Семинар 1: Эмоционалды интеллект құрылымы



Дата29.01.2022
өлшемі18,04 Kb.
#115877
түріСеминар
Байланысты:
1-Эмоционалды интеллект құрылымы


Семинар 1: Эмоционалды интеллект құрылымы

1. Эмоционалды интеллект құрылымының компоненттері


2. Өзінің эмоциясын тану, өзін-өзі бақылау компоненттері
3. Эмоционалды сезімталдық және қатынастарды басқару компоненттері

Эмоционалды интеллект де­ге­німіз – адамның өз эмо­циясын қабылдап, кәдеге жарата білуі. Кез келген тапсырманы тиімді ше­шу үшін эмоциясын игеру қа­білеті. Эмоция – энер­гияның кө­рінісі. Сондықтан барынша эмо­циялық ойлауды дамыту керек.

90-жылдардың ортасында Дэниел Гоулманның «Эмоцио­налды интеллект: IQ-дан да ма­ңызды» психологиялық бест­­селлері жарық көрді. Белгілі жур­налистің зерттеу еңбегі көп­шілікке ой салды. Кітабында ере­сектер мен балаларды бірге зерт­теген. Қорытынды шығар­ғанда баланың қандай отбасында тәрбиеленгені, мектепте, уни­вер­ситетте алған бағасы үлкен өмірге сүйеу бола алмайтынын көрсет­кен. Адамның қоршаған ортамен байланысы, яғни эмо­цияны иге­ре алуы болашағына кепіл бола алатынын жазған. Жеке өмірде де эмоцияның ық­палы зор. Қарым-қатынас ор­нату, жаңа ортаға сіңісу аталған тақырыппен бай­ла­нысты екен. Мұны бұрын­нан білеміз ғой де­уіңіз мүмкін. Бірақ бұл – сіз ойла­ғаннан да күр­делірек та­қырып.

Ежелгі гректер ақылды адам деп ақыл-ой, логика, эмоция үш­ті­гін біріктіре алатын тұлғаны айтқан. Эмоциялық интеллект­пен ойлауды алдыңғы орынға қойған. Бұл екі жарым мың жыл бұрын тіркелген дерек екен. Со­ған қарамастан, адам эмоция­сы мәселесі – әлі күнге өзекті тақырып.

Бірқатар ғалым эмоция әле­мін зерттеуге бел буған. 1870 жы­­лы Чарльз Дарвин сыртқы кө­рініс арқылы адам эмоциясын зерт­теу­ге талпыныс жасады. 1920 жы­лы америкалық психо­лог Эдвард Торндайк алғаш рет әлеу­меттік ақыл-ой ұғымын ғы­лымға енгізді. Ол мұны «Адам­­ның қор­шаған ор­тамен қа­рым-қатынаста ақыл­ға қо­ным­ды әрекет ету қа­білеті» деп түсіндірді.1983 жылы Говард Гарднер интеллектін Ішкі және тұлғааралық деп бөліп, интел­лект теориясын ұсынды. Деген­мен Гоулман еңбегі бәрінен асып түсті. Ұғымды көпшілікке кеңі­нен танытып, өзінше әрекет етуге үйретті.

Осындайда IQ не үшін керек деген сұрақ тууы мүмкін. IQ – ақыл-ой қабілетінің объективті көр­сеткіші. Интеллект коэффи­циенті адам­ның мектептегі, жұмыстағы дең­гейін анықтайды. Ал эмоционал­ды интеллект ұжымда жұмыс істеу қабілетіне және әріптес­терінің көңіл күйіне әсер етеді. IQ-ге қарағанда EQ-ді реттеу мен көтеру оңай.

Мысалы, жұмыс берушілер жоғары ақыл-ой қабілетін ба­ғалайды. Бірақ 1-орынға қой­май­ды. IQ көрсеткіші жоғары адамға көппен тіл табысу қиын болуы мүмкін. Сондықтан көп­теген ірі компаниялар эмоцио­налды интеллекті бар жұмыс­шы­ны қа­лайды. Эмоционалды интеллек­тіні тексеретін арнайы тест бар. Шетелде жұмыс беру­шілер атал­ған тесті қолданады екен. Шы­нымен де, ортамен ұйыса жұмыс істеп, көңіл күйі тұрақты болатын маман кім-кімге бол­масын қажет.

EQ әсер ететін бірнеше фак­тор бар. Өз-өзіңді тану, шыңдау, мотивация, эмпатия және әлеу­меттік дағды. Өзін-өзі тану – се­зім мен іс-әрекет арасындағы бай­ланысты ұстауға жәрдем б­е­реді. EQ-і жоғары адам өзін шың­дай түседі. Өзіне сұрақ қоюға, мәселені шешуге бейім келеді. Ол бәрін жеңіл қабылдауға тырыса­ды. Бұл оған мотивация сыйлай­ды. «Мүмкіндікті байқап көрме­сең, ұтыласың» деп ештеңеден бас тартпайды. Сынап көреді, жеңеді. Маңыздысы – эмпатия. Эмоциялық интеллект басқаның не сезінетінін және ойлайтынын түсіне білуге әкеледі. Нәти­же­сінде, сіз риторикалық әдіспен жұмыс істеуді үйренесіз. Сендіру техникасын меңгересіз. Әлемде атал­ған дағдылар бойынша эмо­циялық интеллектке бейім­дейтін мектептер бар. Олар ба­ланы жас­тан эмоциясын басқара білуге, жақсы іске ұмтылуға үйретеді.

Егер тарихи мысалға жүгін­сек, дана билеушінің үлгісі ре­тінде үнді императоры Ашок еске түседі. Оның эмоциялық интел­лекті жоғары болыпты. Махатма Ганди болса, эмпатияға қабілетті көшбасшы. Эмпатия – эмоцио­нал­ды интеллектің құ­рам­дас бө­лігі. Қызығы, Трампты ел басқару да­ғдысына қарамастан, эмоция­лық интеллекті төмен көшбасшы деп сөгеді екен.

Сонымен, осындай сұрақ туын­дауы мүмкін: EQ индикато­ры бойын­ша эмоциялық интел­лекті төмен екенін қалай білуге болады? Бі­рінші фактор – өз-өзіне және өз іс-әрекетіне сенім­сіздік. Екін­ші­сі – шамадан тыс өзін-өзі сынауға бейім болу. Үшіншісі – қоршаған ортамен тіл табыса білмеуі. Яғни, эмоциялық ой­лауы төмен адамда басқалармен қарым-қатынас орнату қиынға түседі. Араласып кете алмайды. Айналасындағы әрекеттерге тез арада жауап қатпайды.

Белгілі профессор Конс­тан­тинос Петридес – эмоционалды интеллекті зерттеп жүрген ғалым. Ол «Эмоционалды ин­тел­лектің белгілері» атты кітап жазған. Сол кітапта EQ-ді та­нуға арналған бірнеше әдіс ұсынған. Оның айтуынша, ең алдымен, өзіңізге «Мен кіммін?» деген сұрақ қоясыз. Содан кейін ғана «Нені сезіп тұрмын?» деп сұ­рауды жал­ғастырасыз. Тәсілдің мәні – адам өзін түсініп, эмо­цияларын тануы керек. Осыдан кейін айнала­сын­дағылардың сезімін талдап үйрену қажет.

«Мұны істеу оңай емес. Өмір бойы адамдар сырттан бақыт табуға тырысады. Осылайша, сыртқы жетістік – табыстың ви­зит карточкасы есебінде. Адам мектепті аяқтап, беделді универ­ситетке түсіп, жоғары ақы төле­нетін жұмыс іздейді. Ең жақсы жарды, ең жақсы үйді, машинаны таңдайды. Ол үнемі өзі қалыптас­тырған биікке шығуға тырысады. Бірақ бұл мүмкін емес. Себебі ол өзінің ішкі қажетін түсінбейді. Бәрін сыртқы факторға байлап қояды. Мүмкін оның қалағаны басқа шығар. Сондықтан адам қағи­даны бұзып үйренуі керек. Жо­ғарыдағы әрекетке бейімдел­ген ол белгілі бір уақытта бақыт­сыз екенін түсінеді. Кейде бұл тым кеш болады. Лондонда осын­дай адамдар көп. Сыртынан табысты және позитивті болып көрінеді. Алайда іс жүзінде күй­зелісте жүреді», – дейді Петридес.



Профессор адамдарға шы­найы өмір сүруге кеңес береді. «Эмоцияны шығарып, ішкі өзіңді іздеуге ұмтыл» дейді. Эмо­ция адам­ды басқарса, қиын бола­ты­нын, сол үшін эмо­цияны бас­қару­ды үйрену керегін айтады. Келесі тәсілі – медитация. Егер адам іштей өз­геріске дайын бол­са, қолы­нан келмейтіні жоқ екен. Ал мұны AQ деп атайды. Adaptation quality – өзгеріске бейім­де­ле білу. Яғни, өзгеріске кім тез бейім­делсе, сол мықты.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет