік қорғау 
салаларындағы ұлттық мүддемізді жемісті қорғап қалуға мүмкіндік берді. 
2000-шы жылдары Қазақстан БҰҰ-ның негізгі іс-шараларының бәріне 
белсене араласты. 2000 жылы Мыңжылдықтың даму декларациясы мен 
мақсаты қа-былданған «Мыңжылдық Саммитіне» қатысты. Оның қоры-
тындысы бойынша БҰҰ реформаларының негізгі бағыттары бекітілді. Қа-
зақстан одан басқа да ірі конференциялардың ортасынан табылды. 
2002 жылдың қазан айында БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанның Қа-
зақстанға ресми сапармен келуі ынтымақтастықтың дамуындағы маңызды 
қадам болды. БҰҰ басшысының Астанаға миссиясы Қазақстан мен БҰҰ 
арасындағы онжылдық ынтымақтастық нәтижесін нығайта түсті, сонымен 
бірге оның әрі қарай дамуындағы жаңа перспективаларды айқындады.
БҰҰ мүшесі ретінде Қазақстан терроризммен күресте өзіне бірқатар 
міндет алды және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің контртерроризм комитетімен 
тығыз қарым-қатынасты жолға қойды. 2003 жылдың мамыр айында БҰҰ 
Қауіпсіздік Кеңесі Ирак халқына елді қалпына келтіруге көмек беру туралы 
қарар қабылдады. Қазақстанның бітімгершілік миссиясы 2003 жылдың 


тамызында басталды. Қазақстандық офицерлер мен солдаттар бес жыл бойы 
Ирак аумағын минадан тазартумен, жергілікті курсанттарды саперлік 
жұмысқа үйретумен айналысты, тұрғындарға медициналық жәрдем көрсетті.
Қазақстанның табыстары мен оның БҰҰ қызметіндегі рөлін мойын-
даудың бір көрінісі 2006 жылдың қарашасында еліміздің БҰҰ-ның негізгі 
органдарының бірі – Экономикалық және әлеуметтік кеңесіне сайлануы 
болды. Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің ішінен бірінші болып БҰҰ 
Экономикалық және әлеуметтік кеңесіне (ЭКОСОС) мүше 54 елдің қатары-
на енді. 
Елбасы 
Н.Назарбаев 
2007 
жылдың 
қыркүйегінде 
БҰҰ 
Бас 
Ассамблеясының 62-сессиясына қатысып, халықаралық өзекті мәселелер 
бойынша Қазақстанның ұстанымын анық айтып, жалпы жарыссөздерде сөз 
сөйледі. Дәл осы уақытта Елбасының БҰҰ-ның жаңа Бас хатшысы Пан Ги 
Мунмен кездесуі өтті. 
2009 жылдың 2 желтоқсанында біздің Қазақстанның бастамасымен БҰҰ 
Бас Ассамблеясының Семей полигоны жабылған күнді – 29 тамызды 
Ядролық сынақтарға қарсылық күні етіп белгілеу туралы қарар қабылдады. 
2010 жылдың сәуір айында Қазақстанға келген БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги 
Мун ел тұрғындарына және табиғатқа үлкен залалын тигізген Семей 
полигонын жабу Қазақстанға бүкіл әлемдегі ядролық қауіпті азайту 
мәселесінде бастама көтеруге ерекше моральдық құқық бергенін атап өтті.
Елбасы 2011 жылдың қыркүйегінде БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-
сессиясында сөйлеген сөзінде әлемдік қоғамдастыққа Ядролық қарусыз әлем 
жалпы декларациясын әзірлеуді ұсынды. БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун 
Қазақстанның жаһандық қауіпсіздіктің нығаюына қосқан үлесін мойындап, 
ядролық қарудан азат әлемге қол жет-кізу жөніндегі идеясын қолдады.
Сөз соңында Елбасы Қазақстанның өз кандидатурасын 2017-2018 
жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне ұсынғанын 
жариялады. Қазақстанның 2017–2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 
тұрақты емес өкілі болып сайлануы 2016 жылы 28 маусымда Нью-Йоркте, 
БҰҰ-ның штаб-пәтерінде өтті. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 
тұрақты емес өкілі болып сайлануы – біздің тарихи жетістігіміз. 2018 
жылдың қаңтарында Қазақстан БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде төрағалық 
жасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет