256
білімнің орнына практикалық дағдыларды алуға үлкен назар аударылады, бұл
оқушылармен өзара іс-әрекеттің белсенді түрлерінің басым екенін көрсетеді.
Оқыту процесінің өзі Life-long learning (өмір бойы үздіксіз оқыту)
тұжырымдамасына жауап беретін тұрақты және тиімді мінез-құлық үлгісін
қалыптастыра алатын табиғи және үздіксіз құбылыс болып табылады.
10-11-сыныпта «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша оқу
жүктемесінің көлемі әр бағыт бойынша аптасына 2 сағатты, оқу жылында 72
сағатты құрайды. Тоқсандағы бөлімдер бойынша және бөлімдер ішінде
сағаттарды бөлуді мұғалімнің қалауына қарай өзгертуге болады
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша
сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды
зерттеу үшін пайдалану ұсынылады.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалау
жүргізілмейді. Формативті бағалау пәнді оқу барысында білім алушылардың оқу
жетістіктеріне мониторинг жүргізу және оқу үдерісінде оларға қолдау көрсету
мақсатында жүргізіледі. Тоқсан мен оқу жылының соңында «есептелді»
(«есептелген жоқ») қойылады.
10-11-сыныптарда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні бойынша
сынақ қою талаптары «Дене шынықтыру», «Музыка», «Көркем еңбек», «Өзін-өзі
тану», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау» оқу
пәндері бойынша сынақ қою талаптары әдістемелік ұсынымдарында келтірілген.
Әдістемелік ұсыныстар www.nao.kz сайтта қолжетімді.
«Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» оқу пәні әртүрлі мамандық дипломы бар
мұғалімдер бере алатындай жасалған, бірақ берілген пәнді оқыту үшін «Атамекен» ҚР
ҰКП-ның ұйымдастырған арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, қатысты
сертификаты бар болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: