Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық


ДЕРМАТОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет8/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

ДЕРМАТОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ 
 
Дерматология
– дамуы сонау ежелден бастау алатын тері (гр. 
derma
– тері) туралы ғылым. Мысалы, Қытайдың б.з.д. 2-3-
мыңжылдығына тиесілі медициналық кітаптарында алапес, 
қышыма, фавус, ихтиоз, витилиго, тілме, фурункул, безеу 
сипатталған. Гиппократ (б.з.д. 460-370 ж.) көптеген тері 
ауруларын сипаттап, оларды сыртқы және ішкі себептерге тәуелді 
деп, 2 топқа бөлген (сөл бұзылысы теориясы). Ол осы күнге дейін 
қолданыста жүрген терминдерді пайдаланған: ұшық, лепра, 
алапес, афта, карцинома, эктима, петехия. Римдік ғалым Цельс 
(б.з.д. 25 ж) өзінің 8 томдық “De medicina libri octo” трактатының 
бірқатар бөлімін тері ауруларына арнаған: сикоз, псориаз, терең 
трихофития, алапес және т.б. Ол дерматоз емінде күн сәулесін
жылы, физикалық жаттығулар қолдануды тағайындаған. 
Орта Азияның дарынды оқымыстысы Абу-Али аль Хусейн 
ибн-Абдаллах ибн-Сина (Авиценна) күлдіреуік, почесуха, 
риштаны сипаттап, проказаны күпсектіктен ажыратқан. Ол өзінің
”Дәрігерлік ғылым каноны” атты әйгілі еңбегінде ертеректе 
жазылған қытай, үнді, мысыр елі медицинасына толықтырулар 
енгізумен қатар, өз тарапынан да көптеген жаңа заттар енгізді. 
Авиценна жазбаларының бірқатары осы күнге дейін өзектілігін 
жоғалқан жоқ.
18-ғасырдың 
соңында 
веналық 
профессор 
Пленктің
дерматология бойынша ”Doctrina de morbis cutaneus” атты кітабы 
жарық көрді. Онда ол барлық ауруларды 14 классқа бөлген. Осы 
уақыттан бастап дерматологияның морфологиялық кезеңі дамып, 
өз алдына жеке ғылым ретінде қарастыруға жол ашылды. 
Неміс дерматологтар мектебінің негізін қалаушы, тері 
аурулары бойынша атлас пен нұсқама жазып шығарған F. Hebra 
(1816-1880) болып саналады.
Микробиологияның 
жетістіктері 
дерматологияның 
этиологиялық 
бағытта 
дамуына 
жол 
ашты. 
Көптеген 
саңырауқұлақты аурулардың (фавус, паразитарлық сикоз, 
антропофильді трихофития, түрлі түсті теміреткі), алапестің 
қоздырғыштары белгілі болды. Стрептококк, стафилококк, боз 


трепонема, сүзгіш вирус, туберкулезді таяқша, гонококк 
қоздырғыштары анықталды. 
Алғашқы 
тері 
ауруларының 
жеке 
кафедралары 
ұйымдастырылды: 1869 жылы Мәскеу университетінде (Д.И. 
Найденов жетекшілігімен), Санкт-Петербургтегі медициналық-
хирургиялық академиясында (Ф.П. Подкопаев жетекшілігімен) 
және Варшавалық университеттің медициналық факультетінде. 
Содан соң кафедралар Казань (1872), Харьков (1876), Киевтегі 
(1883) және т.б. университеттерде құрылды.
1876 
жылы 
Санкт–Петербургтегі 
медико-хирургиялық 
академия 
құрамындағы 
тері 
аурулары 
кафедрасына, 
дерматологиядағы алғашқы орыс профессоры атанған Алексей 
Герасимович Полотебнов (1869-1894) жетекшілік етті. Бір 
уақытта бөлек сифилидология кафедрасын В. М. Тарновский 
(1869-1894) басқарды. 
Мәскеулік дерматологтар мектебінің негізін салушы Мәскеу 
университетінің 
медициналық 
факультетінің 
тері 
және 
венерологиялық аурулар клиникасын басқарған А.И. Поспелов 
(1846-1919) болатын. Білікті клиницист бола тұра, ол 7 
басылымнан тұратын ”Тері ауруларын оқудың нұсқамасы” атты 
кітабын да жазды. А.И. Поспеловтің қоржынында тері атрофиясы, 
туберкулездік жегі және т.б. бойынша еңбектер кіреді. 1917-1924 
жылдары клиниканы мерез, алапес, туберкулезді зерттеп, кәсіптік 
дерматоз кезіндегі терілік сынаманы сипаттаған В.В. Иванов 
(1873-1931) басқарған. Содан кейін клиниканы негізгі жұмысы 
терінің кәсіптік ауруларына, склеродермияға, т.б. бағытталған 
Г.И. Мещерский (1874-1936) басқарды.1936 жылдан 1940 жылға 
дейін кафедраны онжылдық көлемінде студенттердің оқыған тері 
және венерологиялық аурулары бойынша оқулығының авторы 
П.С. Григорьев (1879-1940) басқарды. Ол сифилидология жөнінде 
де еңбектер қалдырған. 
Тері және венерологиялық аурулар кафедрасына 25 жыл 
көлемінде В.А Рахманов (1901-1969) басшылық жасады. Оның 
еңбектері кәсіби дерматоз, коллагеноздарға, т.б. арналды. Содан 
соң 1970-1983 жылдары кафедраны ыстық аймақтардағы тері 


және венерологиялық ауруларына бағыттылған еңбектерімен 
әйгілі Р.С. Бабаянц (1927-1983) басқарды.
Н.И. 
Пирогов 
атындағы 
II 
Мәскеу 
медициналық 
университетінде 1933-1941 жылдары кафедраның жетекшісі Н.А. 
Черногубов (1883-1942) болған. Ол тері, сүйек, ішкі мүшелер 
зақымдануымен жүретін жанұялық трихофитияны зерттеп, осы 
күнге 
шейін 
мағынасын 
жоймай 
келе 
жатқан 
дерматомикоздардың жіктемесін ұсынды, созылмалы жаралы 
пиодермияны сипаттады.
1952 жылдан бастап 16 жыл көлемінде кафедраны М.М. 
Желтаков (1903-1968) басқарды. Оның негізгі зерттеулері 
нейродерматоз, дерматоз патогенезінде нерв жүйесі мен бүйрек 
үсті безінің ролі, дерматологиядағы гипнотерапия, т.б. туралы 
болды. Ол “Дәрілік аллергия” монографиясы мен тері және 
венерологиялық аурулар бойынша оқулықтың авторы.
Мәскеулік дерматологияның мектебінің өкілі, білікті 
дерматолог, 
көп 
уақыт 
Орталық 
тері-венерологиялық 
институтының ғылыми жұмысына жетекшілік еткен – Л.Н. 
Машкиллейсон (1898-1964). Л.Н. Машкиллейсон дерматоздың 
патогенезі мен клиникасын жіті білетін, терең эрудициялы ғалым 
ретінде танымал. Трихофития, эпидермофитияның жіктелісі және 
тері ауруларының бірқатар клиникалық түрлерін сипаттап жазған
270-тен астам ғылыми жұмысы жарыққа шыққан. 
Н.С. Смелов (1898-1975) мерездің емі, тері туберкулезі
терінің қатерлі лимфомасы туралы мәліметтерге қатысты құнды 
зерттеулер жүргізген. 
М.П. Батунин (1894-1972) кәсіптік тері ауруларымен күресу 
мәселелеріне көп назар аударды, оның жұмысының нәтижелері
“Терінің кәсіби аурулары” (1933) деген нұсқаулығында 
жинақталған. Ол тері жамылғысының биохимиясы мен 
патофизиологиясы, тері реактивтілігі мен аллергиясы, дәрумендік 
тепе-теңдік, т.б. бойынша маңызды зерттеулер жүргізді. 
П.В. Кожевников (1898-1868) Түркіменстандағы лейшманиоз 
мәселесін зерттеп, осы аурудың клиникалық көрінісі мен 
динамикасын бақылап, созылмалы дерматоздары бар науқастарды 
диспансеризациялаудың көрсеткішін кеңейтті.


А.Я. Прокопчук (1896-1970) алғаш қызыл жегімен ауыратын 
науқастарға акрихинмен (1939) емдеу әдісін, тері өткізгіштігін 
зерттеу және терінің ісік алды ауруларын едеу үшін 
радионуклидті қолданды. Белоруссиядағы дерматовенерология-
лық қызметінің ұйымдастырушысы. 
Дерматостоматологиялық бағыттың негізін салушы Мәскеу 
мемлекеттік медико-стоматологиялық университет кафедра 
меңгерушісі Б.М. Пашков (1899-1973) болып табылады. Ол 
жұмсақ 
лейкоплакияны 
алғаш 
болып 
сипаттап, 
Н.Д. 
Шеклаковамен бірге, ауыздың кілегей қабығының қатерлі емес 
акантолизделмеген күлдіреуігін зерттеген. Оған эксфолиативті 
хейлиттің екі клиникалық түрін ажырату тән: құрғақ және 
экссудативті, т.б. 
А.Л. Машкиллейсон (1928-1996) түрлі дерматоздардағы 
кілегей қабығының зақымдалу ерекшелігін терең зерттеген. 
“Ауыз қуысы кілегей қабығы мен еріннің қызыл ернеуінің 
ісікалды кезеңі” монографиясы, ”Ауыздың кілегей қабығының 
ауруы” нұсқаулығы жарыққа шыққан. 
Біздің 
елімізде 
дерматовенерологияның 
дамуы 
түрлі 
медициналық білім саласындағы прогресспен туындайтын 
біртұтас процесс болып табылады. Отандық дерматовенерология 
басқа да отандық медицина салалары сияқты ғаламдық ғылыммен 
тығыз байланысты. Отандық дерматовенерологияның бай 
тәжірибесін жалпылау үлкен қызығушылық туғызады, зор 
ғылыми-сауат ашатын, теориялық, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени 
мағынаға ие. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет