2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет73/181
Дата15.11.2022
өлшемі3,39 Mb.
#158292
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   181
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ

«Қазақ әдебиеті» пәнінен оқушыларды кітап оқуға баулу, сөйлеу тілін дамыту 
мақсатында тоқсандық және жазғы демалыс кездерінде оқитын оқу бағдарламасына 
қосымша көркем шығармалардың тізімі ұсынылады (nao.kz). 
Көркем шығармалардың тізімі оқушылардың жас ерекшелігі мен келесі 
сыныпта оқылатын және оқулықта үзіндісі ғана берілетін шығармалар ескеріліп 
жасалды. Жаңа оқу жылының басында жазда оқыған шығармалары бойынша 
«Оқушы күнделігі», «Мен оқыған кітап»
және т.б. тақырыптарда көрме өткізуге 
болады. Көрмеге әр оқушы өзі оқыған туынды бойынша шығармашылық 
жұмысын ұсынады. Жұмыс фотоколлаж, эссе, жарнама, сурет т.с.с. түрде 
жасалуы мүмкін. Оқушылардың жұмысын арнайы сарапшылар талдап, 
қорытындысын шығарады.
«Оқырман күнделігі» тақырыбындағы іс-шарада оқушы оқыған 
шығарманың мазмұнын сұрақ қою; тірек сөздерді жазу; оқиғаның түйінін жазу; 
оқиғаны суретке түсіру түрінде дәптерге түсіреді. 
7. Пәнді оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру 
Пән мазмұны адамзаттық өркениетке бет түзеген егемен елдің мүддесіне 
сай асқақ руханият пен мәдени-эстетикалық мұраны игеру мен дамыту 
бағдарында терең танып білу және қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында белсенді, 
халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық 
құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін жан-жақты дамыған, өзіндік 
көзқарасы қалыптасқан дара тұлға қалыптастыру мақсатына жұмылдырылады.
Қазақ әдебиеті пәнінің оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы рөлі аса 
ауқымды. Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы – ұлттық және 
жалпыадамзаттық құндылықтар. Сондықтан «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша 
«Рухани жаңғыру» идеясы негіздерінің құндылықтарын «Елдіктің жеті тұғыры» 
қағидаларын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыру ұсынылады. 
«Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарын:
«Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық» принципі 
бойынша пән мазмұнындағы ел тәуелсіздігі жолындағы күрестер тарихы арқылы 
тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді қадірлеу, оны 
көздің қарашығындай қорғауға;
«Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры» принципі (Қазақстан 
халқы Ассамблеясы тақырыбы аясында) бойынша халқымыздың бірлігі пен 
этносаралық татулығын сақтауға; Конституцияны қастерлеу, мемлекеттік тілді 
білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге; 
«Жер – ата-баба мұрасы, халық қазынасы» принципі бойынша ел мен 
жерді қорғау үшін болған тарихымыздағы соғыстарды зерделеу арқылы ата-баба 
аманатына адал болып, ұлан-ғайыр жерімізді қорғауға; 
«Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі» принципі бойынша. 
ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарды, үлкенге – ізет, кішіге – құрмет 
көрсетуді дәріптейтін ата дәстүрімізді берік ұстануға; 


122 
«Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі» принципі бойынша тарихты 
білу, мәдени құндылықтарды тану, мәдениетімізді зерделеп, өзге жұртқа 
насихаттай білуге;
«Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті» принципі бойынша табыстың 
кілті ретінде үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуге; 
«Прагматизм – бәсекеге қабілетті болудың кепілі» принципі бойынша 
білім алушыларды барынша қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты 
орынды пайдалануға тәрбиелеуді пән мазмұнында қамтылған тақырыптарды 
меңгертуде жүзеге асыру ұсынылады. 
Бұл білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық 
жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады.
Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани 
жаңғыру» 
бағдарламасын 
іске 
асыру 
жағдайындағы 
Тәрбиенің 
тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес жүзеге асырылады. 
«Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық 
тәрбие»
бағыты білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, 
құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас бостандығы мен ар-намысының 
құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, толеранттылықты, еңбекке деген 
құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады, зорлық-зомбылық пен 
агрессиялық ой-пиғылдың, әртүрлі типтегі кемсітушіліктің алдын алуды 
қарастырады.
Оқыту процесіндегі «Қазақ әдебиеті» пәнінің тәрбиелік әлеуетін арттыру 
үшін 
«Оқуға құштар мектеп», «Тарих тағылымы», «Қазақ мәдениетінің 
антологиясы»
әлеуметтік жобалары, 
«Қазақстанның қасиетті рухани 
құндылықтары», «Ұлы дала мұрагерлері»
жобасын, 
«Тәуелсіздік бәрінен 
қымбат»
атты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт 
Тоқаевтың мақаласын іске асыруды жалғастыру ұсынылады. 
«Оқуға құштар мектеп» жобасы білім алушылардың, кітапханашылардың, 
ата-аналардың арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу 
мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған. Жоба 
аясында отбасылық оқудың жарқын дәстүрлерін жаңғырту, оқушылардың оқу 
сауаттылығын арттыру, кітапхана қорын көркем әдебиетпен толықтыру 
мақсатында мектеп жанындағы кітапханалар қажетті көркем әдебиеттермен 
толық қамтамасыз етіледі. Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу 
құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болып отыр.
Білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында 
«Кітап әуесқойы», 
«Өзің оқып, өзгеге ұсын», «Оқы және өзгеге сыйла»
және т.б. акциялар өткізу 
ұсынылады.
«Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстар мен тәрбиелік іс-
шараларды жоспарлау және ұйымдастыру кезінде 2022-2023 оқу жылында аталып 
өтілетін мерейтойлық күнтізбелік күндерге назар аударуды ұсынамыз: 
1. Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына – 355 жыл; 


123 
2. Дулат Бабатайұлының туғанына – 220 жыл; 
3. Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл; 
4. Мұхтар Әуезовтің туғанына – 125 жыл; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   181




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет