10
басқару – бұл айрықша мамандық, ал ол туралы ғылым – дербес
пән деген тұжырымға келеді [13]. Еңбек өнімділігін арттыруға,
бұл мектеп өкілдерінің пікірінше, негізгі үш тәсілмен қол
жеткізуге болады:
1)
еңбектің өз мазмұнын – оның режимін, жағдайларын,
операцияларын, жұмыс әрекеттерін тиімділендіруді қарастыру.
Осының бір өзі ғана қарапайым қол еңбегі өнімділігінің күрт
өсуіне және өндіріске деген әкімшілік шығындардың азаюына
алып келді;
2)
ұжымдық және жеке еңбекке бақылауды еңбек үдерісін
ынталандыру және реттеу жүйесі негізінде енгізу;
3)
кәсіпорынды тұтастай басқарудың оңтайлы жүйесін, осы
ұйым жұмысының ең жоғары нәтижелерін қамтамасыз ететін
жүйені анықтау.
Басқару туралы ғылым өзінің пайда болған сәтінен бастап,
еңбекті ұйымдастыру және оны басқаруда өндіріс тиімділігі мен
кірісті ұлғайтудың қосымша резерві болып табылатынын айқын
әрі сенімді көрсетіп берді. Еңбекті басқарудағы Ф. Тейлордың
негізгі принциптері төмендегідей:
а) жұмыстың әрбір элементін ғылыми тұрғыдан орындау;
ә) ғылыми тұрғыдан жұмысшыларды таңдау және оларды
оқыту;
б) жұмысшылармен бірлесу;
в) менеджерлер мен жұмысшылар арасындағы нәтижеге
деген жауапкершілікті бөлу.
Осы бұлжымайтын айғақтар мен дәлелдер басқару туралы
ғылымға қатысты қоғамдық пікірдің өзгеруіне алып келді.
Достарыңызбен бөлісу: