Б а л а ш т ү с І п қ а л и е в дерматовенерология ОҚулық



Pdf көрінісі
бет114/386
Дата14.11.2022
өлшемі7,25 Mb.
#158059
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   386
Байланысты:
Дерматовенерология

Клиникасы және ағымы
.
Аяқ басы микозының негізгі 
қоздырғыштары 
T.rubrum және T. interdigitale. 
Біріншісі – табан 
терісі мен тырнақтарды, башпайларды және тері жамылғысының 
басқа да аймақтарын, екіншісі – тек қана тері мен тырнақ 
пластинкаларын зақымдайды. 
T. Rubrum-мен 
шақырылатын микоз 
башпайлардың қыртысының терісінен бастап, табан терісін де 
зақымдайды. Аяқ басы микозының клиникалық көріністерінің 
әртүрлілігіне 
байланысты 
сквамозды, 
интертригинозды, 
дисгидротикалық түрлерін ажыратады.
Сквамозды түрі (45-сурет, а).
Аяқ ойығының терісі аздап 
гиперемияланған 
аймағында 
айқын 
емес 
қабыршақтану 
байқалады. Қабыршақтану аз ғана немесе үлкен аймақты алып 
жатуы мүмкін. Кей жағдайда науқастарда тұрақты емес және 
аздаған қышу болады. Аурудың бұл түрі науқастарға білінбейді, 
сондықтан эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті. Процесстің
өршу кезінде сквамозды түрі дисгидротикалыққа және, керісінше, 
дисгидротикалық түрі сквамозды болып аяқталуы мүмкін.
Бастапқыда ауру барлық жағдайда бір жақты болады да, кейіннен 
екінші аяқ басында зақымдауы мүмкін.
Интертригинозды түрі (45-сурет, б)
. Аяқ басы микозының 
жиі кездесетін клиникалық түрі болып табылады. Өздігінен 
дамуы мүмкін, бірақ жиі айқын емес сквамозды түрінен дамиды. 
Процесс 
жиі 
4–5-ші, 
сиректеу 
3–4-ші 
башпайлардың 
қыртыстарының арасынан бастап дамиды. 


 
Кейде ауру басқа да башпайлардың арасына және бүгілген 
беткейіне, 
аяқ 
басының 
сыртқы 
жағына 
жайылады. 
Башпайлардың арасында жарылулар пайда болып, айналасында 
эпидермистің мүйізгекті қабыты түлейді. Сулану, әртүрлі 
қарқынды қышу, кейде ауырсыну пайда болады. Процесс өте жиі 
ұзақ өтеді, қыс мезгілінде азайып және жылдың жылы мезгілінде 
өршиді. Интертригинозды түрінде мүйізгекті қабатының 
болбырлануы 
стрептококкты 
инфекцияның 
енуіне 
және 
тромбофлебиттің, созылмалы рецидивті балтыр тілмесінің 
дамуына алып келеді.
 
Дисгидротикалық түрі
(45-сурет

в)
жедел ағымды және 
табан күмбезі аймығында диаметрі 2 мм-ден 6-8 мм-ге дейінгі 
көпіршіктердің болуымен сипатталады. Көпіршіктер қосылып, 
а
б
в
г


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   386




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет