2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет125/181
Дата15.11.2022
өлшемі3,39 Mb.
#158292
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

«Құқық негіздері» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастырудағы 
әдістемелік ерекшеліктер 
10-11-сыныптарда оқу пәнінің білім мазмұны бес бөлімді қамтиды: 
«Мемлекет және құқық», «Жария құқық», «Жеке құқық», «Іс жүргізу құқығының 
негіздері», «Халықаралық құқық».
Бұл бөлімдер өз ішінде білім, түсінік және дағдыларды қалыптастыруды 
көздейтін бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім 
мен оқушыға келесі қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау 
мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді.
«Құқық негіздері» пәнін оқытуда келесі педагогикалық әдіс-тәсілдерді 
қолдану ұсынылады:
- оқу тапсырмаларын орындау барысында нормативтік құқықтық 
актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесін қолдану (
http://adilet.zan.kz/

http://online.zakon.kz/
); 
- құқықтық нормалардың мазмұны мен мәнін түсіндіру және анықтау 
арқылы нормативтік құқықтық актілерді талдау;
- оқушылар проблемаларды анықтауда өз ойларын, пікірлерін айту, 
дәлелдеу, болжамды ұсыну, зерттеуді жоспарлау қабілеттерін дамытатын 
ынталандырушы-проблемалық құқықтық ситуациялық жағдаяттарды (кейс-
стади) зерттеу.
«Құқық негіздері» пәнін оқыту процесінде оқушылардың ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану дағдысын дамыту үшін жағдайлар 
жасалуы қажет, соның ішінде ақпаратты табу, құрастыру және басқару, 
мәліметтер және идеялармен бөлісу, бірлесіп әрекет ету, түрлі жабдықтар мен 
қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру.
Құқық негіздері» пәнін оқыту барысында АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері: 
- құқықтық деректермен жұмыс жасау: оларды іздеу, сұрыптау және 
интерпретациялауға байланысты өзіндік жұмыс жасау дағдыларын дамыту;
- оқушылардың білімдерін кеңейту үшін мультимедиялық ресурстарды 
пайдалану;
- белсенді оқытудың әдіс-тәсілдерін қолдау үшін интерактивті тақталарды 
пайдалану;
- оқушылардың электронды оқулықтарды пайдалануы; 
- компьютерлік презентациялардың түрлерін пайдалана отырып, таңдалған 
тақырыптар бойынша шығармашылық жобаларды жасау;


224 
- оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытуы үшін (пікір-талас 
өткізу және құқықтық мәселелерді талқылау) компьютерлік коммуникация 
құралдарын пайдалану (мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар). 
4. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік 
талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны 
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Орта білім беру ұйымдары 
үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және 
қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 
2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады: 
Үлгілік оқу бағдарламаларына (негізгі және төмендетілген оқу жүктемесі 
бойынша) сәйкес «Құқық негіздері» оқу пәнінен өткізілетін бөлім бойынша 
жиынтық бағалау саны 18.6 -кестеде көрсетілген.
 
18.6-кесте. «Құқық негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып 
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан 
2-тоқсан 
3-тоқсан 
4-тоқсан 
9-сынып 




10-11-сынып 
(ҚГБ) 




10-11-сынып 
(ЖМБ) 




Сынып 
Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспары бойынша 
1-тоқсан 
2-тоқсан 
3-тоқсан 
4-тоқсан 





10-11 (ҚГБ) 




10-11 (ЖМБ) 




9-сыныпта және 10-11-сыныптарда 1 сағат көлемінде оқытылатын «Құқық 
негіздері» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалау өткізілмейді, қорытынды 
баға жартыжылдыққа қойылады. 
5. Оқу пәнінің мазмұнына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларына 
сәйкес зертттеу жұмыстары 
Зерттеу жұмысын жүргізудің мақсаты: теориялық материалды зерттеу 
тақырыптарының жеке аспектілері бойынша жүйелеу, терең талдау жасау және 
жалпылау. 
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарда (
ҚР БҒМ 27.07. 
2017ж. № 352 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы бойынша)
әр оқу 
тоқсанының соңында «Зерттеу жұмысы» сабағын өткізу қарастырылған. 
Тұлғаның танымдық белсенділігін, шығармашылық, жобалық-зерттеушілік 
қабілеттерін дамыту үшін 
қоғамдық-гуманитарлық бағытта
әр тақырыптық 
бөлімнен кейін келесі зерттеу жұмысы тақырыптары берілген.
10-сынып бойынша зерттеу тақырыптары: 
1.
Мемлекет және құқық формаларының эволюциясы 
2.
Жария құқық салалары ерекшеліктерінің сипаттамасы. 
3.
Жеке құқық – адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының 
жүзеге асуының кепілдігі 


225 
4.
Құқыққа қатысты процестер қадамдарының сипаттамасы. 
5.
Адам құқықтарын қорғау жөніндегі қазіргі заманғы халықаралық 
ұйымдар. 
11-сынып бойынша зерттеу тақырыптары: 
1.
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының құқық жүйесі және 
мемлекеттік органдар жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет