120
8. «Эссе, оның түрлері, бағалауға қойылатын талаптары, өлшемдері».
Негіздемесі: оқушы өз ойын, танымы мен парасатын, көзқарасын жинақы түрде
жеткізе алатын дәрежеге жетеді, сыни ойлауы дамиды, өз ойын еркін жеткізуге,
дәлелдер мен аргументтер арқылы өз пікірін ашық айтуға дағдыланады, өзіндік
көзқарасы, позициясы айқындалып өмірде жеке тұлға ретінде қалыптасады,
шығармашылығы дамиды.
9. «Көркем мәтін оқу»
.
Негіздемесі: көркем шығарманы құштарлықпен оқу
талабына сай оқушыларды әдеби шығарма оқуға баулу, көркем шығармаға
талдау жасау жолдарын меңгерту.
10. «Ғабит Мүсірепов шығармаларын сатылай кешенді талдау»
(8-сынып)
.
Негіздемесі: аса көрнекті қазақ жазушыларының бірі Ғ. Мүсіреповтің
әңгімелерін «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы
арқылы талдай отырып,
шындық, әділет үшін күресте өзінің ұлылығын айқын сезінетін, айбатты
күрескер, өршіл, өжет ананың типтік образдарын талдай алу. Шығармалардың
мазмұндық желісін тақырыбына сай талдау жасау арқылы оқушының ойлау
қабілетін арттыру, эстетикалық сезімін ояту, әдеби талдаулар арқылы оқушының
тілін дамытып,
сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өздігінен іздену және өзіндік
ой-тұжырым жасауға, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту, ізденімпаздық ой-
өрісін дамыту, сөздік қорларын бағалау.
6. Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын
әдістемелік тақырыптар
Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні
мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас
мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық
топ және т.б.) бойынша ұсынылатын тақырыптар:
1. Оқу бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау мен критериалды
бағалау;
2. Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау.
3. Рефлексия – білім сапасының негізі;
4. Оқу мақсаттары бойынша
теориялық семинар;
5. Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі;
6. Оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарына шығу жолдары;
7. Қазақ әдебиеті сабағында қолданылатын жаңа контенттер;
8. Цифрлық білім беру ортасындағы заманауи оқыту құралдары;
9. Пәнішілік және пәнаралық байланыс;
10. АКТ-ны пайдаланудың тиімді жолдары;
11. Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру;
13. «Эссе жазу стратегиясы»;
14. Білім беруде қолданылатын цифрлық
технологиялардың тиімділігі;
15. Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдіс-
тәсілдері.