бередi: Х-хромосомасы бар (6А+Х) және Х-хромосомасы жоқ (6А+O) гаметалар түзедi.
Жыныстың хромосомалық анықталуының бұл типiн сызбажоба түрiнде
төмендегiдей етiп
көрсетуге болады.
Р ♀ ХХ х ♂ ХО
Гаметалары
Р ♀ Х ♂ Х; О;
F
1
♀ 1ХХ : ♂ 1ХО
Бұл типте де гомогаметалы жыныс – аналықтар, ал гетерогаметалы жыныс - аталықтар.
Үшiншi тип.
Жыныстың анықталуының бұл типi бiрiншi рет
түшала
(
крыжовник
)
көбелегiнде
ашылды. Бұл тип кейiнiрек құстарда (тауықтар, түйе тауықтар т.б.),
кейбiр
балықтарда, қос мекендiлерде және гүлдi өсiмдiктерде табылды. Бұл типте гетерогаметалы жыныс
- аналықтары, гомогаметалы жыныс – аталықтары болады. Мұнда гетерогаметалы аналықтарының
жыныс хромосомаларын басқаша белгiлеу қабылданған: Х-хромосоманың орнына
Z
, ал, У-
хромосоманың орнына
W
әрiптерi қолданылады. Бұл тип бойынша жыныстың анықталуының екi
тәсiлi белгiлi: а)
ZW
-аналықтары,
ZZ
-аталықтары; б)
ZO
-аналықтары,
ZZ
-аталықтары.
Бұл жағдайларда жыныстың анықталу сызбажобасының бiрiншi
және екiншi типтерден
көп айырмашылығы жоқ.
I II
Р ♀ ZW х ♂ ZZ Р ♀ ZO х ♂ ZZ
Гаметалары
♀ Z; W ♂ Z
♀ Z; O ♂ Z
F
1
♀ 1ZW : ♂ 1ZZ F
1
♀ 1ZO : ♂ 1ZZ
Жынысты анықтаудың -
гаплодиплоидея
деп аталатын тағы бiр типi белгiлi. Мұны
жынысты
анықтаудың
төртiншi типiне
жатқызуға болады. Ол араларда және құмырсқаларда
кеңiнен тараған. Бұл организмдерде жыныс хромосомалары болмайды. Мысалы,
бал аралардың
аналықтары диплоидты, ал аталықтары (
трутендер
) гаплоидты болады.
Ұрықтанған
жұмыртқалардан аналық дарабастар, ал ұрықтанбаған жұмыртқалардан
партеногенез жолымен
трутендер өсiп дамиды. Сперматогенез процесi кезiнде трутендердiң хромосомаларының саны
редукцияға ұшырамайды. Хромосомалардың гаплоидты саны
трутендердiң соматикалық
клеткаларында сақталып, олар жыныс клеткаларын бередi. Ұрпақ
беруге қабiлетсiз клеткалар
өздерiнiң жеке дамуы кезiнде хромосомалардың диплоидты санын қайтадан қалпына келтiредi.
Достарыңызбен бөлісу: