ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ https://vk.com/mega_education 478
C)Соғыс кезінде аяғына оқ тигендіктен
D)Аяғы кем болып туылғандықтан
E)Соғыста аттан құлап, аяғын жарақаттағандықтан
10. Үзіндіден Әмір Темірдің қандай қасиетін көруге болады?
«Мазарымды ашқан адам менен де қорқынышты бір дұшпанға тап болады»
A)Көріпкел
B)Ақылды
C)Білімді
D)Саясаткер
E)Батыр
11. Мәтіннің стилі қандай?
A)Ғылыми стиль
B)Ауызекі сөйлеу стилі
C)Ресми іс-қағаздар стилі
D)Көркем әдебиет стилі
E)Публицистикалық стиль
12. Әмір Темірге неліктен Гурган атағы берілді?
A)Қиратқан қалаларын қалпына келтіргендіктен
B)Шыңғыс ханның ұрпағына үйленгендіктен
C)Түрік қағанатын басқарғандықтан
D)Жошы ұрпағымен отбасын құрғандықтан
E)Белх билеушісі болғандықтан
1.Мидия, Лидия, Вавилония және Египетті басып алған парсы патшасы Кир
ендігі кезекте өзіне көмектескен сақ жеріне көзін алартады. Кең далада емін-еркін
жүріп өскен сақтардың күш-қуатын білетін Кир массагеттер жерін айламен өз
қарамағына өткізуді қарастырады.
2. Бұл кезде сақ патшасы қайтыс болып, елді оның жесірі Томирис басқарып
тұрған еді. Осы сәтті жақсы пайдаланғысы келген Кир елшісі арқылы Томириске
құда түсіп, әйел қылып алғысы келетінін білдіреді. Бірақ Томирис Кир өзіне емес,
массагеттер патшалығына құда түсіп отырғанын түсініп, оның ұсынысынан бас
тартады.
3.Тарихи аңыздарға қарағанда, Кир Томиристің жауабына қанағаттанбай,
әскерлеріне жарлық беріп, соғысқа дайындала бастайды. Жауынгерлеріне қажетті
азық-түлік, қару-жарақ өткізу үшін Аракс (қазіргі Арыс немесе Сыр өзені болуы
мүмкін. - А.Ә.) өзеніне көпір салуға құрылысшыларына әмір береді. Өзенге көпір
салынып, жеріне қауіп төнгенін сезген сақ патшасы:
– Мидия патшасы! Сен өз патшалығыңды билеп алсаң да жетеді. Біздің жерге
көзіңді тікпе. Соғыспай-ақ қояйық. Ал бұл айтқанға көнбесең, көпір салып әуре
болмай-ақ қой. Егер сақ жерінде соғысқың келсе, біз үш күндік жерге шегінейік.
Сендер еш алаңсыз өзеннен өтіп алыңдар. Оған да көнгің келмесе, онда сендер үш
күндік жерге шегініңдер, біз сендердің жерлеріңе өтіп, сонда соғысайық, - деп елші
арқылы сәлем айтады.
4.Уәзірлерімен ақылдаса келе Кир сақ жерінде соғысуды қалайды. Томирис
айтқан уәдесі бойынша үш күндік жерге шегініп, парсы әскерлеріне Аракс өзенінен