150
Басқару шешімдерін процессуалдық ұйымдастырудың нор-
мативтік психологиялық мазмұнындағы
өте маңызды айырма-
шылық, онда шешімнің өткен кезеңдеріне үнемі қайта оралу-
дың, оларды қайта саналаудың және жаңа ақпаратты ескере
отырып өзгертудің болуында. Нәтижесінде өткен кезеңдер ке-
лесілермен түзетіледі, бүкіл процестің
келісімділігі мен тұтас-
тық шарасы артады. Өткен кезеңдерді көп қайтара «қарастыру»
және жетілдіруден көрінетін заңдылық процессуалдық ұйым-
дастырудың
итеративтілік
принципі
ретінде белгіленеді [61].
Басқару шешімдерінің процессуалдық сипаттамасының екі –
«беттік» және «тереңдік» деңгейлері бар. Біріншісі – негізгі ке-
зеңдердің
мазмұны
заңдылықтарына
және олардың
тізбектілі
-
гіне
негізделген. Ашылған түрде бұл кезеңдер шешім қабылдау
процестерінің нормативтік оптимумына ұқсас. Екінші деңгей
мақсаттық детерминация, итеративтілік,
минималды жеткілікті
дифференциация принциптерімен шартталады. Олар басқару
шешімдері процесінің нақты мазмұнын анықтайды және маңыз-
ды бейімдеу – таңдау жағдайының мазмұны мен типін шешім
процесінің мазмұнын, оларды оңтайландыра
отырып келістіру
функциясын атқарады.
Басқару
шешімдерін
қабылдау
процестерін
құрылымдық
ұйымдастыру
Кез келген объектінің құрылымдық сипаттамасы оны ашып
көрсету кезінде басты болып табылады. Басқару шешімдерін
қабылдау процестеріне қатысты дәл осы негізгі жоспар таным
үшін бұл процестердің жоғары күрделілігіне
байланысты әлде-
қайда қиын, сондықтан ол басқаларға (мысалы, процессуалдық
аспектілерге) қарағанда, нашар жасалынған.
Басқалардың шешімдер сипаттамасын бір мезгілде құры-
лымдардың
бірнеше
негізгі
типтеріне
сүйене отырып береді,
бұл осы шешімдердің күрделілігін шарттандырады.
Құрылым-
дардың типтері кешенді ғана басқару шешімдері құрылысын
сипаттай алады. Басқару шешімдерін қабылдау процестерінің
формальды, деңгейлік және операциялық құрылымдарын атап
көрсетеді.