Реферат
Тақырыбы: Бандминтон және Теннис
Орындаған: Нұржанқызы Зәузәт
Тексерген:Саймасаев Ұлан Айдарханұлы
Топ :БТ 20-12
Бадминтон
Бадминтон – воланмен және ракеткамен ойналатын спорт түрі. Бадминтон ойналатын алаңның ұзындығы 13,4 м, ені 6,1 м, дәл ортасынан қақ бөліп тұратын торының биіктігі 1,55 м. Бадминтон ойыны алғаш Үндістанда пайда болып, 19 ғасырдың 2-жартысында Ұлфбританияға ауысты. 1872 жылы Бадминтон қаласында (аты осыдан шыққан) алғашқы жарыс ұйымдастырылды. 1934 жылы құрылған Халықаралық бадминтон федерациясына қазір сексеннен астам ел (1997) мүше. 1968 жылдан бастап Еуропа, ал 1997 жылдан дүние жүзі чемпионаттары өткізіліп келеді. Олимпиада ойындары бағдарламасына 1992 жылы енгізілген. Қазақстанда бадминтон спорты 1964 жылдан дами бастады.
Әлемге таралған белгілі бірнеше спорт ойындары бар. Белгісізі қаншама...Кең таралған ойындардың бірі – бадминтон. Бұл ерте кезден бері халық арасына кең тараған ойындардың бірі. Әуелде бұл ойын француздардың "ұшпа" деген мағынаны білдіретін "волан" сөзімен аталған.
О баста шығыс елдерінде пайда болған. Ал оны бір ағылшын герцогы Үндістанға барып қайтқан сапарында Европаға алып келген. Герцогтың иелігі Бадминтон қаласына таяу жерде болған. Сол себепті де ойын бадминтон аталып кеткен.
Бадминтон теннис ойынына ұқсас болып келеді. Бұл да тегіс, жазық алаңда ойналады. Бадминтон ракеткасы теннистікінен 2-3 есе жеңіл болады. Қарсыластар арасын 155 см биіктікке керілген тор бөліп тұрады. Қос-қостан ойналатын болса, алаң 13,4 х 6,1 м, ал бір ойыншыдан болғанда 13,4 х 5,2 м болуға тиіс.
Ойнаған кезде қарсыластар воланды бір-біріне әуелете соғады да, жерге түсірмеуге тырысады. Бір қарағанда воллейбол ойынына ұқсас. Ойын 3 не 5 партиядан тұрады, есеп 15 ұпай алғанға дейін созылады. Әйелдер мен балалар 11 ұпайға жеткенге дейін ойнайды.
Бұрынғы кезде волан орнына әуеде қалқу үшін қаздың 16 қауырсыны қадалған тығын доп пайдаланылған. Қазір бадминтон воланын пластмассадан өте кішкентай етіп себетше түрінде жасайды.
Жақсы ойыншы воланды қайыра соққанда, ол бірде жайлап қалқи ұшса, енді бірде сенің күтпеген, ойламаған жағыңнан топ ете түседі. Бұл ойын шапшаңдықты қажет етеді. Ол сондықтан да қызу әрі тез ойналады. Бадминтонды кез келген алаңқайда, көгалда, жағажайда ойнауға болады.
Теннис
Теннис - бірге бір (жекелей сын) немесе екіге екі ойналатын (жұптық ойын) спорт түрі.
Теннис алаңының өлшемі.
Тарихы
13-14 ғасырда Италия, Франция мен Англия тұрғындары себет арқылы допты алақандарымен лақтырып теннис ойнаған. 16 ғасырдың бас кезінен бастап ракетка қолданысқа енгізілген.
Ал, қазіргі қолданыстағы теннистың тарихы 1873 жылдан Ұлыбританияда басталды. 1874 жылы британ әскери бөлімінің офицері Уолтер Уингфилд теннистің жүйесін жинақтап, ойынның шарттарын жарыққа шығарды. Ағылшындық Уингфилд ойлап тапқан әлгі ойынға «сферистик» деген ұғым берді. 1875 жылы аталмыш ережелер «лаун-теннис» деп аталды.
Кішкентай ғана допты сетка арқылы лақтыру ойыны антикалық кезеңде алғаш рет Ежелгі Грекия, Ежелгі Мысыр елінде дамыған. Ғасырдың орта шенінде Еуропа халқы тенниске ұқсас ойынды санаға сіңірді. Ойын "филд-теннис", "корт-теннис", сондай-ақ "лонг-пом" және "курт-пом" деген атпен Франция, Испания мен Италияға аса қарқынды дами берді. Бүгінде әлемде теннисті танымайтын ел жоқ. Ірі халықаралық турнирлерге халық жаппай жиналады. Халықаралық ірі турнир біріншілігі Аустралия, Франция, Англия мен АҚШ та үнемі өтіп тұрады. 1877 жылдан бастап Уимблдонда теннистің алғашқы турнирі өтті.
ХІХ-XX әлемнің әр түкпіріне етене танылды. 1913 жылы құрылған Халықаралық теннис федерациясы ITF (International Tennis Federation) 1977 жылға дейін «Лаун-теннис халықаралық федерациясы» ILTF (International Lawn-Tennis Federation) деген дәрежені иеленді. Бұл 1998 жылы өз қанатына 190 ұлттық федерацияны топтастырды.
Теннис Олимпиада ойындары бағдарламасына 1896 жылы енгізілді. 1896 жылы ерлер арасында біріншілік ұйымдастырылса, 1900 жылдан бері әйелдер арасында жарыс үздіксіз өткізілуде. Алайда, 1928 жылы теннис спорт ретінде Халықаралық олимпиада комитеті бағдарламасынан аластатылып, тек олимпиада ойындары қатарына қосылды.
Тек 1968 жылы ғана Мехикода өткен XIX олимпиада ойындарына теннис турнирі көрсеткішке ілікті.
1977 жылы халықаралық олимпиада комитеті Прагада өткен 79-сессиясында ITF халықаралық теннис федерациясын Олимпиада хартиясының талаптарына сай келетін жетекші спорт түрі деп мойындады. Алайда, бұл жеткіліксіз деп есептелінді.
1980 жылы Мәскеуде ұйымдастырылған XXII олимпиадасында теннис жарысы тізімге ілікпеді. 1984 жылы Лос-Анжелестегі XXIII олимпиада ойындарында теннис бәсекесі көрсетілді.
Теннис ойыны тек қана 1988 жылы XXIV олимпиадасында олимпиада ойындарының ресми бағдарламасынан 64 жылдық үзілістен кейін қайта орын алды. Олимпиада турниріне ресми команда құрамында өз елінің намысын Дэвис пен Федерация Кубогында өнер көрсетіп, шебер спортшылар ғана жіберіледі.
Теннис ойынына керекті құралдар
Ракетканың ұзындығы 81,3 см-ден аспауы керек. Ал ені болса 31,75 см-ден аспауы керек.
Доптың түсі ақ немесе сары түсті болады. Доптың салмағы 56,7 – 58,5 г болуы керек.
Теннис ойнайтын корт шөппен жабылған немесе асфальтталған болады. Теннис алаңының ұзындығы - 23,77 метр, ал ені – 8,23 метр.
Достарыңызбен бөлісу: |