Н. С. Ахтаева А. И. Абдигапбарова



Pdf көрінісі
бет5/179
Дата11.11.2022
өлшемі1,92 Mb.
#157769
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179
Байланысты:
Басқару психологиясы

 
Басқарудағы
 
сандық
 
әдістер
 
мектебі
 (1950 
жыл
 – 
ХХ
 
ғасыр
).
Бұл мектептің негізгі еңбегі операцияларды зерттеу әдіс- 
намасында, өйткені оның іс-әрекеті күрделі басқару мәселе-
лерін әртүрлі ұйымдастырушылық жағдайлар жасау мен қол-
дану барысында түсінудің тереңдеуіне ықпал етті және күр- 
делі жағдайларда шешім қабылдайтын жетекшілерге көмек-
тесті. 


13 
Басқару психологиясының қарқынды дамуына 1966 жылы 
әлеуметтік психологтардың ғылыми қауымдастығының ядросы 
болған Эксперименттік әлеуметтік психологияның Еуропалық 
ассоциациясы (EAESP) құрылуы негіз болды. Еуропалық әлеу-
меттік психологияның өзін анықтау жолдарын іздеумен айна-
лысқан алғашқылардың арасында Тэджфэл (Tajfel) мен Московичи 
болды, олар еуропалық жолдың бағдарларын, әлеуметтік фено-
менологияны зерттеуге қатысты позитивистік әдіснамасына 
байланысты әлеуметтік-психологиялық зерттеулердегі эмпири-
цизм мен экспериментализмнің ең осал орындарын айнала өту 
арқылы ұсынуға тырысты.
Адам қарым-қатынасын реттеу психологиясының нақты 
өмірмен байланыс проблемасы Московичи және оның ізба-
сарлары жасаған теориялар шеңберінде әлдеқайда көкейкесті 
екені байқалды. Бұл аспектіде еуропалық психологтардың идея-
лары әлдеқайда өнімді болып табылады. 
Посткеңестік кеңістік шеңберіндегі қарым-қатынас психоло-
гиясының даму тарихын Г.М. Андреева атап көрсеткен. Кеңес-
тік психологияның спецификасы көбінесе оның проблемала-
рының идеяларға негізделуімен анықталды [8]. 
 
ХХІ
 
ғасыр
 – 
психология
 
әлемдік
 
феномен
 
ретінде
.
XXI ға-
сырда бұл бағытқа компьютерлік техникалық даму қуатты күш 
берді. Осының салдарынан ақпараттық қарым-қатынас құрал-
дарының қарқынды дамуы, «адам-техника» жүйесінің басым 
болуымен ерекшеленеді.
Қ.Е. Құбаев пен К.Б. Бердалиев, С.Ы. Өмірзақов, Б.К. Есен-
ғазиев «Басқару негіздері» (1997 жыл) оқу құралында басқару 
процесінің негізгі сипаттамалары, басқару процесінің типтері, 
басқарушылық шешім қабылдау себептері мен классификация-
сы, басқарушылық шешім қабылдау принциптері мен саты-
лары, басқарудағы экономикалық әдістері мен ұйымдық-әкім-
шілік әдістерге терең талдау жасаған [14, 15]. Басқару шешім-
дерін қабылдау проблемалары ұйымының практикалық жұмысы 
жағдайын қарастыру, басшы мен қарамағындағылардың ара-
сындағы қарым-қатынасты, олардың өнімді ынтымақтасты- 
ғының жолдарын, жанжалды жағдайларды шешу әдістеріне


14 
В.А. Розанова «Басқару психологиясы» (1999 жыл) арналады 
[16]. А.А. Урбановичтың «Басқару психологиясы» (2004 жыл) 
еңбегінде басқару психологиясының теориялық негіздерін, 
басшы мен бағынушылардың тұлғалық сипаттамаларын, іскер-
лік қарым-қатынас және өзара әрекеттесу негіздерін, қақты-
ғыстар жағдайларын, сондай-ақ басшы қызметіндегі стрестер 
мен дағдарыстарды еңсерудің әдістері мен құралдарын көр-
сеткен [17]. 
2007 жылы белгілі ғалым, экономика ғылымдарының док-
торы, профессор Александр Николаевич Митинның «Басқару 
психологиясы» оқулығы жарыққа шықты. Оқулық басқару 
теориясы мен практикасына негізделе отырып, адамдардың 
қатынас жүйесіндегі тұлғалар мен ұйымдастырушы топтарды 
анықтайтын ғылым саласын зерттеді. Шынында да, басқару 
әрдайым психологиялық мазмұнымен толықтырылады, өйт- 
кені оның басты кейіпкері өзінің қабілетімен, қажеттілігімен, 
зердесімен ерекшеленетін адам. Мамандар бұрын да дәлелдеген 
адамның кез келген ұйымдағы іс-әрекетінің тиімділігі оның 
кәсіби дайындық деңгейіне ғана емес, сонымен қатар сол сәттегі 
психологиялық кейіпіне де байланысты болады. Автор басқару 
психологиясының пәні қандай психологиялық-басқару проб-
лематикасында өзін көрсететінін айқындап берді. Олар – же-
текші іс-әрекетінің еңбегін ынталандырудың, ұйым іс-әреке- 
тін басқарудың субъектісі мен объектісі ретіндегі бірлескен 
еңбек іс-әрекетінің және оның ақпаратпен толықтырылуы- 
ның психологиялық аспектілері. Оқулықта теориялық және 
әдіснамалық ұстанымдар, түсініктемелік аппарат, жеке тұл-
ғаның негізгі қасиеттері, оның психологиялық көңіл-күй ерек-
шеліктері және басқарушылық қызметке табысты қатысу фак-
торлары қарастырылған. Сондай-ақ басқарушылық әсері мен 
олардың арасындағы байланыстарды қарастыратын жүйелік 
тәсіл принциптеріне негізделген. Автордың пікірінше, осындай 
жүйелі тәсілдің кілті – элементтердің арасындағы байланыстар, 
олардың құрамына немесе жеке ерекшеліктеріне қарағанда әл-
деқайда маңызды екенін тану. Басқару іс-әрекеттерінің пси-
хологиялық ерекшеліктері, жетекшілердің тиісті қасиеттері 
психологияның басқа салаларында зерттелмегенін түсініп, автор 


15 
халықпен жұмыс істеудің жүйелік тәсілдемесі басқарушылық 
әсердің үздіксіз жақсаруы, қызметкерлерді шығармашылық 
қабілеттерін барынша арттыруға ынталандыратын қуатты 
материалдық емес мотивтер мен ынталандырулар жасау болып 
табылады деп пайымдайды, еңбек қызметі процестерінде, осы-
лайша олардың өмір сүру сапасын арттырады [18]. 
О.Г. Бугрованың «Басқару психологиясы» (2008) электрон-
ды оқулығында басқару психологиясының негізгі тұжырымда-
малары, оны қалыптастыру үдерісі, сондай-ақ қазіргі даму са-
тысындағы өзекті мәселелер қарастырылады [19]. Т.С. Каба-
ченко «Басқару психологиясы» (2008) электронды оқулығында 
басқару психологиясының негізгі тұжырымдамалары, оны қа-
лыптастыру үдерісі, сондай-ақ қазіргі даму сатысындағы өзекті 
мәселелер қарастырылады [20]. Басқару психологиясының 
теориялық және практикалық мәселелері баяндалған. Басқару 
өзінің жеке заңдылықтары бар іс-әрекеттің ерекше саласы ретін-
де, сонымен қатар қоғамдық өмірдің барлық салаларын қам-
титын адами тәжірибенің кең саласы ретінде қарастырылған. 
Бұл туралы Л.Н. Захарованың «Басқару психологиясы» (2012) 
еңбегі қарастырылған [21]. Басқарудың психологиялық қол-
дауын қамтамасыз ететін менеджердің және психологтың кәсіби 
қалыптасуының рефлексиялық әрекеттік моделі ұсынылған. 
Психологиялық басқару әдістерін пайдалану арқылы ұйымдар-
дың жұмыс істеу тиімділігін арттыру мүмкіндіктері көрсетілген. 
Менеджердің кәсібилілігінің психологиялық компоненттері 
қарастырылған. Ұйымның кәсіби іс-әрекетін және қызметін пси-
хологиялық жобалау қағидалары мен алгоритмі анықталған. 
Сұрақтар мен тапсырмалар, нақты жағдайлар, диагностикалық 
материалдар және әдістемелік нұсқаулар берілген. Д. Райго-
родскийдің «Жетекшілік психологиясы» мен «Кәсіпкерлік пси-
хологиясы» еңбектерінде көшбасшылық психология мәселеле-
рі және еңбек процесінде көшбасшылық, стилі мен тиімділігі, 
түрлері, тұжырымдамалары, көшбасшылық теориясы мен тә-
жірибесі қарастырылады [22, 23, 24]. А.П. Двинин, И.А. Роман-
ченко (2013) «Психодиагностика. Білім беру және кадрлық
менеджмент» диагностикалық оқуқұралы кәсіби қызметте пси- 
ходиагностикалық құралдарды білікті пайдалануға мүдделі 


16 
оқырмандарға арналған [25]. Жарияланымда ғылыми және қол-
данбалы ғылыми жұмыстар (дипломдар, диссертациялар) орындау 
үшін, сондай-ақ персоналмен жұмыс істеуде кәсіби білімді 
тереңдету үшін қажетті диагностикалық әдістемелер берілген.
Соңғы онжылдықта басқару психологиясы бойынша «Же-
текшілік психологиясы», «Кәсіпкерлік психологиясы» (Д. Рай-
городский (2007) [22, 23, 24], «Басқарушылық психологиясы» 
(Г.И. Колесникова, С.А. Сущенко, А.Т. Латышева, С.И. Самыгин, 
2016) «Психодиагностика: білім және кадрлық менеджмент» 
(Двинина, Романченко (2015) [25], «Конфликтология» (А.Я. Гусь-
ков, С.В. Алексеев, И.Е. Говядкин, 2013) жарияланымдарды 
атап көрсетуге болады [27].
Сонымен заманауи басқару ғылымы бірте-бірте әлеуметтену 
және психология бағытына ауыса бастағанын байқауға болады. 
Қазіргі уақытта ұйым ішінде адамдардың әлеуметтік-психо-
логиялық ерекшеліктерін ескере отырып адамды белсендендіру 
жолдарын іздестіру кез келген өндірістің бірлескен тиімді жұ-
мыстарын жетілдіру шарттары болып табылады. Көп жағдайда 
басқару психологиясын көпжақты дамыту, негізгі, жеке психо-
логия ғылымның объектілерін зерттеу пәндерін нақтылайды. 
Сөйтіп, бұл тарауда басқару психологиясының даму тарихына 
шолу жасала отырып, ғылыми тұрғыда өзінің дербестігін ай-
қындағанын байқауға болады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет