көп камералы көпіршіктер түзеді.
Процесстің интертригинозды
түрі патологиялық ошақ түзе отырып, аяқ басының сыртқы және
ішкі бүйір беткейіне жайылады. Субъективті қышу және
ауырсыну байқалады. Инфекция қосылған кезде көпіршіктердің
құрамы лайлы болады, оларды ашқанда ірің бөлінеді, лимфангит
және лимфаденит дамуы мүмкін. Қабыну реакциясының азаюына
қарай, эпителизацияланған және зақымдалған ошақ сквамоздыға
айналады. Әдетте, процесс бір жақты болады. Бұл форма ұзақ,
торпидті
ағымды болып келеді, рецидивке және асқынуға бейім,
әсіресе көктем және жаз айларында кездеседі.
T.
interdigitale-мен
шақырылатын
табан
микозында
руброфитиямен
клиникалық
көрінісі
ұқсас,
бірақ
саңырауқұлақтың аллергизациялау қабілетіне байланысты ауру
қабыну көріністерімен бірге жүреді, экземаға ұқсас келеді
(46-
сурет).
Гиперкератикалық формасы
– аяқ басының күмбезінде құрғақ
тегіс папулалар, шамалы лихенифицирленген нуммулярлы
қызылдау, қызыл-сары қатпарлар байқалады.
Бөртпенің беті,
әсіресе ортасында, әртүлі қалыңдықтағы сұр-ақшыл, шекарасы
айқын қабыршақтың қосарлануымен жабылған. Шетінде
сылынған
эпидермистің
жиегі,
бірең-сараң
көпіршіктер
байқалады.
Бөртпелер
серпигинирлеуші диффузды, табанды түгел,
табанның үстінгі бетін және қапталын қамтитын үлкен мөлшерлі
ошақ құрайды. Түлейтін аймақтармен қатар бетінде жарық бар,
сары
түсті,
шектелген
немесе
диффузды
типтес
гиперкератотикалық құрылымдар кездеседі
(45-сурет,
г).
Субъективті терінің құрғауы, орташа қышу,
кейде ауырсыну
байқалады. Гиперкератотикалық формасы жиі сквамоздысымен
қосарланады (сквамозды-гиперкератотикалық).
Жедел аяқ басы
микозы
жалпы әлсіздікпен, бастың ауруымен,
қызбамен, шап
лимфаденитімен және микидтердің (фитидтер) пайда болуымен –
екіншілік жайылған аллергиялық бөртпелермен білінеді. Ауру 1-2
айға созылады және салыстырмалы түрде емделеді, бірақ
рецидивтер болуы мүмкін.
Онихомикоз
(тырнақтардың
зақымдалуы).
Бастапқы
өзгерістері тырнақ жиектерінде сары дақ, сызықтар түрінде
түзіледі. Кейін гипертрофиялық түрінде пластинкасы түгел
қалыңдайды, сары түсті, жеңіл қабыршақтанып, сынады, ал
астында мүйізгекті массаның жиналуы (тырнақ астылық
гиперкератоз) байқалады.
Атрофиялық
түрінде
тырнақтар
жиектерінен бастап
зақымдалады,
тырнақ
ұясы
ашылады және құрғақ және
болбыр мүйізгекті массалармен
жабылады. Кейбір жағдайда
пластинка
жұқарады
және
тырнақ
ұясынан
ажырайды
(онихолизис). Жиі аяқ басының
1 және 5 башпайларының
тырнақ
пластинкалары
зақымдалады.
Башпайлардың
тырнақтары
T.rubrum-
мен
зақымдалғанда
процесске
қатысады.
T. interdigitale
әдетте
аяқ басының 3–4-ші
башпай
аралық
қыртысты,
табан
беткейін, аяқ басының бүйір беткейлерін зақымдайды. Аяқ
басының 4–5-ші башпайлары жиі нормотрофты түрімен 25-30%
науқастарда
зақымдалады.
Тырнақ
пластинкасының
конфигурациясы көпке дейін өзгермейді, бірақ сызықтар немесе
сары түсті дақтар пайда болады.
Онихомикоз, саңырауқұлақпен шақырылады, әдетте әртүрлі
себептермен
шақырылатын
ониходистрофияның
фонында
дамитын екіншілік болып келеді. Тырнақ пластинкасының түсі
жасыл, сары, қара, қоңыр болуы мүмкін. Ресейлік микологтар
онихомикозды 3 түрге бөледі: нормотрофиялық, гипертрофиялық,
онихолитикалық (атрофиялық)
(47-сурет, 48-сурет а-в).
Диагностикасында терінің,
тырнақтардың зақымдалуының
клиникалық көрінісін ескереді. Саңырауқұлақтың түрлерін
Достарыңызбен бөлісу: