Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет108/179
Дата11.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#157769
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   179
Байланысты:
Басқару психологиясы

еңбек
 
туралы
 
Кодексінде
анықталғандай, екі түрлі болады: 
1) әлі еңбек заңдылығымен немесе еңбек туралы басқа да 
нормативті актілермен реттелмеген қызметкер мен кәсіпорын, 
мекеме, ұйым әкімшілігі арасында еңбек жағдайларын өзгерту 
немесе жаңасын жасау мәселелері бойынша пайда болған еңбек 
дау-дамайлары. 
Бұл талас-тартыстар 
даулы
 
емес
сипаттағы талас-тартыстар 
деп аталады. Оларды кәсіпорын, фирма әкімшілігі және оларға 
берілген құқық шегінде сәйкесінше кәсіподақ органы шешеді
2) еңбек қатынастары субъектілерінің (қызметкер мен кәсіп-
орын әкімшілігі тұлғасындағы жұмыс беруші) еңбек туралы 


262 
қолданыстағы және басқа да нормативті актілерді пайдалану 
бойынша, сонымен бірге еңбек келісім-шартының (контрактісі-
нің) шарттары бойынша мәселелерге байланысты туындайтын 
еңбек дау-дамайлары. Бұл 
даулы
сипаттағы талас-тартыстар. 
Еңбек дау-дамайларының мұндай түрі үшін оларды шешу- 
дің ерекше тәртібі белгіленген: олар еңбек дау-дамайлары 
бойынша комиссияда және аудандық (қалалық) соттарда қарас-
тырылады.
Кез келген жеке еңбек дау-дамайының өз 
бастамасы
бола-
ды. Заңды әрекеттер, яғни қызметкердің мүдделері мен құқық-
тарына нұсқан келтіретін кәсіпорын әкімшілігі бұйрығының 
пайда болуы, немесе жұмыс берушінің мүддесіне нұсқан кел-
тіретін қызметкердің қылығы (әрекеті), тек дау-дамайлық жағ-
дайды туындатады. Бұл әлі еңбек дау-дамайы емес. Ол пайда 
болуы (басталуы) үшін екінші тараптың (қызметкердің) өзінің 
құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған 
қарсы
 
әрекет
-
тері
қажет. Мұндай қарсы әрекет ретінде қызметкердің еңбек 
даулары бойынша комиссияға шағымдануы есептеледі, олар 
кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның жалпы жиналысында (кон-
ференцияда) сайланады.
Ұжымдық
 
еңбек
 
дау
-
дамайлары
 
 
Қазақстан Республикасының Конституциясы қызметкерлер-
дің құқықтарын тек жеке емес, ұжымдық еңбек талас-тартыс-
тарында бекітті.
Ұжымдық еңбек дау-дамайы (талас-тартыс) ретінде қызмет-
керлер мен жұмыс беруші арасында еңбек жағдайларын анықтау 
мен өзгерту (айлық жалақыны қоса алғанда), ұжымдық еңбек ке-
лісім-шарттарын, әлеуметтік-еңбек қатынастары бойынша келі-
сімдерді жасау, өзгерту және орындау мәселелері жөнінде рет-
телмеген келіспеушіліктер түсініледі.
Алайда ұжымдық келісім-шартты анықтау немесе орындау 
бойынша кез келген келіспеушілікті ұжымдық еңбек дау-да-
майы (талас-тартыс) ретінде бағалауға болмайды, өйткені туын-
даған келіспеушіліктерді тараптар – қалыптасқан (қалыптасып 
келе жатқан) еңбек қатынастарына қатысушылар шеше алады. 


263 
Егер де бұл келіспеушіліктер реттелмесе, онда мұндай келіс-
пеушіліктердің болуы пайда болған ұжымдық еңбек дау-да-
майын көрсетеді.
Мұндай дау-дамайлар қызметкер мен жұмыс беруші арасын-
дағы қарсылық себебінен пайда болады, бірақ дау-дамай бары-
сындағы өзара әрекеттесу екі тараптың өкілдерімен іске асы-
рылады.
Мұндай 
өкілдер
болып табылады: 

қызметкерлердің өкілдері – олардың жарғысына сәйкес 
өкілдікке уәкілетті кәсіби одақ және олардың бірлестіктерінің 
өкілдері, филиал қызметкерлерінің жиналысында (конференция-
сында) құрылған, өз күшімен ұйымдастырылған қоғамдық ор-
гандар, өкілдіктер және соларға уәкілеттілер; 

жұмыс берушінің өкілдері – ұйым жарғысына, басқа да 
нормативті актілерге сәйкес ұйым басшылары және басқа да 
уәкілеттіөкілдер, жұмыс берушілердің бірлестіктерінің уәкілетті 
органдары, басқа да жұмыс берушіге уәкілетті органдар.
Дәл осы ұйымдар, құрылымдар, тұлғалар ресми, яғни қыз-
меткерлер мен жұмыс берушілердің заңды өкілдері болып 
табылады. Олардан басқа ешкім дау-дамайға қатысушы тарап-
тардың мүдделері мен құқықтарына өкілдік ете алмайды. Өкіл-
дер ерекше мәртебеге ие – тек өкілдік етіп отырған тараптың 
ғана емес, өзінің де мүдделерін көрсетеді.
Сондықтан келіссөздер жүргізу барысында белгілі бір тарап 
атынан алынған барлық міндеттемелер толық көлемде оның 
өкілдеріне таралады.
Ұжымдық дау-дамайлар (талас-тартыстар), жеке дау-дамай-
лар сияқты, әдетте екі түрде болады: 
1. Еңбек шартын анықтау мен өзгертуге байланысты туын-
даған дау-дамайлар. Олар, өз кезегінде, бұрын жасалған ұжым-
дық келісім-шартты жасауға және өзгертуге байланысты туын-
дайтын талас-тартыстар, және басқа да нормативті актілер- 
ді немесе олардың мазмұнында сонымен байланысты өзгеріс-
терді жасау кезінде пайда болған талас-тартыстар болып бөлі-
неді.
2. Жасалған ұжымдық келісім-шарттар мен келісімдерді орын-
дауға байланысты дау-дамайлар. Ұжымдық еңбек дау-дамайла-


264 
рының бұл түріне ұжымдық келісім-шарт актілерінің мазмұнын 
түсіндіру (интерпретациялау) кезінде пайда болатын талас-тар-
тыстарды (дау-дамайларды) да жатқызуға болады, өйткені олар 
осы келісім-шарттарды іске асыру, ондағы талаптарды орындау 
барысында пайда болады.
Дау-дамайдың осы түріне байланысты талас-тартыстар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет