26
Бұл тәсіл аса бөлшектенгеніне қарамастан, басқару іс-әре-
кетінің мазмұны жөнінде барынша толықтай түсінік береді.
Басқару
іс
-
әрекетін
нормативтік
тұрғыдан
талдау
.
Бұл
басқа іс-әрекеттерге қатынасы бойынша қосымша ретінде қол-
данылады және оларды жүзеге асыру әдістерінің бірі болып
табылады. Мұндағының негізгісі – іс-әрекеттің нормативтік ма-
құлданған тәсілі ұғымы (ІHMT). Кәсіби іс-әрекет теориясында
ІHMТ іс-әрекетті орындаудың қорытылған және нұсқаулық-
тармен бекітілген тәсілі ретінде анықталады.
Нормативтік талдау екі кезеңнен тұрады: 1) ІHMT мазмұ-
нын қызметтік міндеттер мен оларды орындау талаптары тұр-
ғысынан талдау; 2) іс-әрекеттің нормативтік және жеке тәсіл-
дерінің алшақтауын талдау. Соңында осы екі кезеңнің нәти-
желері қорытылады және талданады.
Басқару іс-әрекетін функционалдық талдау. «Әкімшілік
мектеп» саласында пайда болғаннан бастап бүгінгі күнге дейін
басқару іс-әрекетінің табиғатын түсінуде және оны қарастыру-
да айқын басымдықта. А. Файоль еңбектерінде, сондай-ақ аме-
рикалық менеджмент мектебінде қазіргі кезде осы іс-әрекет-
ті қарастыру нормасы пайда болған, функционалдық талдау-
дың негіздері тұжырымдалды. Дидактикалық әдебиеттерде
басқару іс-әрекетін талдау – басқарудың негізгі функцияларын
ашу негізінде (жоспарлау, мотивация, мақсат қою, т.б.) келтірі-
леді.
Басқару іс-әрекетін зерттеудің басты психологиялық бағыт-
тары негізгі қызметтерімен тікелей қарым-қатынаста болады.
Мысалы, басқаруда шешімдерді қабылдау психологиясы,
жетекшіні мотивациялау психологиясы, т.б. Бұл тұрғыдан іс-
әрекетті талдаудың бастысы – жекелеген басқару қызметтері
қарастырылатын «бірліктерді талдау» мәселесі шешіледі. Бұл
бірліктер кешенді, мазмұнға бай және қосымша мүшелеуді
талап етеді. Басқару іс-әрекеті күрделі және кешенді болған-
дықтан, оның бірліктері қарапайым бола алмайды. Сондықтан
теория мен тәжірибедегі функционалдық талдау әлдеқайда
конструктивтік болып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: