Оқу сауаттылығЫ



Pdf көрінісі
бет168/515
Дата15.11.2022
өлшемі3,95 Mb.
#158244
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   515
Байланысты:
Оқу Сауаттылық 100 нұсқа

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ 
https://vk.com/mega_education
 
175 
Мысалы, қызғалдақ ‒ дүние жүзінде кең тараған әдемі гүлдердің бірі. 
Қызғалдақтың отаны туралы пікірталастар өте көп. Шын мәнінде, қызғалдақтың 
отаны ‒ Қазақстан! 
Сакура ‒ Жапонияның символы болып табылатын гүл. Оның гүлдеуі 
адамның сана-сезімін еріктен тыс әдемі нәрселерді ойлауға жетелейді. 
Раушан гүлінің отаны ‒ Иран, ол ертеректе Персия елі болып есептелетін. 
Өз тілдерінде оны «гюл» деп атайды. Сонымен бірге елінде оны «гюлистан» дейді, 
аударғанда «раушандар бағы» деген мағынаны білдіреді. Ал Үнді еліне раушан 
гүлі Бабуру басшысының арқасында жерсіндірілген. Грекияға гүлді батыс 
елдерден келгендер әкелген, кейін гүл махаббат пен әдеміліктің символы саналады. 
Дицентра ‒ Германияда «жүрек гүлі» ретінде танымал болса, поляктар 
оны «Құдай-Ананың туфлиі» деп атайды, ал француздар «Жаннетта жүрекшесі» 
деп атаса, орыстар «жаралы жүрек» деп атайды. Ал барлық ағылшын тілділер оны 
«қанды жүрек» деп атайтын көрінеді. Қалай атаса да, әр елдің осы гүлмен 
байланысты өз тарихтары бар. 
Орхидеялар әлемнің ең әдемі гүлі болып табылады. Адамдар орхидеяға 
өте ертеден-ақ қызығушылық танытып келеді. Бұл гүл туралы тарихи әңгімелер 
мен жазбалар өте көп. Чарлз Дарвиннің өзі бұл гүлдің құпиясы мол гүл деп 
сипаттап жазған болатын. 
3. Француздар «Жаннетта жүрекшесі» деп атаған гүл 
A)Дицентра 
B)Раушан 
C)Қызғалдақ 
D)Орхидея 
E)Сакура 
4. «Раушандар бағы» атауының шыққан жері 
A)Персия 
B)Қазақстан 
C)Жапония 
D)Үндістан 
E)Германия 
5. «Құпиясы мол гүл» деген сипатқа лайық 
A)Қызғалдақ 
B)Раушан 
C)Дицентра 
D)Сакура 
E)Орхидея 
6. Қызғалдақтың отаны 
A)Жапония 
B)Ресей 
C)Франция 
D)Германия 
E)Қазақстан 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   515




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет