2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет110/181
Дата15.11.2022
өлшемі3,39 Mb.
#158292
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

17. 
«ГЕОГРАФИЯ» 
ПӘНІН 
ОҚЫТУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ,
7-11- СЫНЫПТАР 
 
1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты 
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 
Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 71 
және 72-тармақтарына сәйкес «География» жаратылыстану-математикалық 
және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқытудың тереңдетілген деңгейіндегі 
оқу пәндеріне жатады. 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы 
№ 348 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес 10-11 сыныптарда «География» оқу 
пәні екі оқыту бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде білім алушылар санына 
қарамастан қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, шағын жинақталған 
мектептерде сабақ өткізу кезінде сыныпты топтарға бөлуге жол беріледі. 
2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер 
мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 
қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдары (бастауыш, 
негізгі орта және жалпы орта) қызметінің үлгілік қағидаларының 24-тармағына 
сәйкес білім беру ұйымдары меншік түріне және нысанына қарамастан оқу 
процесі жүзеге асырылатын үлгілік оқу жоспарларын, оның ішінде 
қысқартылған оқу жүктемесі бар жоспарларын дербес таңдайды. 
(өзгерістер мен 
толықтырулар 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен енгізілді).


197 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 
қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 
білім берудің үлгілік оқу жоспарларына сәйкес «География» міндетті пән болып 
табылады. 
(өзгерістерімен және толықтырулар ҚР Білім және ғылым 
министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрығымен енгізілді

6, 87, 88-
қосымшалар). 
Оқу жоспарлары бойынша «География» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 7-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;
2) 8-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;
3) 9-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты; 
4) ЖМБ, 10-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты;
5) ҚГБ, 10-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты; 
6) ЖМБ, 11-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72 сағатты; 
7) ҚГБ, 11-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты 
құрайды. 
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің (төмендетілген оқу 
жүктемесімен) үлгілік оқу жоспарларына сәйкес, 16, 22, 23-қосымшалары, 
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша оқу жүктемесі 7-, 8-, 9-, 10-11- (ЖМБ) 
сыныптарда аптасына 1 сағатқа төмендетілді. 
Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша 
«География» пәнінен оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 7-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты; 
2) 8-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты;
3) 9-сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 36 сағатты; 
4) ЖМБ 10-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты;
5) ҚГБ 10-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты; 
6) ЖМБ 11-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты; 
7) ҚГБ 11-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 108 сағатты құрайды. 
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша 
сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды 
зерттеу үшін пайдалану ұсынылады. 
3. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген 
өзгерістер мен толықтырулар 
2022-2023 оқу жылында «География» пәні бойынша оқу процесін 
ұйымдастыруда келесі оқу бағдарламаларын басшылыққа алынады: 
• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 
қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-9-
сыныптарына арналған «География» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік 
оқу бағдарламасы; 
• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 
қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-
9-сыныптарына арналған «География» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген 
үлгілік оқу бағдарламасы; 


198 
• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 
шілдедегі № 352 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің 
жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған 
«География» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы; 
• Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 
қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-
11-сыныптарына арналған «География» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген 
үлгілік оқу бағдарламасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет