196
«Қозғалыс»
бөлімшесінде
сымбаттың
бұзылуы
мен
жалпақтабандылықтың алдын алуда спортпен айналысудың пайдасы зор екенін
саналарына сіңіру қажет.
Патриоттық тәрбие «Биология» пәнінде «Адам қызметінің қоршаған
ортаға әсері» бөлімшесінің Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын
табиғи аумақтардың өсімдіктері, Қазақстан аумағындағы экологиялық
проблемалардың туындау себептері мен оларды шешу жолдарын түсіндіру
тақырыптарында көрініс табады.
«Микробиология және биотехнология» бөлімшесіндегі ірімшік және
йогурт өндірісін зерттеу тақырыптары арқылы құрт, ірімшік, айран секілді
қазақтың ұлттық тағамдарын дәріптеп, ұлтқа деген сүйіспеншілікті арттыруға
көңіл бөлген дұрыс болады.
Гигиеналық тәрбие мәселесі де пән мазмұнында оқу мақсаттарымен
берілген. Мысалы, бүйрек және зәр шығару жүйесі ауруларының алдын алу,
жүре пайда болған иммундық дефицитiнiң синдромы, сифилис, гонорея сияқты
жыныстық жолмен берілетін аурулардың алу үшін салауатты өмір салтын
ұстануға баулумен қатар, білім алушылардың бойында адамгершілік
құндылықтарын дарытуды мақсат ету керек.
Достарыңызбен бөлісу: