Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет60/179
Дата11.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#157769
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   179
Байланысты:
Басқару психологиясы

объективтендіруоперациялары
 
жетек-
шінің мәселені оған қатысушылар дұрыс түсінетіндей етіп тұ-
жырымдауға, қоя білуге тиіс өзіне тән басымдығы болып та-
былады. Шешімдердің іске асуы тұжырымдалатын мәселенің 
оны шешуге тартылатын топ ерекшелігіне сәйкес бейімделуі 
кезінде ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. 


158 
Мотивтену
 
операциялары
ерікті-мәжбүрлік таңдаудың пси-
хологиялық құбылысымен байланыста болады. Ерікті таңдау 
тиімділігі мәжбүрлікке қарағанда едәуір жоғары. Басқару ше-
шімдерін қабылдау процестері ерікті және мәжбүрлік таңдаудың 
компоненттерін синтездейтін 
құрама
 
таңдау ретінде көрінеді. 
Коллегиялық типтегі басқару шешімдерін шығарудың қиынды-
ғы мен қарама-қайшылығы осында және олардың көптеген 
психологиялық ерекшеліктері осыған байланысты. Мұндай тип-
тегі шешімдердің тиімділігі, егер шешім шығару мақсаты айты-
лып қана қоймай, қабылданатын болса, ал мәжбүрлік реңін жо-
ғалтып, еріктіге тасымалданатын болса, едәуір жоғары болады. 
Жетекші нормативтік мақсатты жалпыға айналдыра және ше- 
шім шығаруды (мақсаттық орталандыру принципі бойынша) 
мәжбүрлеу емес, сенім бойынша басқара білуге тиіс. Мұндай 
жолмен «топтың әлеуетін жібіту» тиімділігіне жетуге болады, 
бұл оның іс-әрекет табыстылығын арттырудың негізі болып 
табылады. 
Үйлестіру
 
операциялары
 
жүру барысында коллегиялық бас-
қару шешімдері жүзеге асатын «шешімдік пікірталастарды» 
ұйымдастыруға байланысты. 
Стратегиялық
 
операциялар
. Түбегейлі шешімді іске асыру 
үшін жетекші негізгі үш стратегияның – авторитарлық, мажо-
ритарлық немесе консенсустық стратегияның біреуін қолдануға 
тиіс. 
Постшешімдік
 
операциялар
шешімдердің орындалуын 
ұйымдастыруға, оны іске асыру үшін мәжбүрлеуге және оның 
орындалуын бақылауға бағытталған. Бұл операциялар жүйесі – 
шешім қабылдау процесіне қатысты негізгі үш басқару функ-
цияларын, яғни орындауды, мотивті және бақылауды ұйымдас-
тыруды нақтылау. 
Санкциялау
 
операциялары
. Көптеген стратегиялық басқару 
шешімдерінің қажетті компоненті – жетекшінің оларды жоғары 
тұрған басшылық алдында негіздеу, оларға санкция алу шебер-
лігі. 
Полипроцессуалдық
 
үйлестіру
 
операциялары
. Жетекші көп-
теген мәселелер мен функцияларды қатар (параллель) іске асы-
рады. Әрбір шешімнің табыстылығы олардың қаншалықты үй-


159 
лескенімен, басымдықтары бойынша иерархияға тізілгенімен 
және өзінің кезектілігі бойынша оңтайлы екендігімен анықта-
лады. 
Басқару шешімдерін қабылдау процестері шешім шыға- 
рудың жалпы циклі бойынша проблеманы тану мен қоя білу-
ден, бақылау мен түзетуге дейін таралады. Олардың жиын- 
тығы басқару шешімдерін шығару, қабылдау және іске асыру 
жөніндегі уақытша құрылымдық операциялар болып табы- 
лады. 
 
Басқару
 
шешімдерін

қабылдау
 
процестерінің
 
феноменологиясы
 
Бұл ұғым басқару шешімдерін шығару мен қабылдау кезінде 
байқалатын мінез-құлықтық құбылыстар мен заңдылықтар жиын-
тығын білдіреді. Олар тек шешім процестеріне ілесіп қана қой-
май, олардың жүру барысын да реттейді. 
Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің жалпы фе- 
номенологиясына жеке және топтық таңдауға тән негізгі
құбылыстар кіреді. Бұл процестер әлеуметтік және ұйымдық 
тұрғыдан жүзеге асады, сондықтан да олар жалпы көпте- 
ген әлеуметтік-психологиялық құбылыстарға таралады. Басқа-
ру шешімдерін қабылдау процестерінің жалпы феномено-
логиясында құбылыстардың негізгі төрт тобын атап көрсе- 
теді: 
1) Басқару шешімдерін қабылдау процестерін сипаттайтын, 
нәтижесінде олардың жеке таңдауға тиесілі құбылыстар; 
2) Басқару шешімдерін қабылдау процестерінде олардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет