Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет11/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

1-сурет
Тері құрлысы
I – эпидермис:
1 – мүйізді қабат; 
2 – шыны тәріздес қабат;
3 – дәнді қабат;
4 – тікенек тәрізді қабат;
5 – базальды қабат. 
II – дерма:
6 – емізік тәріздес қабат; 
7 – торлы қабат.
III – тері асты шел майы; 
IV – тер безі;
V – шаш фолликуласы; 
VI – май безі 


Тері дененің барлық жауып тұрып, табиғи тесіктер маңында 
кілегей қабаттарға ауысады. Ересек адамның терісінің жалпы 
аумағы 1,5-ден 1,8м
2
құрайды. Тері адам денесінің сыртқы жабын 
мүшесі.
Теріні 3 бөлімге бөлуге болады 
(1-сурет)

• эпидермис 
(epidermis)

• дерма 
(derma)

• тері асты шел майы 
(subcutis)
, немесе гиподерма 
(hypodermis)
.
 
Эпидермис
(тері беті) – терінің көпқабатты сыртқы бөлігі. Ол 
бір-бірінен клеткаларының көлемімен, пішінімен, сондай-ақ 
қызметімен ерекшеленетін 5 қабаттан тұрады. Оның қалыңдығы 
ең нәзік жерлерінде (қабағында) 0,04 мм, ең дөрекі жерлерінде 
(алақан, табан) 1,6 мм-ге дейін барады. Эпидермис 5 қабаттан 
тұрады: 
1.
базальды қабат 
(stratum basale)
табылады;
2.
тікенекті 
(stratum spinosum)
қабат; 
3.
түйіршікті 
(stratum granulosum)
қабат; 
4.
жылтыр 
(stratum lucidum)
қабат; 
5.
мүйізді 
(stratus corneum)
қабат.
Дермамен шекаралас базальды мембрананың үстінде 
орналасқан призмалық және цилиндрлік клеткалардан тұратын 
бірқатарлы 
базальды қабат
жатыр. Базальды мембрана осы 
клеткалардың төменгі полюсінен шыққан протоплазмалық 
өскіндерден түзіледі. Бұл өскіндер дерма мен эпидермисті өзара 
берік байланыстырады. 
Базальды қабаттың кератиноциттері митоз арқылы көбею 
қызметін атқарады, сондықтан олардың цитоплазмасы құрамында 
ДНК-мен 
РНК-сы 
бар 
құрылымдарға, 
рибосома 
мен 
митохондрийге бай келеді. Кератиноциттер митоз арқылы көбейе 
отырып, жоғарыда аталып өткен эпидермис қабаттарын түзеді. 
Базальды қабаттың құрамында меланин пигментін түзуші 
меланоциттер, ақ аралшалық эпидермоциттер (Лангерганс 
клеткалары), түйсіну клеткалары (Меркель клеткалары) бар. 
Лангерганс клеткасының беткейінде иммунды жауаптың 
бастапқы 
фазасына 
қатысатын 
HLA-Dr-молекулалары 


орналасқан. Олардың цитоплазмасынан аденозинтрилфосфатаза, 
сілтілік және қышқыл фосфатаза, холинэстераза табылған. 
Цитоплазмада митохондриядан бөлек Гольджи кешені, рибосома 
мен вакуоль де бар. 
Базальды қабаттың үстінде цитоплазмалық өскіндері бар 
клеткалардан тұратын 3-8 қатарлы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет