32
Комиссияның шешімі комиссияның бірінші басшының портфолиосын
қарауын ескере отырып, осы білім беру ұйымында лауазымға тағайындалған
күннен бастап 4 (төрт) жыл атқарып отырған лауазымдағы бірінші басшы үшін
қабылданады. Комиссия ротация туралы шешім
қабылдайды немесе бірінші
басшы еңбек шарты шеңберінде жұмысын жалғастырады.
Бұл ретте бірінші басшының бір білім беру ұйымында атқаратын
лауазымында болуының рұқсат етілген ең ұзақ мерзімі 7 (жеті) жылдан
аспайды. Атқаратын лауазымында жеті және одан да көп жыл болған бірінші
басшылар ротациялауға жатады.
Ротация жүргізу шарттары:
−
ротацияны облыстардың және Республикалық маңызы бар қалалардың
білім басқармалары жүргізеді;
−
ротация бір елді мекен шегінде жүргізіледі;
−
ротация бір типтегі ұйымдардың басшылары арасында жүргізіледі;
−
ротация кезінде Бірінші басшылардың біліктілік санаты, яғни ол үшін
алынатын қосымша ақы оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.
1.10. Орта білім беру ұйымдарын жан басына қаржыландыру
Мемлекеттік мектептерді жан басына қаржыландыру төмендегі
нормативтік-құқықтық құжаттармен негізделеді:
1. «Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта,
техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту
технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27
қарашадағы № 596 бұйрығы.
2. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту
технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім
берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27
қарашадағы № 597 бұйрығы (өзгерістер ҚР Білім және ғылым министрінің м.а.
2020 жылғы 29 қаңтардағы № 41 бұйрығымен енгізілген).
3. «Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру іске асырылатын
білім беру ұйымдарының типтері мен түрлерінің тізбесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27
қыркүйектегі № 503 бұйрығы.
4. «Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта
білім беру ұйымдарын шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік
кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанына қайта ұйымдастыру үшін
өлшемшарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 502 бұйрығы.
5. «Жеке меншік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік
білім беру тапсырысын, оқу үшін ата-ананың ақы төлеу шекті мөлшерін бекіту
33
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22
қаңтардағы № 29 бұйрығы.
6. «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі
бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе)
жоғары оқу орнынан кейінгі
білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне, сондай-ақ Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге және Балаларға қосымша білім беруге
мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29
қаңтардағы № 122 бұйрығы.
Мемлекеттік мектептерді жан басына қаржыландыру жүзеге асыру туралы
әдістемелік ұсынымдармен ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» ресми сайтынан таныса
аласыздар:
https://pnf.kz/
Достарыңызбен бөлісу: