2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет16/181
Дата15.11.2022
өлшемі3,39 Mb.
#158292
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

 
 
1.7. Білім беру ресурстары: қайта басып шығарылған оқулықтар, оқу-
әдістемелік кешендер, цифрлық ресурстар мен ақпараттық жүйелер
2022-2023 оқу жылында қолданылатын оқулықтар мен оқу-әдістемелік 
құралдардың тізімі «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, 
мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-
әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 
мамырдағы № 216 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы 
Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы № 291 бұйрығымен 
бекітілген.
 
1.8. Білім беру ұйымдарын, басшыларын, педагогтерді аттестаттауды 
ұйымдастыру 
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен 
педагогтерін лауазымға тағайындау
«
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының 
бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан 
босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 Бұйрығына (ҚР Білім және ғылым 
министрінің 19.11.2021 № 568 және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 
министрінің 22.11.2021 № 432 бірлескен бұйрығымен өзгеріс енгізілген) сәйкес 
жүзеге асады. 
Конкурстық негізде жұмысқа қабылдау үшін күнтізбелік жылға 
конкурстық комиссия құрылады. Конкурсқа ҚР БҒМ-нің 2009 жылғы 13 
шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер ҚР Білім және ғылым 
министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығымен енгізілген) Педагог 
лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес www.enbek.kz 
сайтынан тіркеуден өткен және конкурсқа қажетті барлық құжаттарды ұсынған 
педагогтер қатыса алады.


28 
Конкурс 16 сағаттық
 
нормативтік оқу жүктемесімен педагогтің бос 
лауазымына өткізіледі. 
Ұлттық біліктілік тестісінен кемінде 50 балл жинаған техникалық және 
кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан 
кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық мамандықтары бойынша білім 
алушылары мен түлектеріне «педагог» біліктілік санаты беріледі. 
Техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары және/немесе жоғары оқу 
орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының «педагог» біліктілік санаты бар 
түлектері конкурс нәтижелері бойынша жұмысқа қабылданады. 
«Педагог мәртебесі туралы» және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне 
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңдарын іске асыру аясында 
педагогтің жүктемесі 16 сағатқа дейін төмендетілді. Бір пән бойынша бос 
лауазымның 16 сағатын педагогтер арасында бөліп беруге рұқсат етілмейді.
Қажет болған жағдайда оқу жылының басында бос лауазымға (16 сағат) 
қосымша педагог қабылданады. 
Мұғалімдердің оқу жүктемесін тарифтеу оқу процесін жоспарлаудың 
негізгі параметрі болып табылады.
Тарификациялау – мектеп педагогтерінің білім деңгейіне, біліктілігіне, 
орындалатын жұмыс көлеміне, сондай-ақ жұмыстың нәтижелілігі мен сапасына 
қарай оқу жүктемесін белгілеуге бағытталған іс-шаралар кешені.
Педагогті тарифтеу бойынша келесі жұмыс тәртібі ұсынылады: 

МЖМБС, мектептің жұмыс оқу жоспарына және сынып-комплектінің 
санына сәйкес әрбір пән бойынша оқу сағаттарын есептеу (директор және 
директордың орынбасары жүзеге асырады); 

Мұғалімдердің оқу жүктемесінің көлемі мектептің жұмыс оқу 
жоспарындағы сағаттар саны мен мектептің кадрлармен қамтамасыз етілуіне 
қарай айқындалады; 

Жұмыс оқу жоспары бойынша әрбір параллель сыныптардың сағат 
санын есептеу жүргізіледі. Сонымен бірге белгілі бір пәндер бойынша 
сыныптарды топтарға бөліп оқыту ескеріледі. Топтарға бөлу сыныптағы білім 
алушылардың санына қарай жүргізіледі; 

Әрбір мұғалімнің оқу жүктемесінің көлемі жұмыс оқу жоспарында 
белгіленген оқу қызметінің түрлері (вариативтік компоненттер) бойынша 
белгіленеді; 

Сағаттардың санын есептегеннен кейін педагогтердің жүктемелері мен 
бақылау табелі анықталады;

Әрбір мұғалімнің оқу жүктемесі оның сыныптарда пәндерді оқыту 
сабақтастығын, оқыту сапасы мен кадрлармен қамтамасыз етілуін ескере 
отырып, алдын ала жеке әңгімелесу арқылы (директордың орынбасары, 
әдістемелік бірлестіктердің басшылары) айқындалады; 

Жиынтық тарифтеу тізімі келесі міндетті мәліметтерді қамтиды: 
мұғалімнің аты-жөні; лауазымы; білім деңгейі; жүктеме көлемі – апталық жалпы 
сағат саны; қосымша жұмыс түрлері үшін төленетін қосымша ақылар; тұрақты 
жеке үстемемақылар (магистрлік, тәлімгерлік үшін және т.б.). 


29 
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар 
– ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауында берілген тапсырмасын 
орындау мақсатында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет