2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет21/181
Дата15.11.2022
өлшемі3,39 Mb.
#158292
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

1 қыркүйек Білім күнін 
және
«
Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық
» тақырыбында 
бірыңғай сынып сағатын өткізу 
Тұжырымдамасы. 
Қыркүйектің бірінші күні білім беру ұйымдарында білім күніне арналған 
салтанатты жиын өтеді. 


35 
Өңірлік білім басқармалары жаңа 2022-2023 оқу жылын жариялайтын іс-
шараның жоғары идеялық-құндылықтық мазмұнын қамтамасыз ету мақсатында 
қажетті іс-қимылдарды үйлестіреді.
Білім беру ұйымдары оған бүкіл мектеп қоғамдастығының қатысуын 
қамтамасыз етеді.
Салтанатты жиын және алғашқы сынып сағаты
бұл мектепте жаңа оқу 
жылының ашылуына арналған әрі білім берудің адам өміріндегі маңызы мен 
рөлін айқындайтын іс-шаралар болып табылады. 
Салтанатты жиынды өткізу түрін, қатысушылар құрамын білім беру 
ұйымдары дербес айқындайды.
Мемлекеттік туды алып шығу және гимнді орындау Қазақстан 
Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану тәртібіне сәйкес 
жүргізіледі 
1
.
Салтанатты іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының басталуы 
қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас 
қалыптастыру. 
Міндеттері: 
- қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету;
- білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген 
ұмтылысын қалыптастыру; 
- білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана 
құндылықтарын дарыту;
- өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін 
қалыптастыру.
Салтанатты жиынға келесі өкілдердің қатысуы ұсынылады:
- аудан/қала/облыс әкімдері;
- бөлімдердің/білім басқармаларының басшылары; 
- қамқоршылық кеңесінің мүшесі; 
- 1-сынып оқушысының ата-анасы/заңды өкілі. 
Бірінші сынып оқушыларының ата-аналарының/заңды өкілдерінің бірінің 
іс-шараларға қатысуының маңыздылығына назар аударамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет