284
−
әртүрлі ашық сұрақтарды пайдалан. Мысалы, былай сұра:
«Сіздің айтып жатқаныңыз айғақ па, әлде пікірлер, болжамдар
ма?»;
−
айтылып жатқан наразылықтардың санын азайтy. Мыса-
лы: «Сіздің дауларыңыз маған жұмысты жақсартуға мүмкіндік
береді, сондықтан ең маңыздысын
және бірінші дәрежелісін
ажыратып көрсетіңіз»;
−
бұл наразылықтарды қарсы пікір білдіруші қалайтын нақ-
ты соңғы нәтижеге ауыстыр;
−
қарсы пікір білдірушіден кеңес сұра,
оның наразылығын
тудырған нәрсені ол қалай шешетіндігін сұра. Бірақ мұнда ақ-
талма, басқаларды айыптама, жағдайларға жүгінбе;
−
қатынасты позитивті күйде аяқта, мысалы,
қарсы пікір
білдірушіге оған өз қызметінің сыни көзқарасын көрсеткендігін
айтып, ризашылық білдір.
5.
Мүмкін
болған
агрессияны
күтілмеген
амалдармен
жой
.
Мұнда басты міндет кері эмоциялардың деңгейін төмендету,
идеалында
–
қарсы пікір білдірушіні кері эмоциядан позитивтіге
ауыстыру болып табылады. Мұндай амалдарға келесілерді
жатқызуға болады:
−
қарсы пікір білдірушіден сенімді түрде
кеңес сұра;
−
мүлдем басқа туралы, бірақ сұхбаттасушы үшін маңызды
зат туралы күтілмеген сұрақ қой;
−
бұрында не байланыстырғанын және жағымды болған-
дығын
есіне сал;
−
қошемет сөздер айт («Ашуланғанда сіз одан сайын әдемі
болып кетесіз...»).
Достарыңызбен бөлісу: