282
ған жағдайда, тараптар соған қарай іс жасайды. Тек бұл мерзім-
дер барлық тараппен де келісілуі және қабылдануы аса маңызды.
9.
Жоспарыңызды
іске
асырыңыз
.
Келісім жасағаннан кейін
жанжалды реттеу шараларына кіріскен жөн. Кейінге қалдыру
тараптардың бір-біріне күдік, әрі күмән туғызуы мүмкін.
10.
Қабылданған
шешімді
бағалаңыз
.
Жанжалды реттеу
бойынша ең табысты келісімді жасауда ашу-ыза немесе өкпелі-
лер қалуы мүмкін.
Жанжалдағы
«
тәртіп
кодексі
».
Жанжалдарды
басқарудың
тиімділігі жанжалда ерекше «тәртіп кодексін» ұстана алуға бай-
ланысты болады. Н.М. Власовтың пікірінше (1994), бұл кодекс-
тің негізгі талаптарына келесілерді жатқызу қажет:
1.
Қарсы
пікір
білдірушіге
позитивті
(
тым
болмаса
бейта
-
рап
)
қатынаста
бол
,
сенімділік
үшін
негіз
құр
.
Жанжалдасудан
бұрын, өзіңе қарсы пікір білдірушіні «жақсы көруді» бұйыр
және осы жақсы көңіл-күйіңмен онымен өзара әрекет жаса. Бұл
не үшін қажет? Жанжал әрдайым біздің мүддемізге қысым жа-
сағанда немесе бізге солай қысым жасалғандай болған жағдайда
туындайды. Мұны істейтін адам – дұшпан. Біз дұшпанның
бойынан нені көреміз? Оның жеке
басының ең жаман тарапта-
рын көреміз және оған күдік, әрі сақтықпен қараймыз.
Жанжалда қарсы пікір білдірушіден «досты» және оның жақсы
жақтарын көру орынды. Туындаған мәселені кіммен шешкен
жеңіл: дұшпанмен бе, әлде доспен бе?
Қарсы пікір білдірушіде «досты» қалай көруге болады? Бұл
жерде келесі кеңестер орынды болады:
−
әңгіменің басында басқа тақырыпта,
жалпы көзқарас қа-
лыптасқанын тақырыпта жеңіл, әзілдесіп сөйлес. Сол арқылы
жанжалда сенімділік базасы құрылады;
−
оның адамгершілігі
мен абыройы туралы ойла;
−
оның жеке басының ең жақсы көріністерін есіңе ал;
−
жай ғана оған плюстері мен минустерін еске ал да, оны
жеке тұлға ретінде қызығушылықпен қара.
2.
Психиканың
жұмыс
режимінің
эмоциялықтан
рационал
-
дысына
ауысуы
.
Жанжалда жиі эмоция басым болады. Бұл аф-
фектке әкеледі, онда сана өшіп, адам өз әрекеттеріне жауап бере
алмайды.
Эмоциялық амал істің, мәселенің және қарсы пікір біл-
283
дірушіге қатынастың ауысуына әкеледі. Біз қарым-қатынас-
тарды анықтап алуда кептеліп қаламыз, ал іс, мәселе шешілусіз
қалады. Егер мәселе шешілмесе,
онда қарым-қатынас та бұзы-
лады немесе үзіледі.
Міне сондықтан өзінің қатынасында эмоцияны мәселеден
ажыратып алу және оларды мүмкіндігіше араластырмау қажет.
Мұнда екі тәуелсіз міндеттерді шешуге тырысу керек: бастысы
– бұл мәселенің шешімін табу және қарым-қатынастарды реттеу.
Бірақ, егер шешімі табылмаса, не жағдай болса да,
жақсы қа-
рым-қатынасты сақтауды ойластырған жөн. Өйткені шешімін
іздеуге сақталған қарым-қатынасқа сүйене отырып, кейінірек
қайта оралуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: