Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет58/179
Дата11.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#157769
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   179
Байланысты:
Басқару психологиясы

қарсы
 
салмақ
ретінде болады. Бірлескен-стратегиялық ше-
шімдерде, демек шешім шығарудың иерархиялық және коорди-
нациялық (үйлестірулік) аспектілерінің 
инверсиясы
орын алады. 
5

Метаколлегиялық
 
деңгей
.
Басқаруды ұйымдастыру жүйе-
лерінің көпшілігі әлдеқайда жалпы басқару құрылымдарына қо-
сылады. Ұйым жетекшісі онда иерархиялық жоғары тұлға бо-
лып табылады, ал басқарудың әлдеқайда жоғары жалпы құры-
лымына бір мезгілде оның қатардағы мүшесі ретінде кіреді. 
Мұндағы шешімдердің өзіндік ерекшелігі төмендегідей туын-
дайды: 
1) жалпы (жоғары тұрған) құрылымда қызмет ете отырып, 
жетекші өзі басқаратын топ қызығуларын, мүдделерін ескеруге 
тиіс. Жетекшінің онымен тікелей байланысы жоқ, керісінше, 
оның тобының мүдделерімен жиі сай келмейтін басқа ұйымның 
ықпалын (кейде қысымын) сезінеді
2) бұл шешімдердің негізгі ерекшеліктері олардың 
маргинал
-
дық
сипатымен байланысқан. Жетекші өз тобының мүдделерін 
айтуға, сондай-ақ әлдеқайда жалпы ұйымның нормалары мен 
ережелеріне де бағынуға тиіс. Шешімнің «референттік топта-
рының қос еселену» құбылысы туындайды. Бұл позициялар 
көбінесе антогонистік қатынастарда болады. Бұл шешімдер бас-


155 
қару шешімдерінің бұрынырақ қарастырылған формаларынан 
сапалы түрде ерекшеленеді. Оларды «маргиналдық шешімдер» 
ұғымымен белгілейді. 
Метаколлегиялық шешімдердің тағы бір маңызды ерекшелігі 
– шешім қабылдау процедурасының өздері қатысатын ұйымдық 
құрылым 
шегінен
 
«шығып кетуі». 
Сараптық
 
шешімдер
ұғымы-
мен белгіленетін шешімдер формасы олардың тағы бір түрі 
болып табылады. Консультанттар мен кеңесшілер мазмұндық 
түрде де, формальды түрде де шешім шығаруға қатысты ұйым-
дық құрылымға мүше бола алмайды. Демек, шешімдерді ұйым-
дастырудың мұндай процедурасы кезінде топ шегінен шығып 
кету орын алады. 
Шешімдер формалары арасындағы айырмашылықтардың 
көптігі басқару шешімдерінің 
сапалы
 
түрдегі
 
деңгейлері
ретінде 
қарастырылады. 
Жетекші іс-әрекетінде 
элиминативтік
 
мінез
-
құлық
деп ата-
латын мінездің таңдау процестерімен байланыстағы формасы 
үлкен орын алады. Оның мәні таңдауды жүзеге асырудағы 
қажеттіліктің өзінен 
бас
 
тартудан
, шешім қабылдау процесін 
жүзеге асырудан, оны іс-әрекеттің басқа тәсілдерімен ауыстыра 
отырып 
кетіп
 
қалудан
көрінеді. Мұндай мінез-құлық табиғи жағ-
дайларда іс-әрекет серпіні мен нәтижелеріне және оның субъек-
тивтік параметрлеріне (мысалы, қауырттық) күшті ықпал етеді. 
Элиминативтік мінез-құлық құралдары негізгі үш топқа 
бөлінеді: 
баламалы

баламасыз
 
және
 
жағдайға
 
тәуелділік

Басқару іс-әрекетінде элиминативтік мінез-құлық байқалу 
дәрежесі максималды болады. Бұл оның төмендегідей психо-
логиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктеріне байла-
нысты: 
– шешімдер бөлігінің топтық сипаты (шешімдерді басқа тұл-
ғаларға «ауыстыра жүктеу»); 
– іс-әрекет процесіне бақылаудың әлсіздігі; 
– жауапкершіліктің жоғары дәрежесі, ол шешімді айналып 
өтуге ұмтылуды ынталандырушы болып табылады; 
– жетекші мәртебесінің маргиналдығы
– іс-әрекет тиімділігін бағалаудың айқын емес көрсеткіш-
тері; 


156 
– іс-әрекеттің үлкен күрделілігі және көптеген шешімдердің 
объективті қиындығы оларды айналып өту тілегі; 
– алгоритмдену шамасының әлсіздігі; 
– нормативтік нұсқаулар тарапынан әртекті регламенттелуі; 
– іс-әрекет айқынсыздығының үлкен дәрежесі; 
– іс-әрекетті жүзеге асыру тәсілдерінің жоғары поливариа-
тивтілігі. 
Таңдау жағдайларымен басқару іс-әрекетіне тән мінез-құ-
лықтың элиминативтікке 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет