шанкрдан соң 7-10 күннен кейін пайда болады. Рикор заманынан
бері склераденитті «қосарланған бубон» деп атайды. Рикор былай
жазған: «Ол (склераденит) – шанкрдың адал сынары, ол онымен
міндетті түрде бірге жүреді, оның көлеңкесі секілді. Бубонсыз
қатты шанкр болмайды». Фурнье біріншілік белсенді мерезбен
ауыратын 5000 науқастың тек 0,06% регионарлы склерадениттің
болмайтыны жайлы жазған. Дегенмен қазіргі кезде бұл көрсеткіш
1,3-8 % дейін ұлғайды.
Қатты шанкрға жақын лимфа тамырлары (көбіне
шап лимфа
түйіндері) 2-3 см дейін ұлғаяды, тығыз эластикалық, өзара, тіндер
мен терімен қосылмаған, ауырсынусыз; олардың үстіндегі тері
өзгермеген болады. Регионарлы лимфаденит арнайы емге
қарамастан ұзаққа созылады, ұзақ емделеді. Жатыр мойны мен тік
ішектің кілегейіндегі қатты шанкрда регионарлы лимфаденитті
анықтау қиынға түседі, себебі
бұл жағдайда кіші жамбас
қуысының лимфа түйіндері ұлғаяды.
Біріншілік сифилома гениталияда орналасқан жағдайда шап
лимфадениті екі жақты (қатты шанкр бір жақты болса да) болады.
Бұл
лимфа
жүйесіндегі
анастомоздардардың
жақсы
дамығандығынан болады. Бір жақты лимфаденит сирек кездеседі,
негізінен қатты шанкр орналасқан бөлігінде, кейде шанкрға
қарама-қарсы бөлікте болады. Соңғы кезде бір жақты
лимфаденитпен ауыратындар анағұрлым көбейді (Ю.К. Скрипкин
мәліметтері бойынша олар қатты шанкры бар науқастардың 27%
кездеседі).
Мерездік лимфангит (лимфа тамырларының қабынуы) –
біріншілік мерездің үшінші белгісі. Ол
тығыз ауырсынусыз,
жіпше түрінде дамиды. Жіпше бойымен көлемі үлкен емес таспих
тәрізді қалындаулар болады. Еркектердің 40% лимфангит жыныс
мүшесінің алдыңғы бетінде орналасады (генитальді қатты
шанкрда).
Ауыздың кілегей қабатының зақымдалуы жиі кездеседі. Қатты
шанкр ауыз кілегей қабаты мен еріннің қызыл жиегінің кез келген
жерінде орналасуы мүмкін, бірақ жиі ерінінде, тілде, бадамша
безінде орналасады.
Қатты шанкрдың ерін мен ауыздың кілегей қабатында дамуы,
басқа
жерлерде сияқты, шектелген гиперемияның пайда
болуынан басталады, оның негізінде 2-3 күннің ішінде қабынулық
инфильтрат себебінен тығыздалу дамиды. Бұл шектелген
тығыздалу біртіндеп ұлғайып диаметрі 1-2 см дейін жетеді.
Ошақтың ортаңғы бөлігінде некроз дамып, етті-қызыл түсті
эрозия, сирек жара дамиды. Толық дамып қатты шанкр 1-2 апта
ішінде дөгелек немесе сопақша пішінді ауырсынусыз, етті-қызыл
түсті эрозия немесе негізінде тығыз-эластикалық инфильтраты
бар, диаметрі 3 мм-ден 1,5 см дейін болатын шеттері тостағанша
тәрізді болатын жара түрінде
болады
(141-сурет)
. Шанкр
беткейіндегі жұғындыдан бозғылт трепонемалар жеңіл табылады.
Кейбір эрозилар ақшыл-сұр жабындымен қапталған. Шанкр
ерінде орналасса, кейде мықты ісіну болады,
бұл кезде ерін
салбырап кетеді, ал шанкр басқа
жерлермен салыстырғанда ұзақ
сақталады. Жиі бір қатты шанкр
дамиды, сирек – бір немесе одан
да көп болады.
Егер екіншілік
инфекция қосарланса, онда эрозия
терендейді, бұл кезде лас-сұр түсті
некротикалық жабынды дамиды.
Шанкр ерін немесе ауыздың
кілегей
қабатында
пайда
болғанда
5-7
күннен
соң
регионарлы лимфаденит дамиды.
Көбіне иекастылық және жақастылық лимфа түйіндері ұлғаяды.
Олар тығыз-эластикалық консистенциялы, қозғалмалы,
өзара
қосылмаған, ауырсынусыз, дегенмен екіншілік инфекцияның
қосылуынан
немесе
периаденит
дамуынан
болатын
жарақаттаушы көздердің әсерінен регионарлы лимф түйіндері
ауырсыну сезімін тудыруы мүмкін. Иекастылық және
жақастылықпен бірге беткей мойын және шүйде лимфа түйіндері
ұлғаюы мүмкін.
Біріншілік сифиломаның атипті формалары қатты шанкрдың
ауыз
бұрышында, қызыл иекте, ауыспалы қатпарларда, тілде,
Достарыңызбен бөлісу: