ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education 171
3. Сыпатаевтың айтуынша, көктемде туған балалар тез ренжігіш, сезімтал,
әсершіл. Олардың көбі тумасынан дарынды, бірақ өздеріне сенімді емес. Осы
жасқаншақ, жігерсіз жұмсақ мінезі олардың көшбасшы болуына кедергі.
Сондықтан қайраттандыру үшін оларға қатқыл есім таңдаған жөн.
4. Жазда туған балаларға, негізінен белсенділік пен тәкаппарлық, батылдық
тән.
5. Күзде туған балалар өте әмбебап, алғыр және сабырлы. Не істесе де, көп
ойланып-толғанады. Бірақ мінездері жеңілтектеу. Оларға ат таңдау соншалықты
қиын емес, себебі күзгі балалардың табиғатына ештеңе әсер етпейді.
6. Заман мырза жалпы балаға ат қоюда есімдер құпиясын ескеру керектігін
айтады. Біріншіден, есім қалай дыбысталады, соған мән берген жөн. Ары қарай,
мағынасына көңіл бөлу керек. Мәселен, қыз балаға сұлулық, парасаттылық,
ақылдылық қасиеттерін қамтитын есімдер лайық. Ал балаңыз ұл болса және сіз
оның болашақта қажырлы да қайратты, дәулетті және ер мінезді азамат болып
өскенін қаласаңыз, есімін де соған орайластырып қойғаныңыз абзал. Ең бастысы,
өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Есімін де соған қарай таңдаңыз. Ат қою
– өте жауапты іс. Сонымен қатар әр бір ата-ана өз баласының бақытты, табысты
болуына және үйлесімді өмір сүруіне ықпал ете алады.
7. Қандай пікір мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келеді?
A)Есімнің мағынасына назар аударған жөн.
B)Есімді құрметті адамдарға қойдырған жөн.
C)Есімді заманына сәйкестендіріп қойған жөн.
D)Балаға әдемі естілетін есім таңдаған жөн.
E)Есімді ай атауына байланысты қойған жөн.
8. Мәтіндегі мәліметке сәйкес балаға ат қояр кезде нені ескеру керек?
A)Сөздердің тіркесуін
B)Есімнің әдемілігін
C)Әріптердің санын
D)Сөздің жаңалығын
E)Есімнің дыбысталуын
9. Қандай мезгілде туған балалардың мінездері бір-біріне қарама-қайшы?
A)Қыс-жаз
B)Қыс-көктем
C)Көктем-күз
D)Жаз-күз
E)Күз-қыс
10. Баланың мінезінің қалыптасуына әсер ететіндер
A)Есімі мағынасы мен дыбыс саны
B)Ай атауы мен есімінің дыбысталуы
C)Жыл мезгілі мен есімінің дыбысталуы
D)Ауа райы мен жыл мезгілі
E)Ата-ана таңдауы мен ауа-райы
11. Үшінші бөлімнің соңғы сөйлемі бойынша есім таңдаңыз
A)Жібек, Меруерт