179
3. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген
өзгерістер мен толықтырулар
2022/2023 оқу жылында «Физика» оқу пәні бойынша оқу процесін
ұйымдастыруда 7-9-сыныптар бойынша келесі оқу бағдарламалары
қолданылады:
1.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы
«25» қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің
7-9-сыныптарына арналған «Физика» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы
«27»қарашадағы № 496 бұйрығымен бекілген Негізгі орта білім беру деңгейінің
7-9-сыныптарына арналған «Физика» пәнінен
оқу жүктемесі төмендетілген
үлгілік оқу бағдарламасы.
Үлгілік оқу бағдарламасы (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша 7-
9-сыныптарда «Физика» пәнінен қарастырылатын бөлімдер толығымен
қалдырылған, оқыту мақсаттары жүйеленді.
Үлгілік оқу бағдарламалары пәннің базалық білім мазмұнынан, оқыту
мақсаттары жүйесінен, ұзақ мерзімді жоспардан тұрады.
Барлық оқу бағдарламаларында да, Ұзақ мерзімді жоспарда да тақырыптар
мен бөлімшелерді меңгеруге қажетті сағат сандары көрсетілмеген.
Бөлімшелердің арасында сағат сандарын бөлу құқығы практик-мұғалімге
берілген, бірақ материал кестеде көрсетілгендей сол тоқсанда игерілуі тиіс.
Оқу жоспарының көлемін 1 сағатқа дейін
Достарыңызбен бөлісу: