Мотивациялық кітаптар жиынтығы 2012



Pdf көрінісі
бет41/68
Дата08.11.2022
өлшемі1,27 Mb.
#156945
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68

 
қоғамдық келісім, ол – барлығына бірдей мүмкіншілік беру

ол –
 
ең лайықты деген адамға 
лайықты жол нұсқау жүйесі.
 
Соңғысы,
 
өкіметті басқаратын адамдар үшін өте маңызды.
 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
Дональд Трамп: ЕШҚАШАН БЕРІЛМЕ!
Дональд Трамп – АҚШ-ның ең ірі «Trump International» құрылыс корпорациясының 
иегері, миллиардер. Оның 
«Ешқашан берілме!»
 
атты еңбегін назарларыңызға ұсынамыз. 
Қиыншылықтарды жеңу, сынақтардан сүрінбей өту әрбір пенденің өмірдегі басты 
мақсаты және ұстанымы. Ешқашан берілгіміз және жеңілгіміз келмейді. Бірақ осының 
бәрін жасап жатырмыз ба? Қалауымыз орындалып жатыр ма? Күнделікті өмірімізде біз 
көптеген қиындықтарға тап боламыз. Кішкене келеңсіздіктерге шыдамай өмірге жеңіл 
қарап, өмірде қанша адамдар сынып жатыр. Өзін керексіз бір адам ретінде санап түңіліп 
кететін адамдар да болады, солай емес пе? Тіпті, бастамай жатып, қол сілтейтіндер де 
жеткілікті. Бұның барлығы ненің салдарынан деп ойлайсыздар? Егер үлкен жетістікке қол 
жеткізем десеңіздер, көптеген кедергілерге қарсы тұруды үйренгілеріңіз келсе, бүкіл 
әлемге, бастысы өзіңізге қандай мүмкіндікке ие екеніңізді көрсеткіңіз келсе, ата-ана және 
Отан алдындағы борышыңызды орындағыңыз келсе, онда әлемді мойындатқан Дональд 
Трамптың «Ешқашан берілме!»
 
атты еңбегін оқып көруіңіз.

Өмірде адам басынан қиыншылық өтпей қоймайды.



Менің айтқаныммен бәрі 
келісер. . . Қандай көлемдегі сынақтар болмасын, оны бастан кешірген адамдар бір-бірін 
жақсы түсінеді. Бір жазушы айтқан еді: бұл жерден әлі ешкім тірі кеткен жоқ деп. 
Мүмкін артық айтам, бірақ қарыздарыңыз миллиард доллар көлемінде болса, басқа 


Мотивациялық кітаптар жиынтығы 
www.zhanaoi.kz 
дәрежеде ойлай бастайсыз. 90-жылдары менің өз кепілдігіммен алған қарызым 975 
миллион болды. Мен банкорт болдым, банктер кудалады, адамдардың барлығы мені 
көрсе ат тонын ала қашатын. Тоқырау кезеңі еді, жылжымайтын мүлік нарығы уақытша 
өмір сүруін тоқтатты. Бір сөзбен айтқанда, қайғылы кездер болды. Радиостанциялар бұл 
мағлұматты желдің жылдамдығындай жылдам таратты. Барлығы тек менің империямның 
құлағаны туралы айтып жатты. Ол әлем жаңалығына айналды, бір ауыздан барлығы 
«бітті!» деді. Әрине, бұл керемет жаңалық болар еді, менің орнымда басқа біреу болса! 
Өмірімнің өте қиын кездері . . . Өзімнің кінәм өзімді сәл жетістікке жеткеннен соң, патша 
Мидас сезініп кеттім. Ақыры мені құртқан менің өзімшілдігім болды. Дегенмен, беріле 
салу менде жоқ қасиет. Осының арқасында және маған айтылған сын-пікірдің арқасында 
мен сол сәтсіздіктен жеңіспен шықтым. Мені бұрышққа итерген сайын, мен 
жоғалтқанымды еселеп қайтаруға деген құлшынысым да күшейді. Өзімнің ұстанымымда 
берік тұру, табандылығым, күш-қайратым, алға қойған мақсатқа қайтсемде жету, берілмеу 
арқылы ғана олардың қателескенін мойындата алатынымды түсіндім. Осы кезде маған не 
күш берді?
 
Сенесіздер ме, осы келеңсіз жағдайды мен сәтті мүмкіндік ретінде санадым. 
Барлық мені көре алмағандарға, сыншыларыма, бәріне менің алдыңғы жетістігім 
кездейсоқ нәрсе еместігін, менің ойыммен санасу керек екенін дәлелдегім келді. Осыдан 
алған менің сабағым - ойыңызды мәселеге емес, оның шешіміне жинақтау. 
Мені Гиннестің рекордтар кітабына түседі деп ойладыңыздар ма? Жоқ, бірақ менің 
ол кітапқа есімім 1990-жылдардағы қаржылық құлдырауға байланысты енген. Мен бұны 
мақтан тұтамын. Бұл жағдай маған атақ пен даңқ сыйлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет