Төлем талап-тапсырмасы.
Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың
жаңа формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда
төлем талабы және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған.
Төлем талап-тапсырмасы - бенефициардың төлеушіге оған қызмет
көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жүмыстар
және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу қужаттары
негізінде төлеу талабы.
Төлем талап-тапсырмасын бенефициар толтырады да, оны коммерциялық
құжаттармен бірге бірден аударушының банкіне жібереді. Аударушының
банкі, ол төлем талап-тапсырмасын төлеушіге береді. Ал аударушы, банкке
келіп түскеннен бастап, үш күн ішінде төлем туралы банкке келісімін беруге
тиіс. Төлем талап-тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған
жағдайда ғана қабылданады. Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 3 күннен
30 күн аралығында №1 картотекаға орналастырылуы мүмкін.
Төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны осы
үш күн ішінде банкке хабарлайды. Сөйтіп төлем талап-тапсырмасы жөнелту
кұжаттарымен және төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге
тікелей бенефициарға қайтарылады.
Достарыңызбен бөлісу: