188
10-11-сыныптарда «Химия» оқу пәнінің Үлгілік оқу бағдарламасында
өзгерістер енгізілген. Жаратылыстану-математика бағытында бөлімдер
сақталған, органикалық химияның бөлімшесі «Көміртегі және оның
қосылыстары» 11-сыныпқа ауыстырылған. Оқытудың қоғамдық-гуманитарлық
бағытындағы сыныптарға арналған оқу бағдарламасының мазмұнынан
«Химиялық реакциялардың энергетикасы» бөлімі алынып тасталды.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік
талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны
ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген
«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне
ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің
үлгі қағидалары» (өзгерістер ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193
бұйрығымен енгізілген) 12-тармағына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалау
(БЖБ) тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер тоқсанына төрт және
одан да көп бөлімдерді оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың
ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі.
Оны екі кезеңде өткізуге болады.
Әр тоқсанның ұзақтығын, оқу жүктемесінің көлемін ескере отырып, жаңа
оқу жылында 15.2-кестеде көрсетілгендей бөлімдер бойынша жиынтық бағалау
(БЖБ) келесі саны ұсынылады.
15.2-кесте 7-9 сыныптардағы бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Үлгілік оқу жоспарлары
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
7 сынып
2
2
2
2
8 сынып
3
3
3
3
9 сынып
3
3
2
3
Сынып
Төмендетілген оқу жүктемесімен үлгілік оқу жоспарлары
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
7 сынып
2
2
2
2
8 сынып
2
2
2
2
9 сынып
2
2
2
2
Бөлім үшін жиынтық бағалауды жүргізу кезінде қағаз түрінде де,
компьютерлік форматта да бағалау жүргізу ұсынылады.
Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда
бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді,
қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады.
Үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес жаратылыстану-математика бағыты
және қоғамдық-гуманитарлық бағытта оқытылатын «Химия» оқу пәнінен әр
тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалаудың нақты саны 15.3-
кестеде көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: