3 есеп
Елдің экономикасының инфляциясыз ақша айналысына 90 млрд. ақша
бірлігі қажет. Егер айналысқа 112,5 млрд. ақша бірлігін енгізетін болсақ, ол
көрсетілетін қызмет пен тауарлар бағасына қалай әсер етеді?
4 есеп
Көөрсетілген қызмет пен сатылған тауарлар бағасының сомасы - 200
млрд. теңге. Несиеге сатылған тауарлар бағасының сомасы - 10 млрд. теңге,
несиелер бойынша төлемдер 4 млрд. теңге, өзара өтелетін төлемдер - 2 млрд.
теңге. Ақша бірлігінің айналым жылдамдығы - 2,4 ай.
Экономикадағы
инфляциясыз ақша айналысына қажетті ақша санын анықтаңыздар.
5 есеп
Елдің экономикасындағы инфляциясыз ақша айналысына қажетті ақша
санык анықтаңыздар. Сатылған тауарлар
мен көрсетілген қызмет
бағаларының сомасы - 200 млрд. теңге. Несиелер бойынша төлемдер - 40
млрд. теңге. Несиеге сатылатын тауарлар - 60 млрд. теңге. Өзара өтелетін
төлемдер -20 млрд. теңге. Жыл бойына теңге 8 айналым жасайды.
Айналыстағы
ақша саны қалай өзгереді, егер:
1) теңге жыл бойына 10 айналым жасағанда
2) жыл бойында теңге айналымының саны 5-ке дейін қысқарса
Достарыңызбен бөлісу: