2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет146/181
Дата15.11.2022
өлшемі3,39 Mb.
#158292
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

Бірінші бөлімде
білім алушылар жаһандық мәселелер, мәдениетаралық 
қатынастар, әлеуметтік қатынастардың әртүрлі модельдерінің маңыздылығы 
туралы білімдерін тереңдетеді, жобалық жұмыстың тақырыптары мен 
мақсаттарын, қажетті ақпарат көздерін іздеу, ақпаратты талдау және жинау 
әдістерін анықтайды. Білім алушылар жоба нәтижелерін бағалау рәсімдері мен 
критерийлерін белгілейді. 
Екінші бөлімінде «Жергілікті, жаһандық және мәдени маңызы бар кейбір 
мәселелерді зерделеу»
бойынша білім алушыларға зерттеу және жобалау 
жұмыстарын жүргізу үшін тақырыпты таңдауда еркіндік беріледі, халықаралық 
және жергілікті көздерге шолу жасалады. 
Үшінші бөлімінде «Әр түрлі дүниетанымдар мен көзқарастарды түсіну 
және құрметтеу»
бойынша кіретін тақырыптар: «Дүниетанымды түсіну», 
«Басқа адамның көзқарасын қабылдау қабілеті», «Басқа мәдениеттерді 
ұстанатын адамдарға құрмет», «Толеранттылық: бір-бірімізді түсінуді үйрену», 
«Жобалық жұмыс. Зерттеу». 
Төртінші бөлім «Білім алушылардың мәдениеттері арасындағы ашық 
және өзара тиімді әрекеттерге қатысу»
білім алушылардың өзіндік ерекшелігі 
мен мәдениеттердің алуан түрлілігін түсінуін қалыптастыруға, әртүрлі 
мәдениеттердің 
құндылықтар 
жүйесімен 
танысуға, 
мәдениетаралық 
коммуникация дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Бесінші бөлім ұжымдық әл-ауқат пен тұрақты дамудың маңыздылығына, 
жергілікті, ұлттық және жаһандық бастамаларға белсенді қатысу қажеттілігіне 
арналған. 
11-сыныпқа арналған «Жаһандық құзыреттер» курсы «
Бизнес және 
кәсіпкерлік негіздері» және «Қаржылық сауаттылық» екі юнитінен тұрады. 
10-11-сыныптарда «Жаһандық құзыреттер» курсының мазмұны білім 
алушыларда пән саласына қатысты дағдыларды (hard skills), әлеуметтендіру 
дағдыларын (soft skills), өздігінен білім алу және үздіксіз білім алу дағдыларын 
(self skills) қалыптастырудың жүйелі процесін қамтамасыз етуге мүмкіндік 
береді. 
Жалпы, «Жаһандық құзыреттерді» оқыту шеңберінде орта білім беретін 5-
11-сыныптарда білім алушылар жаһандық оқиғаларды, олардың себептері мен 
салдарын, әртүрлі процестер мен құбылыстарды аналитикалық бағалау, оларды 
басқа адамдардың ұлттық-мәдени құндылықтарымен дұрыс байланыстыру, 
өзіндік және топтық жұмыс, педагог-тәлімгердің қолдауымен өз оқыту процесін 
басқару, маңызды проблемаларды жеке, өңірлік / ұлттық және жаһандық 


260 
тұрғыдан қарау, олардың өзара байланысын түсіну, қол жетімді ақпаратты сыни 
бағалау, өз ұстанымын талқылау және дәлелдеу, сыртқы әлеммен белсенді өзара 
іс-қимыл, жеке өсу перспективаларын, өз елінің дамуы мен оның жетістіктеріне 
жеке қатысуын көру дағдыларын меңгереді. 
«Жаһандық құзыреттер» курсы (5-11-сыныптар) білім алушылардың 
зерттеу жобаларын, стартаптарын іске асыруда, ұжымда, қоғамда туындайтын 
ситуациялық міндеттерді шешуде олардың белсенділігін арттыруға, акцияларға, 
әлеуметтік жобаларға және волонтерлік бағдарламаларға бастамашы болуға 
ықпал ететін 
сыни 
ойлауын және функционалдық 
сауаттылығын 
қалыптастыруды көздейтін әртүрлі жұмыс нысандарын пайдалануды көздейді. 
Юниттер тақырыбы оқытудың алуан түрлі тәсілдерін ұсынады: 
проблемалық және зерттеу, шығармашылық, саналы және гуманистік оқыту.
Білім алушылардың оқу қызметі ұжымдық, шығармашылық және өзіндік 
жұмысы форматында ұйымдастырылуы мүмкін, оның барысында тиімді өзара 
әрекеті мен ынтымақтастық, коммуникация, коллаборация, сыни және 
шығармашылық ойлау, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі басқару дағдылары 
күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі ретінде қалыптасады.
Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жобалары мен әлеуметтік бағыттағы 
акцияларды жүзеге асырудағы бастамаларын қолдау маңызды. 
Педагог білім алушылардың бастамаларына қолдау көрсете отырып, оқу 
процесін мынадай форматта ұйымдастырады: 

жаһандық проблемалар, олардың себептері, салдары және ықтимал 
әрекеттер бағыттары бойынша зерттеулер жүргізу; 

дәлелдерді, аргументтер мен көзқарастарды қолдау үшін дәлелдемелерді 
пайдалану; 

мәселені анықтау және талдау, дәлелдер мен көзқарастарды 
тұжырымдау; 

шағымдарды, дәлелдер мен көзқарастарды қолдау үшін қолданылатын 
дәлелдер мен аргументтерді талдау және бағалау; 

зерттеулерді, дәлелдер мен көзқарастарды қолдау үшін көздерді 
және/немесе процестерді талдау және бағалау; 

аргументті, көзқарасты, іс-қимыл жоспарын немесе нәтижені қолдау 
үшін ойлау сызығын жасау; 

жеке, аймақтық, ұлттық және жаһандық ұстанымдардағы маңызды 
мәселелерді қарастыру, осы көзқарастар (перспективалар) арасындағы 
байланысты түсіну; 

жаһандық оқиғалар, олардың себептері мен салдарлары туралы 
аналитикалық бағалау түсінігін дамыту. 
рефлексия аясында: 

әр түрлі көзқарастарды объективті түрде қарастыру;

аргументтер мен дәлелдерді қолдана отырып, жеке көзқарасты негіздеу; 

топтық жұмыс және зерттеу нәтижелері жеке оқуға қалай әсер еткенін 
түсіну және түсіну. 
коммуникация және коллаборация шеңберінде: 


261 

тиісті дәлелдерді, аргументтер мен көзқарастарды нақты және 
құрылымды түрде таңдау және ұсыну; 

ғылыми негіздемені қоса алғанда, зерттеу нәтижелерін ұсыну; 

командалық жобаның жалпы мақсаты мен нәтижесіне үлес қосу; 

жауапты азаматтық ұстанымды білдіру. 
5-11-сыныптарда «Жаһандық құзыреттер» курсын оқу кезінде педагог 
түрлі нысандар мен технологияларды: топтық жұмыс, диаграммаларды, 
кестелерді талдау, жобалау жұмысы, волонтерлік қозғалыс пен акциялар, 
деректер жинау, әлеуметтанушылық зерттеулер, ғылыми және зерттеу 
жобалары, мақалалар, эсселер, шолулар, ескертпелер жазуды пайдалана отырып, 
сабақтарды әзірлеуге шығармашылықпен қарауы тиіс. Тақырып бойынша қысқа 
әңгімелер, 
ғылыми-фантастикалық 
әңгімелер, 
бейнероликтер 
түсіру, 
тұжырымдамалық карталар, глоссарий, библиография, берілген тақырып 
бойынша нұсқаулықтар мен жадынамалар жасау және басқалар. 
Курсты оқу барысында білім алушылардың жеке және топтық әлеуметтік, 
құқықтық, экологиялық проблемаларды өзектендіре отырып, зерттеу, 
практикаға бағытталған, шығармашылық, волонтерлік жобаларды орындауы 
ұсынылады. 
Педагогтерге әдістемелік қолдау ретінде курстың мақсаты, міндеттері, 
құрылымы, оқыту әдістемелері мен технологиялары, бағалау құралдары мен 
ресурстары сипатталған гайд әзірленді. Бұл материал «Жаһандық құзіреттер» 
курсының сабақтарын әрі қарай тәуел түрде шығармашылықпен дамыту үшін 
мұғалімге негіз және ұсыныс бола алады. 
Сабақтың форматын, мектептен тыс өткізу мүмкіндіктерін, жаңа 
технологияларды пайдалануды таңдау педагогке сабақтың тақырыбын, білім 
алушылардың жас ерекшеліктерін, олардың өмірі мен денсаулығының 
қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ескере отырып ұсынылады. 
Юнит тақырыптары бойынша әртүрлі ресурстарды пайдалану ұсынылады: 
1.
https://www.amnesty.org/en/documents/act30/2621/2015/en/
 
2.
https://schoolsonline.britishcouncil.org/classroom-resources/list/rivers-
world;http://www.riversoftheworld.org

3.
https://www.youtube.com/watch?v=UsV0BFUltvw&list=PLyjVMFi4TYVcp
W-fGY_V_EKQzki2UWyuN&index=2
 
4.
https://www.youtube.com/watch?v=W61g76UKdtA&list=PLyjVMFi4TYVcp
W-fGY_V_EKQzki2UWyuN&index=8
 
5.
https://www.youtube.com/watch?v=q4gGfzwLudg&list=PLyjVMFi4TYVcpW
-fGY_V_EKQzki2UWyuN&index=11 
6.
https://www.globalcitizen.org/en/
 
7.
https://www.youtube.com/watch?v=iixwiEBiJoI&list=PLyjVMFi4TYVcpW-
fGY_V_EKQzki2UWyuN&index=10 
8.
https://www.youtube.com/watch?v=LgQpKDgu2so&list=PLyjVMFi4TYVcp
W-fGY_V_EKQzki2UWyuN&index=3 
9.
http://www.schrockguide.net/uploads/3/9/2/2/392267/critical-thinking-
workbook
 


262 
10.
 
https://www.teachingenglish.org.uk/article/global-citizenship-english-
language-classroom
 
11.
https://www.youtube.com/watch?v=mJC8euBYDIk&list=PLyjVMFi4TYVcp
W-fGY_V_EKQzki2UWyuN&index=5 
12.
 
https://solutionfluency.com/en/downloadables/pbl-ideas-book
  
13.
 
https://solutionfluency.com/en/downloadables/sf-quickstart-skills-guide
  
14.
 
https://asiasociety.org/education/teaching-global-competence-rapidly-
changing-world
 
15.
 
http://www.oxfam.org.uk/education/teacher-support/tools-and-
guides/controversial-issues
  
16.
 
https://www.youtube.com/watch?v=DyM_sdX8znY&list=PLyjVMFi4TYVcp
W-fGY_V_EKQzki2UWyuN&index=24
  
17.
 
http://www.innovationunit.org/wp-content/uploads/2017/04/Work-That-
Matters-Teachers-Guide-to-Project-based-Learning.
 
18.
 
 
http://unesdoc.unesco.org/images/0019/001929/192971e

19.
 
https://www.youtube.com/watch?v=QvQMh5U9hb8&list=PLyjVMFi4TYVcp
W-fGY_V_EKQzki2UWyuN&index=21
 
20.
 
https://www.youtube.com/watch?v=n3dh6pCWYUc&list=PLyjVMFi4TYVcp
W-fGY_V_EKQzki2UWyuN&index=18
 и других. 
«Жаһандық құзыреттер» курсы бойынша ресурстарға сілтемелер 
педагогтарға арналған гайдта көрсетілетін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет