231
дене шынықтыру бойынша педагогикалық процесс «Дене шынықтыру» пәні
бойынша үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылады.
Дене шынықтыруды оқытудың мақсаты денені салауатты шынықтыруға,
спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене бітімі қабілеттерін
меңгеруге бағытталған дене шынықтырудың негіздерін қалыптастыру болып
табылады.
«Дене шынықтыру» пәнін оқытудың міндеттері: дене шынықтыру және
спорт саласындағы теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын дамыту;
өзінің дене және психикалық денсаулығын нығайту үшін ұмтылуға
ынталандыру; білім алушылардың төзімділікке, ширақтыққа, күштілікке,
ептілікке және икемділікке ықпал ететін қозғалыс дағдыларын дамыту; Отанға
деген патриоттық сезімін, құрметтеуге, жауапкершілік пен өзара түсіністікке
тәрбиелеу; білім алушылардың өз өмірлерінде салауатты өмір салтын ұстануға
және үйренген дене-қимыл дағдыларын алдағы уақытта қолдануға ынталандыру;
жалпы адамзат мәдениетінің бөлігі ретінде дене шынықтыру туралы түсініктерін
қалыптастыру.
Дене шынықтыру мұғалімдері білім алушы ағзасының анатомиялық-
физиологиялық ерекшеліктеріне (жетілуіне) сәйкес өздерінің педагогикалық
тәсілдерін бақылауы және өзгертуі тиіс.
Оқу бағдарламасында қарастырылған шаңғы/конькимен сырғанау/кросс
жаттығулары аймақтардың климаттық жағдайларына сәйкес бір-бірін
алмастырады.
Бұл бағдарлама мектепте дененің шынығуы мен адамгершілікке
тәрбиелеудің кешенді жүйесін құрайтын дене шынықтырудың барлық негізгі
нысандарының мазмұнын қамтиды және бұл міндеттерді барлық оқу жылында
рет-ретімен шешуге мүмкіндік береді. Бағдарламаның әрбір үшінші сағаты білім
алушылардың белсенділігін арттыруға (спорт және қозғалмалы ойындар санын
кеңейту арқылы) және сауықтыру процесіне бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: