Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
сатушыларын осындай орталықтарға ауыстырдық. Олардың кейбіреуі керемет аспаз
болғандарының арқасында біздің еліміздегі туристтердің назарын аударатын болды. Ал
біреулері жұмысқа «Мерседеспен» келіп, қызметкерлерді жалдайтын миллионерлерге
айналды. Осындай адамдардың іскерлігі, қайраттылығы, дарыны Сингапурды жасап
шығарды. Қарақшы таксилердің көзін құрту, альтернативті
жұмыс орындарын және
автобус қатынастарын қайта ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылды.
Қаланың қаншалықты ластанғанын анықтау үшін жасыл ағаштарға назар салу
жеткілікті. Автокөліктерден, автобустардан, дизельді жүк машиналарынан шығатын көп
мөлшердегі газ, өсімдіктерді күйемен орап, соңы олардың қурауына әкеледі. Содан мен,
қоршаған ортаны ластанудан қорғау бөлімшесін құрдым. Қызу автожолдарда, автокөлік
шығаратын күкірттің құрамын, түтіннің тығыздығын, шаңның концентрациясын өлшейтін
бақылау жабдықтарын орнаттық.
1984 жылы үкімет қызметкерлеріне жалақыны төлемнің электрондық жүйесі
арқылы беру туралы шешім қабылдадым. Бұл полицияның бақылауы арқылы бір айда екі
рет қолма-қол ақшаның тасымалдауын керексіз етті. Кейін
біз электронды төлемдерді
салық және жиындарды төлеу кезінде де қолдана бастадық. Әлемдік рейтингтік
агенттіктер Сингапурдың заң жүйесін жоғары дәрежеде бағалады. 1997-1998 жылы
Сингапур АҚШ, Ұлыбритания, Жапония және басқа да мемлекеттерді басып озып,
әлемнің мықты елдерінің ондығына кірді. 1995 жылдан бастап
саяси және экономикалық
тәуекелдікті бағалайтын Гонконгта орналасқан ұйым Азия елдерінің заң жүйесіне баға
берген кезінде Сингапурға Азиядағы жоғарғы рейтингті тағайындайтын.
1987 жылы Сингапурға келіп кеткен Лондондық университеттің профессоры Х. Д.
Ейсенк жеке бас қасиетін, мінез-құлықты, интеллектуалды даму коэффициентін тексеру
үшін психологиялық тесттің керектігі дұрыс екендігін айтты. Мысал ретінде, америкалық
мұнай компаниясында 40000 жұмысшыны психологиялық бақылаудан өткізген 40
психологтың жұмыс істейтінін негізге алды. Бізде маңызды
қызметтерге арналған
кандидаттарды психологиялық тесттен өткізетін психологтар жоқтың қасы еді. Сол
кісімен әңгімелескеннен соң, Сингапурдың Ұлттық Университетінен керек қасиеттерге ие,
әр түрлі қызметтерге тағайындалатын адамдардың мінез-құлқын зерттей алатын
психологтарды көптеп дайындап шығару керектігін айттым.
Билікке келген кезден-ақ сабақ ала бастадық. Әрқашан оқумен болдық, өйткені,
жағдай өзгеріп отырды, ал біз саясатты жағдайға бейімдеу керек едік. Менің бақытыма
орай, үкімет қатарында бірнеше асқан дарын иелері бар болды. Олардың ойлары әркез
жаңа идеяға толы еді. Кен Сви, Раджа, Суй Сен біз оқыған кітаптарды өзара
айырбастайтын.
Біз билікке келген кезде, саясаттан түк хабарымыз жоқ болған, бірақ
әркез абайлап, аңдап басып, кез-келген идеяны ептілікпен енгіздік.
Сингапурды коммунистік немесе нәсілге бөлінген қала ретінде емес, тіршілікке
бейімделген қоғам ретінде қалыптастырдық. Мен қабілетті адамдарды іздеп,
оларды
министр және басқа лауазымды шенеуіктер ретінде қойып, халыққа шынайы жанашыр
бола алады деген сенім болды. Жұмысшыларды өз жағымызда ұстап, сонымен бірге
капиталмен, біліммен, басқару дағдыларымен бөлісетін және сыртқы саудаға шығаратын,
яғни тіршілік етуімізді қамтамасыз ететін инвесторлардың жағдайын жақсылап жасау
керек еді. Халық үмітін артқан бір топ ұйымшыл және биік мақсатты көздеген
көшбасшылар қолдан келгеннің бәрін істеді. 1965 жылы ЖІӨ 3
миллиард сингапур
доллары болған Сингапур 1997 жылы көрсеткіші 15 есеге өсіп, 46 миллиардқа жетіп,
Мотивациялық кітаптар жиынтығы
www.zhanaoi.kz
Әлемдік банктің есебі бойынша бүкіл әлемде ЖІӨ-ң көрсеткіші бойынша сегізінші орынға
шыға алатынына кім сенген?
Шет елдіктермен қарым-қатынас жасау – сингапурлықтарды көп нәрсеге үйретті.
Біз дарынды студенттерімізді дамыған елдерге жібердік, басында сол мемлекет тарапынан
шәкіртақы бөлінген, кейін шәкіртақыны өзіміз бөлетін болдық. Көптеген шет елдегі
көшбасшылардан сабақ алумен болдым.
Қазіргі таңда
Сингапур қарулы күштері Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің
арасындағы ең озығы. Оған Армия,
Теңіз флоты, Әуе күштері кіреді. Ішкі өнімнің 4.9%
пайызы әскерге жұмсалады. Әу баста Сингапур қарулы күштері Англия және Израил
мемлекеттерінің көмегі арқылы құрылады. Израил қорғаныс күштері Сингапур қарулы
күштерін жоқ жерден жаттықтырып, қаржыландырып, көмегін аямай аймақтағы ең
дамыған әскери күштерінің біріне айналдырып жібереді.
Біз оқу керекпіз, білім арқылы құралған әлемнің бір бөлігіне айналу керекпіз.
Жеңіліске тап болмау үшін бізді жетістікке апарған мына қағидаттарды ұстану керек: ол
Достарыңызбен бөлісу: